Сенім телефоны
87054003418
email: sosh18@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Я. Геринг к, 79
8 7182 515908, 8 7182 516131
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бергузинова Г.Ж. - сәрсенбі 15.00 сағ. 17.00 сағ.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу нұсқаулығы -2018

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК-ы директорының 201_ жылғы______ № __бұйрығымен бекітілген

 

Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу нұсқаулығы

 

1. Жалпы ережелер

 

  1. Ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі - ҰБТ) ұйымдастыру және өткізу келесі кезеңдерді қамтиды:
  2. ҰБТ өткізу пункті» деректер базасын қалыптастыру;
  3. «Талапкер» деректер базасын қалыптастыру;
  4. тестілеу өткізуге дайындық;
  5. тестілеуді өткізу;
  6. апелляция өткізу;
  7. сертификаттарды басу шығару және тарату;
  8. жұмыс бойынша есеп дайындау.
  9. Осы нұсқаулық ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу бойынша төменде аталғандардың іс-әрекеттері мен негізгі функцияларын анықтайды:
  10.  Ұлттық тестілеу орталығының (бұдан әрі– ҰТО);
  11.  ҰТО филиалының жетекшісінің (ҰБТ өткізу пункті) (бұдан әрі– ҰБТ өткізу пункітінің жетекшісі);
  12. ҰТО филиалының сарапшысының(ҰБТ өткізу пункті) (бұдан әрі– ҰБТ өткізу пункітінің сарапшысы);
  13. Мектеп бойынша жауаптының (бұдан әрі – техникалық хатшы);  
  14. Білім және ғылым министрлігі өкілінің(бұдан әрі – Министрлік өкілі);
  15. Білім және ғылым министрлігінің программисінің(бұдан әрі - Министрлік программисі);
  16. ҰБТӨП-гіапелляциялық комиссияның төрағасының;
  17.  Білім және ғылым министрлігі өкілдері тобының жетекшісінің  (бұдан әрі – Министрлік өкілітобының жетекшісі);
  18.  ҰБТӨП-гі техникалық құралдардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін техникалық қызметкердің (бұдан әрі – техникалық қызметкер).
  19. ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу бойынша жоғарыда көрсетілген тұлғалар өз қызметінде2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы»,2002 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», 1999 жылғы 15наурыздағы «Мемлекеттік құпиялар туралы», 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 Қаулысымен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар), Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидалары (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі 15173 нөмірмен тіркелген)(бұдан әрі – Қағидалар) осы Нұсқаулықты басшылыққа алады.

 

2. ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу

 

  1. Тестілеуді ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстар тармағына сәйкес барлық қатысушылардың: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік), Жоғары және жоғары орнынан кейінгі білім департаменті (бұдан әрі - ЖЖОКБД), Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті (бұдан әрі - ҰҚКД), Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – ҰТО), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - БҒСБК), ҰБТ өткізу пункттерінің жетекшілері мен сарапшылары (бұдан әрі – ҰБТӨП), мемлекеттік комиссия, Министрлігі өкілдері, апелляциялық комиссияның төрағасы, Министрлік программистері мен техникалық қызметкерлері, Республикалық аппеляциялық комиссия және ҰБТӨП-тегі аппеляциялық комиссия, облыстық,  Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің бірлесіп атқаратын жұмыстарын қарастырады.
  2. ҰТО Министрлік өкілдеріне, программистері мен техникалық қызметкерлеріне, мемлекеттік комиссия мүшелеріне ҰБТ өткізу технологиясы бойынша оқыту семинарларын өткізеді.
  3. ҰТО тестілеуге енгізілген өзгерістерге сәйкес келесі автоматтандырылған жұмыс орындарын (бұдан әрі - АЖО) бейімдеп, әзірлейді және оны электрондық тасымалдағыш немесе телекоммуникациялық желі арқылы ҰБТӨП-ке жібереді:

«ҰБТӨП базасы» АЖО-сы аудиториялық қорлар және олардың жабдықталуы, оқушылар саны, ҰБТӨП-ке тіркелген оқу орындары, ҰБТӨП-ке дейінгі арақашықтық, бітірушілерді ҰБТӨП-ке тасымалдау тәсілі, мектептерді лектер бойынша бөлу жөніндегі мәліметтерді қамтиды;

«Өтініштер ҰБТ» АЖО-сы ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірген түсушілер туралы мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі – аты-жөні), білім беру ұйымы туралы, оқыту тілі,  Жекесәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН)) түсушілерді тіркеу туралы анықтама және рұқсаттама беру, осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түсушілерді аудиториялар бойынша бөлу осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, жинақтау үшін қызмет етеді;

«Сканерді тексеру» АЖО-сы сканердің жұмыс істеуін тексеру мақсатында жауап парағының сынама түрін сканерлеу;

«Министрлік программисі» АЖО-сы тестілеу нәтижелерін өңдеу, Осы Нұсқаулықтың 3,4-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша апелляцияға өтініштерді және олардың шешімін енгізу,  емтихан ведомостарын апелляция қорытындысын есепке алмаған және алынған кездегі шығару үшін қызмет етеді;

«Сертификат» АЖО-сы ҰБТ нәтижесі туралы сертификаттарды, түсушінің аты-жөнін, пән бойынша жинаған балдарын және сертификаттың сериясы мен типографиялық нөмірін көрсете отырып, ресімдеу үшін қызмет етеді.

  1. ҰБТӨП-те «ҰБТӨП базасы» АЖО-сын орнату және толтыру осы Нұсқаулықтың 14 Тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. ҰБТӨП-те «Өтініштер ҰБТ» АЖО-сы орнатылады және ҰБТ өткізу пунктінің жетекшісімен тестілеуге өтініштерді қабылдау бойынша жұмыстар ұйымдастырылады.
  3. Түсуші ҰБТ-ға қатысу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2007 жылдың 23 қазандағы № 502 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 нөмірімен тіркелген) үлгідегі бланкіде өтініш береді.
  4. Техникалық хатшы түсушілерден өтініштерді қабылдауды жүзеге асырады және сканерлеу үшін ҰБТӨП-ке толтырылған бланкілерді жеткізеді.
  5. ҰБТӨП-те «Талапкер» деректер базасын (бұдан әрі - ДБ) құру үшін «Өтініштер ҰБТ» бланкілерін (бұдан әрі - өтініш бланкілері) сканерлеу жүргізіледі.
  6. ҰБТӨП сарапшысы күнсайын сағат 16.00-ге дейін ҰТО-ға телекоммуникация желісі бойынша ҰБТӨП көлемінде өтініштерді қабылдау барысы туралы статистикалық мәліметтерді жібереді, республика бойынша тестілеуге өтініштер қабылдау барысы туралы статистикалық мәліметтер қалыптасады.
  7. Қағидаларда белгіленген мерзімде, жұмыс күнінің соңына дейін (18.00 жергілікті уақыт) ҰБТӨП-те «Өтініштер ҰБТ» АЖО мен осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініштерді тіркеу журналын жабу жүргізіледі.
  8. «Талапкер» ДБ жабылған соң түсушілерді аудиториялар бойынша бөлу жүргізіледі, түсушілерге мектепте рәсімделетін емтиханға рұқсаттамалар басып шығарылып және осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рұқсаттамалар беру тізілімі беріледі
  9. Қағидаларда белгіленген мерзімде тестілеудің барлық қатысушыларымен бірлесіп ҰБТ өткізеді. Тестілеу басталғанға дейін ғимараттың дайындалуы, тестілеуге арналған аудиториялар тексеріледі және осы Нұсқаулықтың 7 және 8-қосымшаларына сәйкес тиісті актілер жасалады.
  10. Тестілеу аяқталғаннан кейін нәтижелерін өңдеу, осы Нұсқаулықтың  9-қосымшасына сәйкес дұрыс жауаптар кодытары мен апелляциясыз ҰБТ-ның емтихан ведомостарын ілу жүргізіледі.
  11. Апеллцияға өтініштер қабылдау Қағидалардың 80, 81, 82, 83,  84, 85, 86, 87, 88,89-тармақтарына және Осы Нұсқаулықтың 34-тарауына сәйкес жүргізіледі.
  12. Апелляция аяқталғаннан кейін апелляция есепке алынған ҰБТ ведомостері беріледі.
  13. ҰБТ өткізу кезінде мәліметтерді күн сайын ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы жіберу жүзеге асырылады.
  14. ҰБТ қорытындысы бойынша осы Нұсқаулықтың 41-тарауына сәйкес сертификаттарды дайындау және беру жүзеге асырылады.
  15. Министрлік өкілдері атқарылған жұмыстары жөнінде осы Нұсқаулықтың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша есептерін қағаз және электрондық тасымалдағышта ҰТО-ға тапсырады.

 

3. ҰТО функциясы

 

  1. ҰБТӨП  базасын қалыптастыру кезеңінде:
  2. ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу бойынша ҰБТӨП жетекшісі мен сарапшыларын оқытуды ұйымдастыру және өткізу; 
  3. «ҰБТӨП базасы» ДБ-сын қалыптастыру үшін ҰБТӨП жетекшілері мен сарапшыларын қажетті құжаттармен қамтамасыз ету;
  4. «ҰБТӨП базасы» АЖО-сын бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, орнату мен алып жүруді ұйымдастыру;
  5.  телекоммуникациялық желі арқылы «ҰБТӨП базасы» деректерін жинау.
  6. «Талапкер» деректер базасын қалыптастыру кезеңінде:
  7. «Талапкер» ДБ қалыптастыру үшінҰБТӨП-терді келесі құжаттармен қамтамасыз ету:
  8. өтініш бланкілері;
  9. орта мектептер, кәсіптік мектептер (лицейлер) және колледждер, ұлттар, азаматтық, облыстар мен аудандар анықтамалықтары (бұдан әрі – ақпараттық анықтамалық);
  10. емтихан материалдарымен жұмыс істеу, апелляцияға өтініштер беру және қарау процедурасы бойынша түсушілер мен ата-аналарға арналған жадынамаларды (бұдан әрі - жадынамалар);
  11. «Өтініштер ҰБТ» АЖО-сын әзірлеу, оны орнату мен алып жүруді ұйымдастыру;
  12. ҰБТӨП-те өтініштер бланкілерін сканерлеу процесін бақылау;
  13. ҰБТ-ға қатысатын түсушілердің саны туралы күнделікті статистикалық деректерді жинау және қалыптастыру;
  14. «Өтініш қабылдау ҰБТ» АЖО жабуды ұйымдастыру;
  15. түсушілерді аудитория бойынша бөлуді ұйымдастыру;
  16. ҰБТ-ға қатысатын түсушілердің саны туралы қорытынды статистикалық деректерді жинау және қалыптастыру.
  17. Тестілеу өткізуге дайындық кезеңінде:
  18.  Министрлік өкілдері мен программистері, техникалық қызметкерлердің, апелляциялық комиссия төрағаларының ДБ жасау;
  19.  Министрлікпенбірлесіп ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөнінде Министрлік өкілдері мен программистерін, техникалық қызметкерлерді, апелляциялық комиссия төрағаларын оқытуды ұйымдастыру және өткізу;
  20.  емтихан материалдарын дайындап, ҰБТӨП-ке жіберу;
  21.  Министрлік өкілдері мен программистерін, техникалық қызметшілерді, апелляциялық комиссияның төрағаларын нормативтік құқықтық актілермен, сертификаттармен және «Министрлік программисі», «Сканерді тексеру», «Сертификат» АЖО-ларының бағдарламаларымен қамтамасыз ету;
  22.  Министрлік өкілдері мен программистерін, техникалық қызметкерлерді, апелляциялық комиссияның төрағаларын ҰБТӨП-ке жіберу;
  23.  Тестілеуді өткізу кезеңінде:
  24. ҰБТ-ның өтуін бақылау;
  25. нұсқалар файлы мен дұрыс жауаптар кодын қалыптастыру және телекоммуникациялық желі арқылы ҰБТӨП-ке жіберу;
  26. дұрыс жауаптар кодын ашуға арналған парольдарды беру;
  27.  телекоммуникациялық желі арқылы апелляция есепке алынбаған статистикалық деректерді жинау.
  28.  Апелляция өткізу кезеңінде:
  29.  Республикалық апелляциялық комиссияның (бұдан әрі – Республикалық комиссия) жұмысы үшін жағдай жасау;
  30. телекоммуникациялық желі арқылыапелляциялық комиссиялардан республикалық комиссияға өтініштерді қабылдау;
  31.  телекоммуникациялық желі арқылы республикалық комиссияның шешімдерін ҰБТӨП-ке жіберу;
  32.  телекоммуникациялық желі арқылы апелляцияны есепке алынған статистикалық деректерді жинау.
  33.  Сертификаттарды басып шығару және беру кезеңінде:
  34.  «Сертификат» АЖО-сы бағдарламалық қамтамасыз етуді алып жүру.
  35.  телекоммуникациялық желі арқылы ҰБТӨП-тен қорытынды файлды алу.
  36.  ҰБТ қорытындысы бойынша Министрлік өкілдерінің есептерін жинап, талдау жасау.

 

4. ҰБТӨП  жетекшісінің  функциялары

 

  1. «ҰБТӨП базасы» базасын қалыптастыру кезеңінде:
  2. ҰБТӨП-тің техникалық жабдықтарының жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
  3. ҰБТӨП базасын құру бойынша жұмыстарға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды ұйымдастыру;
  4. ҰБТӨП базасын қалыптастыру жөніндегі ақпараттарды енгізуді бақылау;
  5. жергілікті білім басқармасының ұйымдарымен немесе базасында ҰБТӨП орналасқан жоғары оқу орнының басшылармен және ҰТО-мен аудиториялық қорды, тестілеуді өткізу кестесін жоспарлау және келісу;
  6. «ҰБТӨП базасы» деректерін ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы жіберуді ұйымдастыру.
  7. «Талапкер» ДБ қалыптастыру кезеңінде:
  8. «Талапкер» ДБ базасын қалыптастыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды ұйымдастыру;
  9.  жергілікті білім беру органынан техникалық хатшылардың бекітілген тізімін алу;
  10. техникалық хатшыларды оқытуды ұйымдастыру және өткізу;
  11. техникалық хатшыларды нормативтік құқықтық актілермен, ақпараттық анықтамалықтармен, өтініш бланкілерімен және тіркеу журналдарымен, жадынамалармен қамтамасыз ету;
  12.  ақпараттық стендтер дайындау;
  13. өтініш бланкілерін сканерлеуді және түсушілердің мәліметтерінде қате табылған жағдайда базаға өзгерістер енгізуді ұйымдастыру;
  14.  техникалық хатшыға тіркеу туралы анықтамаларды және рұқсаттамаларды беруді ұйымдастыру;
  15.  «Талапкер» ДБ жабуды ұйымдастыру;
  16.  Түсушілерді аудитория бойынша бөлуді ұйымдастыру.
  17.  Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңінде:
  18. әрбір лекке сәйкес аудиториялар бойынша папкалар дайындау. Папкалар бітірушілерді аудиториялар бойынша кіргізуді ұйымдастыруда қолданылады.Папкада: осы аудиторияға бөлінген түсушілердің рұқсаттама түбіртектері мен аудиториялық тізімі болады:
  19. Аудиторияларды тестілеуге дайындау. Әрбір аудитория аудиториялық қор бойынша осы Нұсқаулықтың  8 қосымшасына сәйкес нысан бойынша нөмірленеді (01,02,03,…). Дәліздерде аудиторияға бағыттау белгілері қойылады. Аудиториядағы отырғызу орындары аудиториялық қорда көрсетілген схема бойынша осы Нұсқаулықтың  13-қосымшасына сәйкес нысан бойынша нөмірленеді;
  20. осы Нұсқаулықтың  14-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түсушілердің деректеріне өзгерістер енгізу журналын Министрлік программисіне беру.
  21. Тестілеуді өткізу кезеңінде:
  22.  түсушілерді жинап және аудиторияларға бөліп кіргізуге арналған сыртқы есіктің алдындағы тәртіпті қадағалау және бақылау;
  23.  түсушілерді аудиторияларға алып жүруді ұйымдастыру;
  24.  статистикалық мәліметтерді телекоммуникациялық желі арқылы жіберуді ұйымдастыру.
  25. Сертификатты басып шығару және беру кезеңінде:
  26. сертификаттарды басып шығаруды;
  27. сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін Министрлік өкілінен осы Нұсқаулықтың  15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қабылдау.
  28. Тестілеуді өткізу туралы есеп беру кезеңінде:
  29. Министрлік өкілімен бірлесіп, акт жасай отырып ҰБТ кезінде пайдаланылған кітапшаларды жоюды ұйымдастыру. Акт түпнұсқасын ҰТО-ға Министрлік өкілінен беріп жібереді;
  30. ҰБТ-ны ұйымдастыру мен өткізу жөнінде атқарылған жұмыстары бойынша телекоммуникациялық желі арқылы және қағаздағы нұсқасымен ҰТО-ға есеп беру.

 

5. ҰБТӨП сарапшысыныңфункциялары

 

  1. «ҰБТӨП базасын» базасын қалыптастыру кезеңінде:
  2.  техникалық жабдықтардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  3.  ҰБТӨП базасын қалыптастыру жұмыстары үшін бағдарламаны орнату;
  4. ақпараттарды «ҰБТӨП базасы» АЖО-сына енгізу;
  5. ҰБТӨП базасына өзгерістер енгізу;
  6. «ҰБТӨП базасы» деректерін ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы жіберу.
  7.  «Өтініштер ҰБТ» ДБ қалыптастыру кезеңінде:
  8. «Өтініштер ҰБТ» ДБ қалыптастыруға арналған бағдарламаны орнату;
  9. ҰТО-дан телекоммуникациялық желі арқылы нормативтік құқықтық актілерді, ақпараттық анықтамалықтарды, жадынамаларды алу және техникалық хатшылар үшін дайындау;
  10. тіркеу журналын басып шығару және тарату;
  11. өтініш бланкілерін сканерден өткізу;
  12. техникалықхатшығасәйкес қажетті нысандарды басып шығару және тарату;
  13.  «Өтініштер ҰБТ» ДБ жабу;
  14. аудиториялар бойынша түсушілерді бөлу;
  15. рұқсаттамаларды басып шығару;
  16. өтініштерді қабылдау туралы статистикалық мәліметтерді күн сайын ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы жіберу;
  17. «Өтініштер ҰБТ» ДБ сақталуын қамтамасыз ету және Министрлік программисіне тапсыру.
  18.  Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңі ҰТО сұратқан мәліметтерді телекоммуникациялық желі арқылы жіберуді қарастырады.
  19. Сертификаттарды басып шығару және беру кезеңі сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін басып шығаруды ұйымдастыруды қарастырады.
  20.  Тестілеуді өткізу туралы есеп беру кезеңі ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу барысында атқарылған жұмыстары бойынша ҰТО-ға есеп беруді қарастырады.

 

6. Техникалық хатшының функциялары

 

  1.  «Талапкер»  ДБ қалыптастыру кезеңінде:
  2.  ҰБТӨП-тен нормативтік құқықтық актілерді, өтініш бланкілерін және өтініштерді тіркеу журналын, жадынамаларды алу;
  3.  ҰБТӨП-те өтініштерді қабылдау, өтініштер бланкісін толтыру және өтініштерді тіркеу журналын жүргізу бойынша дайындықтан өту;
  4. өтініштерді тіркеу журналы мен техникалық хатшының журналында көрсетілген оқу орны туралы мәліметтің дұрыстығын бақылау;
  5. түсушілерге өтініш бланкісін, жауап парағын толтыру, ҰБТ-ны өткізу барысы бойынша және Қағидалардың 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44-тармақтарымен бекітілген аудиторияда тәртіп сақтау ережесімен, апелляцияға өтініштер беру және апелляцияның өту барысыбойынша сабақтар жүргізу;
  6. түсушілердің өтініш бланкісін дұрыс толтыруын қамтамасыз ету;
  7. түсушілерді өтініштерді тіркеу журналында тіркеу;
  8. өтініш бланкілерін сканерден өткізу үшін ҰБТӨП-ке жеткізу;
  9. қажетті нысандарды алу;
  10. түсушілерге тіркеу туралы анықтамаларды тарату;
  11. «Талапкер» ДБ өзгерістер енгізуді ұйымдастыру;
  12. «Талапкер» ДБ  жағдайын бақылау;
  13. өтініштерді тіркеу журналын жабу;
  14. рұқсаттамаларды рәсімдеу және оларды түсушілерге беру;
  15. рәсімделген рұқсаттаманың түбіртектерін ҰБТӨП жетекшісінеберу.

 

7. Министрлік өкілдері тобы жетекшісінің функциялары

 

  1. Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңінде:
  2. ҰТО-да тестілеу технологиясы бойынша оқытудан өту және нормативтік құқықтық актілерді алу;
  3. ҰТО-дан осы Нұсқаулықтың 16-қосымшасына сәйкес акт бойынша сертификаттарды және мемлекеттік комиссия төрағасының конвертке салынып, бекітілген паролін алу және ҰБТӨП-ке жеткізу;
  4. Тексеруді жүзеге асыру:

Министрлік өкілі мен программисінің жұмыс орындарының   дайындығын;

осы Нұсқаулықтың 17 қосымшасына сәйкес нысан бойынша әрбір лек бойынша ҰБТӨП-тің өтініш журналын;

аудиториялардың емтиханға дайындығын;

техникалық құрал-жабдықтардың дайындығын;

апелляциялық комиссия мүшелерінің бекітілген тізімін;

медициналық қызметкерлердің тізімін және олардың құжаттарын;

құқық қорғау органы өкілдерімен бірлесіп, мемлекеттік комиссия жүзеге асыратын тестілеу басталғанға дейін ғимаратты тексеру актісін;

тестілеу технологиясын қорғау мақсатында техникалық құралдардың (ұялы байланыс телефондарының сигналдарын тұншықтырғыш құралдары және бейне бақылау камераларының, металіздегіштердің) дайындығын тексереді;

ғимараттың емтихан өткізуге дайындығын тексеру;

рұқсаттамалардың түбіртектерімен бірге аудиториялық тізімді;

  1. емтихан материалдарының жеткендігін және қоймада бар екендігін анықтау үшін ҰҚКД-мен байланысу;
  2.  Министрлік программисінің сканерді тексеріп, есебін жасауын қадағалайды. Есеп осы Нұсқаулықтың 18-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ҰБТӨП орналасқан ЖОО-ның немесе аудандық (қалалық) білім бөлімінің мөрімен расталады;
  3.  тестілеуді өткізуге қажетті бағдарламаларды орнатуды бақылау;
  4.  Министрлік программисімен түсушілердің мәліметтерін өзгерту журналы бойынша өзгерістерді енгізуін қадағалау;
  5.  Емтихан болатын күні таңертең әрбір аудитория үшін Қағидалардың  5-қосымшасына сәйкес отырғызу парағын басып шығаруды ұйымдастырады.
  6. Тестілеуді өткізу кезеңінде: 
  7.  тестілеу процесін бақылау және басқару;
  8. ҰҚКД өкілінен ҰТО-да арнайы пломбыланған әрбір аудиторияларға арналып, қораптарда емтихан материалдары салынған қаптарды осы Нұсқаулықтың 19-қосымшасына сәйкес нысан бойынша актпен алу;
  9. мемлекеттік комиссия мүшелері мен Министрлік өкілдерінің қатысуымен емтихан материалдары емтихан материалдары салынған қаптарды ашу. Қаптарды ашу кезінде оған сырттай тексеру жүргізіліп, қапты аударып, ішкі тігістері және ҰТО-ның логотипі бар мөрдің баспа-таңбасы қойылған бирка тексеріледі. Қаптарды ашар алдында Министрлік өкілдері тобының жетекшісі пломбының бүтіндігін және қаптардағы нөмірленген пломбыны ҰТО берген тізіммен салыстырады. Егер пломбы бүтін болмаса немесе пломбының нөмірі сәйкес келмеген жағдайда, ол туралы ҰҚКД өкіліне айтып ескертеді және ҰТО-ға  хабарлайды;
  10. аудиториядан тыс тестілеу технологиясының сақталуын бақылауды іске асыру үшін Министрлік өкілдерін осы Нұсқаулықтың 20-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бөлу (дәліз бойынша медициналық қызметкерлердің бөлмесіне дейін, әжетханаға дейін алып жүру, техникалық жабдықтардың жұмысқа жарамдылығы бойынша тексерістер);
  11. Министрлік өкілдерін осы Нұсқаулықтың 21-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аудиторияларға бөлу;
  12. Министрлік өкілдеріне: рұқсаттама түбіртектері, аудитория тізімі салынған аудитория папкасын беру; отырғызу парағын беру; мөрленіп жабылған қораптағы емтихан материалдарын осы Нұсқаулықтың                       22-қосымшасына сәйкес акт бойынша беру. Әрбір мөр басылған қорапта жауап парақтары салынған конверт, кітапшаларды, жауап парақтарының көшірмелері және осы Қағидалардың 6-қосымшасыына сәйкес нысан бойынша емтихан материалдарын ашу туралы акт болады.
  13. мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша түсуші-мүгедектер және даму мүмкіндіктері шектеулі, көру қабілеті нашар (көрмейтін, нашар көретін), есту қабілеті нашар (естімейтін, нашар еститін) және тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған  мүгедектер және қант диабетімен ауыратын түсушілер үшін жеке аудитория бөлу және Министрлік өкілін, жеке көмекшіні, сонымен қатар ымдау тілі мамандарын тағайындау;
  14. мемлекеттік комиссия төрағасымен бірлесіп түсушілерді қосымша отырғызу туралы шешім қабылдау;
  15.  аудиториялардағы емтихан материалдары салынған қораптарды ашуды бақылау;
  16.  емтиханның басталу уақытын бақылау. Емтиханның басталуы - жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9.00;
  17.  түсушілердің дұрыс отырғызылуын және кітапшалардың дұрыс таратылуын бақылау;
  18.  Министрлік өкілдерінің емтихан материалдарымен жұмыс істеуін дұрыс түсіндіруін бақылау;
  19.  Түсушілердің жауап парағындағы қызметтік секторларды дұрыс толтыруын бақылау;
  20.  емтихан басталған соң 20-25 минуттан кейін емтихан тапсыру тілі бойынша аудиториялардағы түсушілердің нақты саны туралы мәліметтер жинауды ұйымдастыру. Артық кітапшалар жинап алынады және сейфке салынады. Жауап парақтары емтихан аяқталғанға дейін аудиториядан шығарылмайды. Емтихан басталғандығы туралы хабарланғаннан кейін кешігіп келген түсушілер емтиханға жіберілмейді;
  21.  аудиториялар мен дәліздерде тестілеу өткізу ережесі мен тәртіптің сақталуын бақылау;
  22.  Техникалық қызметкерлер бірлесіп, аудиториялардағы ұялы байланыс сигналдарын тұншықтыратын құрылғылардың жұмыс істеуін бақылау;
  23.  түсушіден тыйым салынған заттар табылған және аудиторияда тәртіп бұзған жағдайда, Қағидалардың 9-қосымшасына қосымшасына сәйкес нысан бойынша акт жасай отырып, түсушіні аудиториядан шығару туралы шешім қабылдау;
  24.  ҰБТӨП ғимаратына кіргізу және тестілеу өткізу барысында бөгде адам анықталған жағдайда Қағидалардың 4 және 10-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша Акт жасай отырып шешім қабылдау. Аталған түсушінің нәтижелері өңделмейді.
  25.  мемлекеттік комиссия төрағасымен бірлесіп, штаттан тыс жағдайлар (түсушіде емтиханға кіру рұқсаттамасының немесе жеке куәлігінің болмауы, тестілеуге өтініш беру кезінде тестілеу тілінің дұрыс көрсетілмеуі, бөтен тұлға,  мүдделі тұлғалар тарапынан түсушіге көмек көрсету) бойынша шешімдер қабылдау;
  26.  тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде түсуші емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда Қағидалардың 11- қосымшасына сәйкес нысан бойынша  акт жасай отырып, түсушінің жұмысын өңдемеу туралы шешім қабылдау.
  27.  тестілеу аяқталғаннан кейін Министрлік өкілдерінен әрбір аудитория бойынша емтихан материалдарын осы Нұсқаулықтың 22-қосымшасына сәйкес акт бойынша қабылдау;
  28. жауап парақтарын өңдеуді ұйымдастыру;
  29. дұрыс жауаптар кодын ашуды ұйымдастыру;
  30.  дұрыс жауаптар кодын ашу және оны көпшіліктің назарына ілуді ұйымдастыру;
  31.  ҰБТ-ның емтихан ведомостарын беру және оларды көпшіліктің назарына ілуді ұйымдастыру.
  32.  Апелляцияны өткізу кезеңінде:
  33.  апелляцияға берген өтініштерді ДБ-ға енгізуді ұйымдастыру;
  34.  апелляциялық комиссияның жұмысы үшін осы Нұсқаулықтың           23-қосымшасына сәйкес қажетті емтихан материалдарымен қамтамасыз ету;
  35. апелляция нәтижесін ДБ-ға енгізуді бақылау;
  36. апелляцияны есепке алынған емтихан ведомосын беру және оларды көпшіліктің назарына ілуді ұйымдастыру.
  37. Cертификаттарды басып шығару кезеңінде:
  38.  сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін басып шығаруды ұйымдастыру;
  39.  сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін ҰБТӨП жетекшісіне беру.
  40.  Тестілеуді өткізу туралы есеп беру кезеңі:
  41. ҰТО-ны телекоммуникация құралдары арқылы тестілеудің әрбір кезеңі аяқталғандығын хабардар ету;
  42.  ҰБТӨП жетекшісіне Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұлттық бірыңғай тестілеу кітапшаларын жою үшін акт жасай отырып, әрбір лектің кітапшаларын жою үшін беру.
  43.  кітапшаларды жоюға қатысу;
  44.  ҰТО-ға осы нұсқаулықтың 24-қосымшасына сәйкес қажетті құжаттарды қағаз және электрондық тасымалдағышта дайындау және жіберу;
  45.  ҰТО-ға атқарылған жұмыстар жөнінде есепті қағаз және электрондық тасымалдағышта беру.

 

8. Министрлік өкілінің функциялары

 

  1. Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңінде:
  2.  ҰТО-да тестілеу технологиясы бойынша оқытудан өту және нормативтік құқықтық актілерді алу;
  3. ҰТО-дан осы Нұсқаулықтың 16-қосымшасына сәйкес акт бойынша сертификаттарды және мемлекеттік комиссия төрағасының конвертке салынып, бекітілген паролін алу және ҰБТӨП-ке жеткізу;
  4.  Тексеруді жүзеге асыру:

Министрлік өкілі мен программисінің жұмыс орындарының дайындығын;

әрбір лек бойынша ҰБТӨП-тің өтініш журналын;

аудиториялардың емтиханға дайындығын;

техникалық құрал-жабдықтардың дайындығын;

апелляциялық комиссия мүшелерінің бекітілген тізімін;

медициналық қызметкерлердің тізімін және олардың құжаттарын;

құқық қорғау органы өкілдерімен бірлесіп, мемлекеттік комиссия жүзеге асыратын тестілеу басталғанға дейін ғимаратты тексеру актісін;

тестілеу технологиясын қорғау мақсатында техникалық құралдардың (ұялы байланыс телефондарының сигналдарын тұншықтырғыш құралдары және бейне бақылау камераларының, металіздегіштердің) дайындығын тексереді;

ғимараттың емтихан өткізуге дайындығын тексеру;

рұқсаттамалардың түбіртектерімен бірге аудиториялық тізімді;

  1.  емтихан материалдарының жеткендігін және қоймада бар екендігін анықтау үшін ҰҚКД-мен байланысу;
  2. Министрлік программисінің сканерді тексеріп, есебін жасауын қадағалайды. Есеп осы Нұсқаулықтың 18-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ҰБТӨП орналасқан ЖОО-ның немесе аудандық (қалалық) білім бөлімінің мөрімен расталады.
  3. Министрлік программисімен түсушілердің мәліметтерін өзгерту журналы бойынша өзгерістерді енгізуін қадағалау;
  4.  Емтихан болатын күні таңертең әрбір аудитория үшін отырғызу парағын басып шығаруды ұйымдастырады;
  5. Тестілеуді өткізу кезеңінде:
  6.  тестілеу процесін бақылау және басқару;
  7.  осы Нұсқаулықтың 13-тарауына сәйкес кезкшінің функциясын атқару;
  8.  ҰҚКД өкілінен ҰТО-да арнайы пломбыланған әрбір аудиторияларға арналып, қораптарда емтихан материалдары салынған қаптарды алу;
  9. мемлекеттік комиссия мүшелерінің қатысуымен емтихан материалдары емтихан материалдары салынған қаптарды ашу. Қаптарды ашу кезінде оған сырттай тексеру жүргізіліп, қапты аударып, ішкі тігістері және ҰТО-ның логотипі бар мөрдің баспа-таңбасы қойылған бирка тексеріледі. Қаптарды ашар алдында Министрлік өкілдері тобының жетекшісі пломбының бүтіндігін және қаптардағы нөмірленген пломбыны ҰТО берген тізіммен салыстырады. Егер пломбы бүтін болмаса немесе пломбының нөмірі сәйкес келмеген жағдайда, ол туралы ҰҚКД өкіліне айтып ескертеді және ҰТО-ға  хабарлайды;
  10.  Министрлік өкілдері тобының жетекшісінен осы Нұсқаулықтың        22-қосымшасына сәйкес емтихан материалдары алу.
  11. Аудиториялардың тестілеуге қатысу дайындығын тексеру: аудитория нөмірін, аталған аудиторияның жауап парағындағы түсушілермен отырғызу орны сәйкестігін, отырғызу орны нөмірін дұрыстығын, қабырға сағатының, тақта және бор болуын  тексеру. Бұзушылық анықталған жағдайда оларды жою үшін шаралар қолдануға Министрлік өкілі тобының жетекшісі мен мемлекеттік комиссия төрағасын ескертеді.
  12. Техникалық қызметкермен бірлесіп, аудиториялардағы ұялы байланыс сигналдарын тұншықтыратын құрылғылардың жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыру;
  13. Түсушілерді аудиторияларға кіргізу және отырғызу парағына сәйкес отырғызу;
  14. Тестілеу кезінде түсушілерге тәртіп сақтау ережесін түсіндіру;
  15.  Емтихан материалдары салынған қораптарды ашуды ұйымдастыру;
  16. Аудиторияларда тестілеу өткізу ережесі мен тәртіптің сақталу процесін бақылау және басқару;
  17. Түсушіден тыйым салынған заттар табылған және аудиторияда тәртіп бұзған жағдайда, Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша акт жасай отырып, түсушіні аудиториядан шығару туралы шешім қабылдау;
  18. ҰБТӨП ғимаратына кіргізу және тестілеу өткізу барысында бөгде адам анықталған жағдайда Қағидалардың 4 және 10-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша Акт жасай отырып шешім қабылдау. Аталған түсушінің нәтижелері өңделмейді;
  19. мемлекеттік комиссия төрағасымен бірлесіп, штаттан тыс жағдайлар (түсушіде емтиханға кіру рұқсаттамасының немесе жеке куәлігінің болмауы, тестілеуге өтініш беру кезінде тестілеу тілінің дұрыс көрсетілмеуі, бөтен тұлға,  мүдделі тұлғалар тарапынан түсушіге көмек көрсету) бойынша шешімдер қабылдау;
  20. тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде түсуші емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда Қағидалардың                       11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша  акт жасай отырып, түсушінің жұмысын өңдемеу туралы шешім қабылдау;
  21. Тестілеу аяқталғаннан кейін емтихан материалдарын қабылдауды және тапсыруды жүзеге асыру;
  22. тестілеу нәтижелерін өңдеуді ұйымдастыру;
  23. дұрыс жауаптар кодын ашуды ұйымдастыру;
  24. дұрыс жауаптар кодын ашу және оны көпшіліктің назарына ілуді ұйымдастыру;
  25.  мемлекеттік комиссиямен бірлесіп, ҰБТ-ның емтихан ведомостарын беру және оларды көпшіліктің назарына ілуді ұйымдастыру;
  26. Апелляцияны өткізу кезеңінде:

1) апелляцияға берген өтініштерді ДБ-ға енгізуді ұйымдастыру;

2) апелляциялық комиссияның жұмысы үшін қажетті емтихан материалдарымен қамтамасыз ету;

3) апелляция нәтижесін ДБ-ға енгізуді бақылау;

4) апелляция есепке алынған емтихан ведомосын беру және оларды көпшіліктің назарына ілуді ұйымдастыру.

  1. Cертификаттарды басып шығару кезеңінде:

1) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін басып шығаруды ұйымдастыру;

2) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін ҰБТӨП жетекшісіне беру.

  1.  Тестілеуді өткізу туралы есеп беру кезеңі:

1) ҰТО-ны телекоммуникация құралдары арқылы тестілеудің әрбір кезеңі аяқталғандығын хабардар ету;

2) ҰБТӨП жетекшісіне Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұлттық бірыңғай тестілеу кітапшаларын жою үшін акт жасай отырып, әрбір лектің кітапшаларын жою үшін беру;

3) ҰТО-ға қажетті құжаттарды қағаз және электрондық тасымалдағышта дайындау және жіберу;

4) ҰТО-ға атқарылған жұмыстар жөнінде есепті қағаз және электрондық тасымалдағышта беру.

 

9.Министрлік программисінің функциялары

 

  1. Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңдері:
  2.  ҰТО-да «Министрлік программисі», «Сканер тексеру», «Сертификат» АЖО-ларымен жұмыс жасау бойынша дайындықтан өту;
  3.  тестілеуді өткізуді қамтамасыз етуге арналған бағдарламаны ҰТО-дан электрондық тасымалдағышта алу;
  4.  ҰБТӨП-те жұмысқа арнайы бөлінген техникалық құралдарды дайындау; 
  5.  сканер және басқа да техникалардың дайындығын тексеру;
  6.  сканерді тексеру үшін бақылауға арналған жауап парақтарын сканерден өткізу;
  7.  тестілеуді өткізуді қамтамасыз ететін бағдарламаны орнату. Бұл бағдарлама «ҰБТ Талапкер» АЖО-сы қондырылған компьютерге орналастырылады;
  8.  Бағдарламалық қамтамасыз етуді күйге келтіру;
  9.  ҰБТӨП инженерінен «Талапкер» ДБ қабылдау;
  10.  өзгерістер журналы бойынша «Талапкер»  ДБ-ға түзетулер енгізу;
  11. «Талапкер»  ДБ жабу;
  12.  лектің отырғызу парағын басып шығару (тестілеу болатын күні таңертең).Отырғызу парағы отыру орнының нөмірі бойынша реттелген. Бітіруші орнының нөмірі отырғызу парағын шығару кезде кездейсоқ  анықталады. Бұл рәсім тек қана 1 рет орындалады. Отырғызу парағын басып шығару үшін ҰТО-дан пароль сұралынады;
  13.  Министрлік өкілдері үшін қажетті актілерді басып шығару;
  14.  Қажетті нысандарды басып шығару;
  15.  Тестілеуді өткізу кезеңінде:
  16.  сканерлеу үшін ҰТО-дан нұсқалар файлын қабылдап алу;
  17.  жауап парақтарын сканерден өткізу үшін Министрлік өкілінен қабылдап алу;
  18.  Жауап парақтарын өңдеу;
  19.  дұрыс жауаптар кодын ашу және басып шығару;
  20.  емтиханведомостарын басып шығару;
  21.  ҰБТ-ның статистикалық деректерін күн сайын және талап етілген ақпаратты телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіп отыру.
  22.  Апелляцияны өткізу кезеңінде:
  23. апелляциялық комиссия төрағасымен бірлесе техникалық себептер бойынша берілген өтініштерді қабылдау;
  24. апелляцияға берген өтініштерді ДБ-ға енгізу;
  25. апелляция комиссиясы үшін қажетті құжаттарды басып шығару;
  26. апелляция нәтижелерін ДБ-ға енгізу ;
  27. Республикалықкомиссияға өтініштерді беру;
  28. Республикалықкомиссия шешімдерін қабылдау;
  29. апелляция комиссия отырысының хаттамасын басып шығару;
  30. есепке алынған емтихан ведомосын басып шығару.
  31.  Сертификаттарды басып шығару кезеңінде:
  32.  сертификаттарды басуға арналған бағдарламаны орнату;
  33.  сертификаттар файлын қалыптастыру;
  34.  сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін басып шығару;
  35.  сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін Министрлік өкіліне беру.
  36.  Тестілеуді өткізу туралы есеп беру кезеңінде: 
  37.  қажетті құжаттарды қағаз және элект<