- қаланың білім беру мекемелерінің қалалық әдістемелік кеңесінің қызметін ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асырады;
- инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін логопедтердің, психологтардың, мектеп директорлары орынбасарларының қалалық әдістемелік бірлестіктерінің қызметін ұйымдастыру;
- білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлау мен әзірлеуді ұйымдастыру;
- психологтарға, логопедтерге, дефектологтарға білім алушылардың, педагог қызметкерлердің, ата-аналардың (оларды алмастыратын тұлғалардың) әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыруға бағытталған психологияны практикалық қолдану мәселелері бойынша кеңес беру;
- инклюзивті білім беру саласындағы инновациялық қызметті қолдау инновациялық тәжірибені зерделеу, қалыптастыру, жинақтау, тарату бойынша жұмыстарды жүйелеу және Инклюзивті тәжірибе саласындағы тәжірибені жинақтау және тарату бойынша электрондық база құру;
- жас педагог мектебінің жұмысын ұйымдастыру;
- «Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапаттау үшін қала педагогтерінің қатысуы мен құжаттарын дайындау мониторингін жүргізу;
- жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша мониторинг жүргізу;
- облыстық ББДИО, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, Павлодар облысы бойынша НЗМ, педагогикалық колледж әдіскерлерімен және ЖОО-мен қарым-қатынасты ұйымдастырады.


