Телефон доверия
8 (7182) 32 49 27
Адрес: Павлодар қ., Жеңіс алаңы көш., 3/1
8 (7182) 32 50 66
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Күн сайын сағат 16:00-18:00 дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Костюкова Светлана Борисовна – директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Категория: Мектеп әкімшілігі
Костюкова Светлана Борисовна – директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

Мектептің даму бағдарламасын, оның тұжырымдамасын жасауға қатысады. Оқу-тәрбие үдерісін, білім беру ұйымы қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары аясында білім беру үдерісінің сапасы мен білімді игеру нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады.

Оқушылардың білімін сырттай бағалау, ағымдағы және қорытынды аттестаттау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және бақылайды.

Оқу-тәрбиелік үрдісінің жағдайын, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етуді талдайды, күн тәртібі мен материалдарын дайындайды.Педагогикалық кеңес хаттамаларын жүргізеді.

Оқу үдерісін жетілдіру мақсатында семинарлар, тренингтер мен конференциялар ұйымдастырады және өткізеді.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, сондай-ақ қажетті құжаттаманы әзірлеу бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы мұғалімдердің жұмысын (пәндер: химия, биология,физика, математика,информатика,геогорафия) үйлестіреді.Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша мектепішілік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, мектепішілік бақылау, БЖБ және ТЖБ нәтижелері бойынша білім сапасын талдайды.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы әдістемелік бірлестік қызметін үйлестіру мен талдауды жүзеге асырады.

Мектептің ақпараттандыру мәселелерін қадағалайды, жүйелік әкімшіліктің жұмысын бақылайды.

Оқушылар құрамын қалыптастыру жұмысынұйымдастырады. Оқушылардың конитнгенті бойынша ҰБДҚ, Фаворит бойынша есеп береді.

Тарификация жүргізеді, мұғалімдердің демалысын есепке алады, сабақты ауыстыруды бақылайды, мұғалімдердің еңбекақысын есептеу үшін педагогикалық жүктеме табелін жүргізеді және оны бухгалтерияға тапсырады.

Мектеп құжаттарын (алфавиттік кітабы, қатаң есептегі құжаттарды) сақтауды есепке алуды ұйымдастырады.

9-11 сыныптардағы бейіндік оқытуда сұрақтарына жетекшілік етеді.

9-11 сыныпты жетекшілік етеді: журналдар, оқушылардың сабаққа қатысуы бойынша есеп беру, жеке істер, табельдерді тексереді. 

Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырады. Білім процесіне қатысты барлық мәселелер бойынша ата-аналарды қабылдайды.

Өзінің қызметтік міндеттеріне сәйкес мектепке бұйрықтар мен ережелері жобаларын дайындайды.

Кезекші әкімшіліктің міндеттерін орындайды. Мектеп қызметкерлерінің ішкі еңбек ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.