ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
МҰРАТ ХАМИТҰЛЫ САҒЫНОВ
Категория: Золотая книга
МҰРАТ ХАМИТҰЛЫ САҒЫНОВ

Мұрат Хамитұлы Сағынов 1941 жылы Алтай өлкесінің Горное қаласында туған. Білім беру саласына 40 жылдан астам жыл салып, соңғы 10 жылдай жетім балаларға арналған мекемеге басшылық етті. Педагогикалық еңбек шебері, бірегей шығармашыл жетекші, шебер ұйымдастырушы. Жоғары жауапкершілігі, адамгершілік қасиеттері, болашақты алдын-ала болжау және оның шешімдерін ұтымды іске асыра білу дағдылары оған, оқыту-тәрбиелеу процессін ұйымдастыруда жоғары жетістіктерге, үздік нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Педагогикалық және басқарушылық жұмысынындағы көп жылғы тәжірибесі, кадрларды жақсы таңдап, ұтымды орналастыруы, қаржылық-шаруашылық қызметті білуі Мұрат Хамитұлына мекеменің материалдық базасын нығайтуға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін жақсы, жағдайға қолайлы орта жасауға мүкіндік берді. Интернатта балаларға жақсы күтім көрсетіледі, қамқорлық жасалады. Мекеменің әкімшілігі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, жаппай спорттық шаралар ұйымдастыруға көп көңіл бөледі. Табанды, талапшыл. Оқушылар, педагогтар ұжымы және қала жұртшылығы арасында еңбегі сіңген сый құрметке, аса жоғары беделге ие. ҚазССР ағарту министрлігінің грамотасымен, ҚР «Оқу үздігі» кеуделік белгімен, «Ы. Алтынсарин» медалімен марапатталды.