Мектептің дамыту бағдарламаларын және оның концепциясын құрастыруға қатысады және оны ұйымдастырады.Мектептің білім беру жағдайларының ғылыми талдауы негізіндегі жұмыс формаларына, ұйымдастыру құрылымдарына сәйкес, мақсаты мен міндеттерін, білім беру мазмұнын құрастырады.
Мұғалімдердің ғылыми-зерттеулік және сараптау жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады (ағымдық, бейіндік оқыту, көптілділік).ЖОО, орталықтармен, ғылыми-педагогикалық мекемелермен өзара байланыс орнатады және оны жүзеге асырады.Директор жанындағы кеңес хаттамаларын жүргізеді.
Мұғалімдер ұжымының ғылыми жарыстарға, олимпиадаларға қатысу жұмысын ұйымдастырады, олардың міндетті түрде қатысуын қамтамасыз етеді.
Оқу- тәрбие үдерісін, білім беру ұйымы қызметін ағымдағы жоспарлауды, жұмыс оқу жоспарларын (ЖОЖ) ұйымдастырады. Жыл сайын кітапхана қорын қажетті әдебиеттермен толықтыруға өтініш береді.
Оқу үдерісін жетілдіру мақсатында семинарлар, тренингтер мен конференциялар ұйымдастырады және өткізеді.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары аясында білім беру үдерісінің сапасы мен білімді игеру нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады.
Ағымдағы және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізеді.
Оқу-тәрбиелік үрдісінің жағдайын, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етуді талдайды, педагогикалық кеңестердің күн тәртібі мен материалдарын дайындайды.
Білім беру ұйымының пәндік әдістемелік бірлестіктері мен эксперименттік жұмыстарын үйлестіруді жүзеге асырады, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық жұмыстар мен оны талдаумен қамтамасыз етеді.
Мұғалімдердің тиімді тәжірибесін жинақтап, аудару бойынша шаралар қабылдайды. Мұғалімдерді іріктеуге қатысады.
ЖММ жұмысын ұйымдастырады. Тәлімгерлік бойынша жұмысын ұйымдастырады.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, сондай-ақ қажетті құжаттаманы әзірлеу бойынша қоғамдық -гуманитарлық бағыттағы мұғалімдердің жұмысын (пәндер: орыс, ағылшын, тарих, сызу, дінтану) үйлестіреді.
Мұғалімдердің қоғамдық -гуманитарлық бағыттағы қысқа мерзімді жоспарларын тексереді. Мұғалімдерге ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламаларын жасауға, пәндер бойынша оқу жоспарларын әзірлеуге және түзетуге көмек көрсетеді. Белгіленген есептік құжаттаманың сапалы және уақытымен дайындалуын қамтамасыз етеді және кері байланыста мұғалімдердің сабақтарын талдайды.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша мектепішілік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, мектепішілік бақылау, БЖБжәне ТЖБ нәтижелері бойынша білім сапасын талдайды.
Оқу жоспары, дамыту жолдары, гимназиялық компоненттердің вариативтік бөлімі, ақылы қосымша білім беру сағатын ұйымдастырады және оны өткізуді бақылайды.
Кітапхана жұмысын үйлестіреді.
8-9 сынып оқушыларына жетекшілік етеді. Электрондық журналдарды, сыныптың сабаққа қатысу бойынша есептері, жеке іс парағы, табель журналдарды тексереді.
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырады. Білім процесіне қатысты барлық мәселелер бойынша ата-аналарды қабылдайды.
Өзінің қызметтік міндеттеріне сәйкес мектепке бұйрықтар мен ережелері жобаларын дайындайды.
Кезекші әкімшіліктің міндеттерін орындайды. Мектеп қызметкерлерінің ішкі еңбек ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
