Білім алушылармен сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды және оны өткізуді ұйымдастырады.
Педагогикалық қызметкерлерге инновациялық тәрбие бағдарламалары мен технологияларын игеруге және әзірлеуге көмек көрсетеді.
Үйірмелер мен секциялардың сабақ кестесін жасайды; уақытша болмаған сынып жетекшілері мен басқа да тікелей бағынысты педагогтарды уақтылы және сапалы ауыстыруды қамтамасыз етеді.
Білім алушылардың ұжымдарына мәдени-ағарту және сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсетеді.
Білім алушылардың мектеп оқушыларына арналған Жарғы мен ережелерді сақтауын бақылайды.
Сынып жетекшілерінің, басқа да тікелей бағынысты қызметкерлердің білім алушылардың өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өздеріне жүктелген міндеттерді орындауын қамтамасыз етеді; тәрбие жұмысын, білім алушылардың қоғамдық пайдалы еңбегін еңбекті қорғау нормалары мен ережелеріне қатаң сәйкестікте ұйымдастырады;
Сынып жетекшілеріне әдістемелік көмек көрсетеді, соның ішінде білім алушылардың еңбегін қорғауды қамтамасыз ету, жарақаттану мен басқа да жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелері бойынша.
Білім беру мекемесінен тыс білім алушылармен тәрбиелік іс-шаралар мен жұмыстарды жүргізу кезінде санитарлық-гигиеналық нормаларды, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды, ережелерді сақтауды бақылайды және орындау бойынша шаралар қабылдайды.
Мектептен тыс тәрбие бойынша бірлескен қызмет үшін мектептің балаларға қосымша білім беру мекемелерімен, басқа да ұйымдармен байланысын орнатады және қолдайды.
Патриоттық тәрбие, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмыстарға жетекшілік етеді және бақылайды, бағдарламалар мен жоспарларды әзірлейді, осы бағыттар бойынша оқушылардың графиктері мен тізімін жасайды.
Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің қызметін басқарады, Павлодар ауылы әкімінің жанындағы 0оғамдық кеңеспен ынтымақтасады.
Мектепте аз қамтылған, көп балалы, толық емес, қолайсыз отбасылардағы, жетім балалардың тамақтануын ұйымдастырады. Тамақтанатын балалардың санын арттыруға ықпал ететін іс-шаралар өткізеді.