Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ұстаздар - жетістігі !!!
15-10-2016 05:07
Ұстаздар - жетістігі !!!

Ақырын жүріп,анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға.

Абай Құнанбайұлы

«Оқу инемен құдық қазғандай» демекші, келешек жас ұрпақтың саналы, білімді, азамат болып қалыптасуы білімге деген ізденісінің арқасында жүзеге асатыны анық.

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше мейірімділікті қажет ететін мамандық ұстаздық мамандығы. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз шебер ұстаздың ғана қолынан келеді. Осы орайда әрбір ұстаздың шеберлігін анықтау мақсатында білім бөлімінің басшылығының басшылығымен «Жылмұғалімі-2016» қалалық сайысы болып өтті. Сайыс үш кезеңнен (1кезең-өзін-өзі таныстыру, 2 кезең-шебер класс, 3 кезең-«Ұстаз шеберлігі») тұрды. Сайысқа қала бойынша барлығы 66 ұстаз қатысты. Біздің мектептен бастауыш сынып мұғалімі Адамбаева Асемгүл Маратовна, тарих пәнінен Қасымжанова Әлия Егинбаевна, технология пәнінен Кинжибаева Салтанат Николаевна, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Сахимзадина Маржан Даиргалиевна, физика пәнінен Жусупова Айдана Болатовна қатысты. Аталған мұғалімдердің барлығы білікті шығармашыл, әр уақытта ізденіс үстінде жүретін, шәкірттерінің жүрегінен жол таба білетін ұстаздар.

Өздерінің шығармашылық шеберліктерінің арқасында сайыстың барлық үш кезеңдерінде жоғары ұпай жинап, қатысушы ұстаздардың арасынан озып шыққан тарих пәнінің мұғалімі Қасымжанова Әлия Егинбаевна және орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Сахимзадина Маржан Даиргалиевна. Сайыс қорытытындысы бойынша Қасымжанова Әлия Егинбаевна «Шоқ жұлдыз» номинациясы бойынша, Сахимзадина Маржан Даиргалиевна « Шеберлік шыңы» номинациясы бойынша жүлделі орындарға ие болып, қалалық білім бөлімінің мақтау қағазымен сыйлықтарға ие болды. Алдағы уақытта ұстаздардың еңбегіне шығармашылық табыс тілейміз.

img_9086 img_9085 img_9089 ЖОББМ №37, тарих пәні мұғалімі Бәзен Б.Қ.