Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл

тәуелсіздік

Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеудің күнтізбесі

1. Наурыз - Біртұтас болашақтың ұлты. Ұлы Дала дәстүрлері Ай Қазақстан халқы Ассамблеясы шаңырағының астында біріккен Қазақстан халқының бірлігі мен тұтастығына арналады. Ай бойы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарының негізінде қазақстандық қоғамның одан әрі топтасуына бағытталған іс-шаралар өткізіледі.

2. Сәуір - Зияткер ұлт. Нұрлы Болашақ Ай Қазақстанның білім, ғылым, зияткер ұлтты қалыптастыру саласындағы жетістіктеріне арналады. Оқуда, ғылыми жобаларда жоғары жетістіктерге жеткен жас дарынды қазақстандықтарды көрсету іс-шаралар желісі өткізіледі. Сонымен қатар, ғылым, техника мен өнертабысы саласында жетістікке жеткен еліміздің ғалымдарына ерекше назар аударылатын болады. Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы өткізіліп, онда тарихта тұңғыш рет Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы ретінде Мемлекет басшысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының есебі, оның ішінде "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асырудың есебі ұсынылады.

3. Мамыр - Бейбітшілік. Келісім. Достық Ай Қазақстанның бірлік пен келісімді нығайтудағы жетістіктеріне арналады. Мамыр бойы этномәдени бірлестіктерді, шығармашыл зиялы қауымды жұмылдыра отырып, Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық құндылықтарының сенімді қорғаушысы болып табылатын қазақстандық армияға ерекше назар аударылатын болады.

4. Маусым - Мемлекеттік рәміздер Ай мемлекеттік рәміздерге - Тәуелсіздіктің басты нышандарына арналады. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына мемлекеттік рәміздер "100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі мемлекет" Ұлт жоспары шеңберінде енгізілген жаңа форматта қолданылады. Патриоттық жас ұрпаққа арналған форумдар, құрылтай, әр форматтағы байқаулар өткізіледі.

5. Шілде - Астана. Отан. Жаңа қазақстандық патриотизм Ай Қазақстанның елордасы - Астанаға арналады. Астана - ел жүрегі, Еуразия жүрегі. Астана - Тәуелсіздік рәмізі, құт-береке бейнесі. Елордадағы және өңірлердегі барлық іс-шаралар Астанаға арналады. Іс-шараларда еліміздің жетістіктері Астананың дамуы тұрғысынан айшықталады.

6. Тамыз - Жаһандық бастамалар. Бітімгер Қазақстан Тамызда Қазақстанның жаңа тарихындағы екі ерекше күн бар: 29 тамыз - Қазақстан бастамасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні және 30 тамыз - Конституция күні. Қазақстан бүгінгі күні бүкіл әлемге Тәуелсіздіктің 25 жылы ішіндегі өзінің тамаша табыстарымен әйгілі. Сарабдал сыртқы саясаттың арқасында елімізді халықаралық аренада басты бітімгер ретінде де таниды. Ай бойы Қазақстанның бітімгер ел ретіндегі имиджін айқындай түсетін бірқатар іс-шаралар өткізіледі. Оларға жетекші халықаралық сарапшылар қатысады.

7. Қыркүйек - Еңбек. Отбасы. Құт-береке Ай "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарына: еңбексүйгіштік пен адалдыққа, отбасылық құндылықтарға арналады. Қазақстандықтардың қажырлы еңбегі еліміздің теңдессіз табыстарға жетуіне мүмкіндік берді. Бүкіл ай бойы Еңбек Адамын құрметтеуге арналған іс-шаралар өткізіледі. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы күнтізбесіндегі ерекше күн - Отбасы күні. Бүкіл ел бойынша "Мерейлі отбасы" Ұлттық байқауының өңірлік кезеңдері өтіп, Астана қаласында лауреат пен жеңімпаздарды марапаттайтын іс-шара оны қорытындылайды.

8. Қазан - Мәңгілік мұра Ай Қазақстан халқының ұлы мәдени игіліктеріне, өнер мен шығармашылықтың баға жетпес және бірегей үлгілеріне арналады. Дарынды қазақстандықтардың арасында байқаулар, театр фестивальдері, еліміздің музейлері арасында байқау өткізіледі.

9. Қараша - Индустриялық және инновациялық Қазақстан Ай Қазақстанның индустриялық дамуда инновациялар құру саласындағы жетістіктеріне арналады. Мемлекет басшысы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін әртараптандырудың аса маңызды элементі ретінде индустрияландыруды жариялады. Индустрияландыру шеңберінде мыңға жуық жаңа кәсіпорындар салынып, бүгінде оларда жүз мыңдаған қазақстандық жұмыс істейді. Индустриялық және инновациялық жетістіктердің тұсаукесерлері, форумдар, Ашық есік күндері өткізіледі.

10. Желтоқсан - Тәуелсіздік тарихы. Қазақстан жолы Ай мерейтой жылының жалпы оқиғалық күн тәртібін аяқтайды және Тәуелсіздік тарихын танымал етуге қалыптасудың, даму мен табыстың қазақстандық жолының айрықша бірегейлігін көрсетуге арналады. Желтоқсанның басты тақырыптары Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын мерекелеу болмақ. Бұдан басқа, 21 қараша мен 15 желтоқсан аралығындағы кезеңде жеке жоспар бойынша Тәуелсіздіктің мызғымас негіздерін білдіретін 25 жұлдызды күн өткізіледі. Жер-жерде мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық салаларында қоғамның топтасуы мен бірігуіне бағытталған атаулы оқиғалар өтеді.