Бейіндік оқыту жөніндегі (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) білім беру ұйымының директорының орынбасары
Лауазымдық міндеттері:
2.1.«Білім туралы» заңын жүзеге асыру жөніндегі құжаттарды, әдістемелік нұсқау хаттағы, ЖМББ стандартындағы нұсқауларды меңгеру және орындау;
2.2. Мектептің ғылыми- әдістемелік және инновациялық жұмысын ұйымдастыру және басқару;
2.3. Мектептің әдістемелік кеңесінің және мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысының тиімділігін бағалау, олардың жоспарларын сараптау және үйлестіру;
2.4. Мұғалімдердің кәсіби біліктілік арттыру курстарына қатысуын қадағалау, олардан кейінгі тәжірибені мектеп жұмысына енгізу бойынша үйлестіру жұмыстарын жүргізу;
2.5. Мектеп мұғалімдерінің ғылыми-ізденіс жұмысын бағыттау және басқару, мұғалімдердің шығармашылық жұмысы үшін ынталандырушы және қолайлы жағдайлар жасау;
2.6.Мұғалімдердің кәсіби жетістіктерін, инновациялық тәжірибесін анықтап, тарату мақсатында мектепішілік байқаулар ұйымдастыру;
2.7. Мектеп мұғалімдерінің дәстүрлі емес оқыту нысандарын қолдануына ғылыми-әдістемелік көмек көрсету және бақылау;
2.8. Ғылыми-әдістемелік құралдар мен оқулықтардың, жеке оқу жоспарларының әзірленуіне жәрдемдесу және бақылау, мұғалімдердің авторлық құқықтарын қорғауды ұйымдастыру;
2.9. ОҒҚ жұмысын ұйымдастырады: мектепішілік пәндер апталықтарын, пәндер олимпиадасын, мектепішілік ғылыми жобалар сайыстары мен оқуларын басқару, ұйымдастыру, нәтижелеріне талдау жасау;
2.10. Мектептегі формативті және суммативті бағалау процедурасына қатысты мектеп мұғалімдеріне әдістемелік, нұсқаулық көмек көрсету, критериалды бағалау жүйесіне қатыста мұғалімдер арасында коучинг, тренинг және т.б. іс-шаралар өткізу;
2.11. «Павлодар дарыны», «Ертіс дарыны» орталығымен дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру, басқару. Оқушылардың ғылыми жобалар, олимпиадалар, зияткерлік сайыстарға қатысуына жағдай жасау, қатысу нәтижелерін талдау және динамикасын қадағалау;
2.12. Педагогтердің кәсіби шеберлігін және біліктілігін арттыру мақсатында педагогикалық ұжымның қызметін алдыңғы қатарлы педагогикалық озық іс-тәжірибені тарату бойынша, оқушыларды диагностикалау жүйесін, бейінді оқыту шеңберінде оқушылар мен ата-аналарға кеңес беру мазмұнын әзірлеуде, педагогтердің әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастыруға инновациялық технологияларды ұйымдастыру және сынау бойынша үйлестіру, мектеп педагогтерінің озық педагогикалық тәжірибесін жинақтау және тарату;
2.13. Педагогтердің кәсіби этика нормаларын сақтауын бақылау және қолдау, туындаған мәселелер бойынша кеңес беру;
2.14. Түрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын таңдау мүмкіндігін, "мектеп-жоо", "мектеп-колледж-жоо", "колледж-жоо" үздіксіз білім беру жүйесіндегі оқу жоспарлары бойынша оқытуды, ғылымды зерделеуге кәсіби қабілеттілікті ашуды, әрі қарай білім алу бейінін таңдау мақсатында пәндерді терең меңгеру үшін түрлі циклдерді өзіндік таңдауды қамтамасыз ету;
2.15. Мектептің жылдық жоспарын құру, даму бағдарламасын жүзеге асырылуын бақылау, қадағалау;
2.16. Мектептің айлық және апталық жоспарының жасалуын қадағалау;
2.17. Жас мұғалімдер мектебін ұйымдастыру және бақылау;
2.18. Әдістемелік бөлмесінің дамуы және жұмыс істеуін баскару;
2.19. Бейіндік сыныптар бағдарламасы бойынша педагог кадрлардың жұмысын ұйымдастыру;
2.20. Бейінді оқытуды қолданбалы және элективті курстардың бағдарламаларын әдістемелік-бағдарламалық қолдауды қамтамасыз ету;
2.21. Жоғары (бейінді) сыныптарды жинақтау үшін объективті негіз ретінде негізгі мектепті бітірушінің қорытынды білім беру рейтингін жасау;
2.22. Бейінді оқыту, әртүрлі деңгейлі бағдарламарды енгізу бойынша білім беру ұйымдарының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастыру;
2.23. Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен бірігіп, кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізу;
2.24. Оқушылардың бастауыш мектептен орта буынға ауысуының сабақтастығын ұйымдастыру;
2.25. Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі, шетел тілі, тарих пәндерінің ӘБ жұмысын басқару және бақылау, пәндік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын жаңартуды жоспарлау және қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізу;
2.26. Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі, шетел тілі, тарих пәндерінен бөлім және тоқсан бойынша білім сапасының жиынтық бағасын талдау, мектепішілік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2.27. Директор жанындағы кеңестің анықтамалары мен хаттамаларын жүргізу;
2.28. Өзі басқарған сұрақтар бойынша жиналыс, отырыстар өткізу, шешім қабылдау;
2.29. Өзі бақылайтын пәндер кабинеттерінің санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау, дамуын қамтамасыз ету;
2.30. 7 - сынып параллелінің жұмысын басқару, бақылау (сынып журналы, табель, «Күнделік» бағдарламасы, оқушының жеке іс-қағазы).
