Туған жылы:18.06.1964
Білімі:жоғары, Қайнар/Екібастұз ПУ, 2006/1984 жыл
Мамандығы:қазақ тілі мен әдебиеті, бастауыш сынып
Еңбек өтілі: 39 жыл
Шаку Айнешовна Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жаңажол совхозында дүниеге келген. 1984 жылы Екібастұз педагогикалық училищесін, ал 2006 жылы «Қайнар» университетін тәмамдаған. 2006 жылдан бастап Павлодар қаласындағы №24 жалпы орта білім беру мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді. Ол – тәжірибелі, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагог. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын сынақтан өткізу және енгізу бойынша республикалық эксперименттің қатысушысы болған.
Шаку Айнешқызы оқытуда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Оның оқушылары бастауыш сынып оқушыларына арналған «Зерде» ғылыми жобалар байқауында жүлделі орын алып, Құрмет грамотасымен марапатталған. Сондай-ақ Мұқағали Мақатаев оқуларының жүлдегерлері қатарында. Республикалық ғылыми-әдістемелік басылымдардың алғысхатымен марапатталған. Шаку Айнешқызы – мейірімді, қамқор педагог, әріптестері, оқушылары мен ата-аналар қауымының зор құрметіне ие.
2025 жылы зейнеткерлікке шықты.
Туған жылы:28.06.1964
Білімі:жоғары, ПМУ, 2004
Мамандығы:тарих және география
Марапат: Павлодар кәсіподақ ұйымының Алғыс хаты, 2021 ж.Павлодар кәсіподақ ұйымының ҚГ 2010 ж.
Еңбек өтілі:35 жыл
Тарих-география факультетін бітірген соң, ол Павлодар облысының мектептерінде осы пәндер бойынша сабақ берді.
2014 жылдан бастап Павлодар қаласындағы №24 жалпы орта білім беру мектебінде тарих және география пәндерінің мұғалімі болып еңбек етті.
Бағдангүл Әлімжанқызы білім беруде заманауи педагогикалық технологияларды пайдаланып, уақыт талабына сай оқыту әдістерін үнемі жетілдіріп отырады. Оның оқушылары қалалық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері атанып жүр.
Бағдангүл Әлімжанқызы өзін білікті сынып жетекшісі ретінде көрсете білді, қоғамдық жұмыстарға да белсенді атсалысады. Бұл кісі — адал, абыройлы жан, бар ғұмырын жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арнаған ұстаз. Ол туған елінің болашағы үшін аянбай еңбек етіп, төзімділік пен табандылықтың жарқын үлгісін көрсетіп келеді.
2025 жылы зейнеткерлікке шықты.
Туған жылы:26.01.1964
Білімі:жоғары, Павлодар Инновациялық Университеті
Мамандығы: «Көркем еңбек,графика және жобалау» пәні мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі:35 жыл
Қабимолла Сәуле 1991 жылы Моңғолиядан Қазақстанға көшіп келіп, 1998 жылға дейін Лебяжі ауданы Жаңатаң ауылында қызмет етті. 2000 жылдан бастап Сәуле Қабимолла Павлодар қ. №24 ЖОМ еңбек етеді. Еңбекқор, жауапкершілігі мол педагог. Ол оқытудың заманауи әдістерін пайдаланып, тиянақты білім береді, оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен дағдыларын дамытады. Қабимолла Сәуле - Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының мүшесі, бірнеше кітаптың авторы. Өлеңдері мен мақалалары «Педагогика Хабаршысы», «Ұстаздар», «Сарыарқа самалы» газеттерінде тұрақты жарияланып тұрады. Қалалық, облыстық, республикалық сәндік-қолданбалы өнер байқауларының қатысушысы, түрлі дәрежелі дипломдардың иегері.
2025 жылы зейнеткешықты.


