kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37
Бір жылда2399796
Бір айда129397
Бір аптада29459
Кеше2564
Тәулік538
Басшылық
Қадырбаева Гүлжан Шаяхметқызы – білім беру бөлімінің басшысы
Қадырбаева Гүлжан Шаяхметқызы – білім беру бөлімінің басшысы

телефон  322167   Kadyrbaeva.do@pavlodar.gov.kz                                                                                                

бөлім жұмысына басшылық етеді; 

білім беруді дамыту бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз етеді; 

мектепке дейінгі, бастапқы, негізгі орта жіне жалпы орта білім беруді, кешкі оқыту үлгісі мен интернаттық қалыптағы ұйымдар арқылы берілетін жалпы орта білім берілуін қамтамасыз етеді;

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы мен өзге де нормативтік құжаттарға сәйкес білім беру бөлімінің барлық бағыттағы қызметіне жалпы басшылық жасайды;

бастапқы, негізгі орта және жалпы орта білім берудегі оқыту бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық – техникалық қамтамасыз етуге ықпал етіп, қолдау көрсетеді (қылмыстық – атқарушы жүйесінің түзету мекемелеріндегі білім беру ұйымдарынан өзге);

бекітілген тәртіп бойынша жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекет тарапынан қамтамасыз етілуін, олардың міндетті түрде жұмысқа орналасуын және баспанамен қамтылуын жүзеге асырады;

қала әкімінің және облыс әкімінің аппараттарында, қалалық және облыс мәслихаттарында білім беру бөлімі атынан сөз алады; 

бөлім қызметкерлерін, білім беру мекемелерінің басшыларын жұмысқа тағайындайды және босатады;

азаматтар қабылдауын жүргізеді;

Азаматтарды қабылдау кестесі:

Дүйсенбі, 16-00 -дан 18-00 -ге дейін
 

Шиндлярская Гульсина Шайдулловна – білім беру бөлімі басшысының орынбасары
Шиндлярская Гульсина Шайдулловна – білім беру бөлімі басшысының орынбасары

телефон  320828     

білім беру бөлімінің секторларына басшылық етеді: жалпы орта білім беру секторына, ұйымдастырушылық және кадрлық секторға, әдістемелік кабинетке;

қаладағы мектептер мен мектепке дейінгі мекемелер желісінің дамуының сараптауын және болжамдауын жүргізеді;

білім беру мекемелеріндегі оқу – тәрбие мәселелеріне жетекшілік етеді;

білім беру мекемелерінің аттестатталуын, бөлімдегі мемлекеттік қызметкерлердің, білім беру мекемелері директорлары мен педагог қызметкерлерінің аттестатталуын бақылайды;

білім беру бөлімінің қызметін жоспарлайды (болжамдық жоспарлау)

нормативтік құжаттардың орындалуын, бөлімдегі ЭДО жағдайын қадағалайды;  

білім беру мекемелеріндегі білім сапасын бақылайды (ҰБТ, ОҚІБ, мемлекеттік стандарттардың орындалуын, білім беру ұйымдары мен педагогтер арасындағы білім сапасы бойынша оқушылардың қорытынды және мемлекеттік аттестациясын, олимпиадаларды, әр түрлі бағыттағы сайыстардың өткізілуін);

қалалық сараптау Кеңесі жұмыстарына басшылық жасайды;

білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларының орындалуын, білім сапасының қамтамасыз етілуін, білім беру мекемелеріндегі инновациялық жұмыстардың ұйымдастырылуы мен сапасын қадағалайды;

мектептердің жаңа оқу жылына сапалы түрде дайындалуын қадағалайды;

басқару кадрлық резервімен жүргізілетін жұмыстарды бақылайды;

қала мектептеріндегі ақылы білім беру қызметерінің барысын қадағалайды;

бөлім мен білім беру мекемелерінің мәселелері бойынша сараптамалық қортынды ақпараттардың дайындығын жүргізеді;

функционал мәселесі бойынша аппараттық жиналыстарға, кеңестер мен директорлар мәжілісіне дайындық барысын бақылап, әзірлейді;

жеке сұрақтар бойынша азаматтардың қабылдауын жүргізеді.

Азаматтарды қабылдау кестесі:
Сейсенбі, 16-00 -дан 18-00 -ге дейін

БІЛӘЛОВА ГҮЛБАРАМ ЕРМЕКҚЫЗЫ – БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
 БІЛӘЛОВА ГҮЛБАРАМ ЕРМЕКҚЫЗЫ – БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ  ОРЫНБАСАРЫ

 білім беру бөлімінің секторларына басшылық жасайды: тәрбие жұмысы секторына, мектепке дейінгі мекемелер секторына және қамқоршылық пен қорғаншылық секторына;

сабақтан тыс уақыттарда балалар мен жасөспірімдердің мектептен тыс қамтылу мәселесін бақылайды;

қосымша білім беру мекемелерінің жұмысын бақылайды;

мектептен тыс және мектепке дейінгі мекемелердің педагогтарының аттестациясын өткізуді бақылайды.

қорғаншылық және қамқоршылық секторы, тәрбие және мектепке дейінгі мекемелер секторлары көрсететін мемлекеттік қызметтердің іске асырылуын бақылайды;

қалалық білім беру мекемелеріндегі тәрбиелік жұмыстардың ұйымдастырылуы мен сапасын, жалпы оқулармен қамтамасыз ету үдерісін бақылайды;

жаңа оқу жылына мектептердің, мектепке дейінгі және мектепте н тыс мекемелер дайындығының сапасын қадағалайды;

бөлім мен білім беру мекемелерінің мәселелері бойынша қорытынды сараптамалық ақпараттардың дайындығын іске асырады;

қалалық мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелер жүйесінің дамуына болжамдау мен сараптама жүргізеді;

азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді;

Азаматтарды қабылдау кестесі:

Сәрсенбі 16.00-ден 18.00-ге дейін.

Иманберлинов Амангелді Қайыргелдіұлы - білім беру бөлімі басшысының орынбасары
Иманберлинов Амангелді Қайыргелдіұлы - білім беру бөлімі басшысының орынбасары

бөлім басшысының орынбасары міндетті:

қаржы секторы мен бөлімнің орталықтандырылған бухгалтериясы жұмыстарына жетекшілік етуге.

бөлімнің материалдық – техникалық базасы мен қаржылық – шаруашылықтық қызметін бақылайды және аталған бағыттар бойынша қалалық білім беру мекемелерінің қызметін үйлестіруге.

қалалық білім беру мекемелеріндегі ақылы қызметтердің ұйымдастыруы бойынша білім беру мекемелеріндегі жұмыстарды үйлестіруге.

 білім беру мекемелерінің ағымдағы және күрделі жұмыстарының жағдайын бақылауға.

бөлімдегі мемлекетік сатып алулар ұйымдастырылуын  бақылайды және осы бағыттар бойынша білім беру мекемелеріндегі жұмыстарды үйлестіруге.

 бөлімдегі мемлекеттік салып алулардың жылдық жоспарының орындалуын және оның жағдайын бақылауға.

 бюджеттік өтінімдер әзірленімін және құрастырылуын үйлестіруге.

азаматтардың жеке қабылдауын жүргізуге.

 ішкі еңбек тәртібінің ережесін сақтауға.

Азаматтарды қабылдау кестесі:


Бейсенбі, 16-00 -ден 18-00 -ге дейін