ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара

Шахмат үйірмелерінің ашылуы туралы

Үйірмелер жұмысын ұйымдастыру үшін әр бір жалпы орта мектептерінде мамандырылған шахмат кабинеттері ашылды. Кабинеттер арнайы шахмат үстелдерімен, гроссмейстерлік сағаттармен және шахматтар жиынтығымен, әдебиеттермен, ойын үйренуге және ойын тактикаларын жетілдіруге арналған, компьютерлік бағдарламалармен жабдықталған. Оқушылармен сабақтарды математика, физика, информатика және дене шынықтыру сабақтарының мұғалімдері қатарынан 43 педагогтар жүргізеді. Солардың ішінде – қала мұғалімдері арасындағы шахмат ойындарының қалалық және облыстық спартакиадасы шеңберіндегі бірнеше дүркін жүлдегерлері мен жеңімпаздары бар. Үйірмелер қызметін ұйымдастыруға қала бюджетінен 2017 жылы 38,2 млн. теңге бөлінді. Үйірмелер қызметімен барлығы 2,5 мың оқушыны қамту жоспарланып отыр.