Мектеп паспорты
Қазіргі уақытта мектепте 500-ден аса оқушы білім алуда
Оқушылардың жасы 6 және 17 аралығында
Мектепте 8 бөлім бар:
- арнайы фортепиано бөлімі
- ішек-ысқымен ойналатын аспаптар бөлімі
- қазақ халық аспаптарының бөлімі
- орыс халық аспаптарының бөлімі
- соқпалы-үрмелі аспаптар бөлімі
- жеке, ансамбльдік ән бөлімі
- хор сыныбы
- музыка теориясы бөлімі
Оқыту 17 мамандық бойынша жүргізіледі:
- фортепиано,
- скрипка,
- виолончель,
- домбыра,
- қобыз,
- баян,
- аккордеон,
- домра,
- гитара,
- флейта,
- кларнет,
- саксафон,
- труба,
- ксилофон, соқпалы қондырғы,
- клавишті синтезатор,
- жеке ансамбльдік ән бөлімі,
- хор сыныбы.
Оқушылар мамандық бойынша жеке сабақтармен қатар, теориялық цикл пәндерінен де білім алады. Бұл сольфеджио, музыкалық әдебиет, музыканың қарапайым теориясы, музыка шығармаларының талдауы, музыка уақытының негіздері, этносольфеджио және т.б. бұл пәндер бойынша оқытудың негізгі нысаны – топпен сабақ. Балалар музыкамен әуестенудің ұжымдық нысаны жағдайында (хор, ансамбль, қазақ халық аспаптарының оркестрі) шығармашылық жағынан өзін-өзі жетілдіру және ойын айтуға мүмкіндік алып, бұдан әрі әуесқойлық музыка ұжымдарына қатысу үшін бітірушілерге қажетті бірлесе орындауға, іскерлікке дағдыланады.
Мектепте шығармашыл ұжым құрылған:
• қазақ халық аспаптары оркестрі
• орыс халық аспаптары оркестрі
• бастауыш сыныптарының хоры
• орта буын сыныптарының хоры
• жоғары сынып хоры
• ер балалар хоры
• қазақ аспаптары ансамблі
• скрипкашылар ансамблі
• саксафоншылар ансамблі
• ұрмалы аспаптар ансамблі
• музыкамен ұжым болып әуестенудің ұсақ топтар нысаны
Шығармашылық дағдыларды дамыту мақсатында № 1 балалар музыка мектебі шығармашылық шеберлікті таратуды қолға алды. Бұл композиция, музыкалық-сахналық факультативтер, жоғары сынып оқушыларына арналған «Музыкалық қонақ жай» қызықты кездесулер клубы және т.б. оқушының мүмкіндіктерін дамыту үшін кең таңдауды ұсынатын факультативтер.
Білім беру доминанттары:
• музыкалық аспапты игерудің тәжірибелік дағдыларына оқыту; (мамандық)
• нота бойынша ән айту дағдыларына, музыкалық сауаттылықтың теориялық және тәжірибелік негіздеріне оқыту; (сольфеджио, музыка теориясы)
• «Балалар музыка мектебіндегі музыкалық әдебиет» курсы шеңберінде көркем-эстетикалық тәрбие және оқыту;
• ұжымдық оқытудың нысандары және дағдыларын қалыптастыру (ұжымдық музыкамен әуестену);
• оқушының өз ойын білдіру қажеттілігі және шығармашылық мүмкіндігін тәжірибеде іске асыру (таңдау бойынша пән).