Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ұстаз жолы ұлылық, ұрпақ жүрер ұғынып»
15-10-2016 05:24

Білім көшін ілгері жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет қашанда жоғары болуы тиіс. Ұстаздар күніне орай мектебімізде «дөңгелек үстел» жиыны өтті. Бұнда білім беру саласында ұзақ жыл жемісті еңбек етіп, жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеуде жетістіктерге жеткен ардагер ұстаздардың орасан еңбектеріне лайықты құрмет көрсетілді. Қалалық білім бөлімінің ұйытқы болуымен өткен бұл жиынға облыс және қала көлемінде барлығы ... ардагер ұстаздар қауымы қатысты. Жиында ұстаздық - ұлы еңбек иелеріне шәкірттері жырдан шашу шашты.

Саналы ғұмырын білім мен ғылым саласында арнаған мұғалімдердің өмірін оқушыларға үлгі етіп, еңбектері мадақталды. Педагогикалық қызметке жаңадан қадам басқан жас мамандар көкейінде жүрген сауалдарын қойып, аға ьуын өкілдері еңбек жолындағы мол тәжірибелерімен бөлісті.

«Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында көп жылғы еңбегімді ескеріп, осындай жиынға қарсы алып отырғандарыңызға айтар алғысымыз шексіз. «Еңбек мұратқа жеткізеді» демекші, адам тынымсыз еңбек еткенде ғана мақсатына жетіп, құрметке бөленеді. Көк байрағы көгінде желбіреген еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» - дейді сала ардагері Абденбаева Камал Дияровна.

Оқушылар бүгінгі кездесуден ардагер ұстаздардың игі істерін болашақта тиімді пайдаланып, биіктерден көрінер деген үміттеміз!

ЖОББМ №37, тарих пәні мұғалімі Бәзен Б.Қ.