Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
№37 жалпы білім беру мектебінде соңғы қоңырау мерекесі өтті
27-05-2017 04:07
№37 жалпы білім беру мектебінде соңғы қоңырау мерекесі өтті

    Қуаныш пен жылулыққа толы мереке біржағына көңілімізді де жабырқатты, себебі балалықпен қоштасқан мектеп түлектер үлкен өмірге қадам басты. Әрине, соңғы қоңырау тек бітірушілер үшін ғана соққан жоқ, ол сонымен қатар, 9 сынып бітіріп, колледж бен лицей қабырғасында өз білімдерін кәсіби тұрғыда жалғастырғысы келетіндер үшін де соңғы рет соғылды.
       Мектеп оқушылары саптық түзеуге қаз-қатар тізіліп, Мемлекеттік туға бет түзеді, одан кейін Қазақстан гимні шырқалды.
   Мектеп бітірушілер, ата-аналар және ұстаздар қауымына өз құттықтауын жолдап, мектеп директоры Л.Б.Жусупова сөз сөйледі.
Мектеп бітірушілерге алдағы тұрған Мемлекеттік қорытынды аттестация және бірыңғай ұлттық тестілеу түріндегі сынақтардан сүрінбей өтеді деген сенімімен ақ жол тіледі. Барлық түлектерге өмірде өз жолдарын тауып, биік-биік асулардан өтулеріне тілек білдірді. Сонымен қатар, мектебіміздің бір жылдық тарихы ішінде қол жеткізген бірқатар жетістіктеріміз туралы айтып өтті. Осындай асуларды бағындыру жолында еңбек еткен ұстаздар, оқушылар және ата-аналарға зор алғысын білдірді.
     Мерекелік шара одан әрі 2016-2017 оқу жылында үлгілі тәртібі мен оқуда озат білімдері үшін мектебіміздің үздік оқушыларын мақтау қағазымен марапаттаумен жалғасты. Биыл мектебіміздің 152 оқушысы үздік деп танылды.
    Құттықтау сөздер мен марапаттаулардан кейін мектеп бітірушілер бірінші сыныптарды құттықтап, өздерінен кейінгі ізбасарларларына мектеп кілтін табыстады.
      Мерекелік алаңда бітірушілер биін билеп, әндер шырқалып, мектепке деген жүрекжарды тілектері айтылды.
    Мереке соңында әуеде қалықтап ұшқан шарлардың өмірдің жаңа бастамасы – үлкен өмірдің жақсы жаңалықтары мен жеңістерге толы сәтінің бастауы секілді көрінді.