ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Татьяна Николаевна Качура
Категория: Золотая книга
Татьяна Николаевна Качура

Татьяна Николаевна Качура 1952 жылдың 15 маусымында Павлодар қаласында дүниеге келді. 30 жылдан аса Павлодар қаласының № 36 жалпы орта мектебін басқарды. Жұмысында өзін үздік ұйымдастырушы, адал басшы ретінде көрсете білді. Әр мұғалімінің көңілін, тілін тауып, ұжымын епті басқара білді. Оның бастамасымен 1998 жылы мектепте республикамыздағы жалғыз, ең алғашқы қоршаған ортаны қорғау музейі ашылды. 2002 жылы Татьяна Николаевнаның басқаруымен мектеп экологиялық статус алды. 2008 жылдан бастап осы мектеп «Мектептер. Болашақтағы серіктестер» атты халықаралық білім жобасына қатысады, соның арқасында оқушылар еуропа тілдерінің бірін жетік меңгеруге және Германияда жоғары техникалық білім алу мүмкіндігіне ие болды. Татьяна Николаевна – мақсатқа бағытталған, жігерлі адам. «Қазақстан Республикасының білім саласының үздігі» белгісімен марапатталды. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар ұжымында беделді.