Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Teacher of physical culture and initial military preparation

абжатов

Абжатов Қайырболат Айтқалиұлы – дене шынықтыру пәні мұғалімі.

Білімі жоғары, 2012 жылы «Дене шынықтыру және спорт» бакалавры мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын аяқтады. 2016 жылы Қазақстан Республикасы білі және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай 25 шақырым қашықтықтағы «Дуатлон» жарысына қатысқан үшін Мадақтамамен марапатталды. Қазақстан Республикасының Күніне арналған қазақша күрес бойынша Павлодар қаласының ашық біріншілігінде 81 кг салмақтағы балуандар арасында 1 орын алған үшін Мадақтамамен марапатталды. Қазақстан Республикасының Күніне арналған самбо бойынша Павлодар қаласының ашық біріншілігінде 73 кг салмақтағы балуандар арасында 1 орын алған үшін Мадақтамамен марапатталды.

жумаханова

Жұмаханова Сайран Қалелқызы - дене шынықтыру мұғалімі

Павлодар Педагогикалық Институты 1994 жылы «Дене шынықтыру» мамандығы бойынша бітірген. Жұмыс өтілі - 18 жылы. Санаты – жоғары. 2016 жылы 22 қарашада өткізілген қалалық «Тоғыз құмалақ» спортакиадасында қыздар арасында 1 орынға ие болды.

нурашева

Нұрашева Жанара Бөлегенқызы - дене шынықтыру мұғалімі

Павлодар Инновациялық Еуразия Университетінің 2006 жылы «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген. Жұмыс өтілі - 15 жыл. Санаты – 2. Павлодар мемлекеттік педагогиқалық институты «Жоғарғы педагогиқалық мектепте инновациялық білім беру ортасын институцияландыру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция шеңберінде 2016 жылы 26 ақпанда өткізілген «Білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық және ақпараттық технологиялар» атты семинарына қатысып, І- дәрежелі дипломға ие болған. Павлодар облыстық спартакиададан, 2016жылы 25 маусымда баскетбол турнирінде қыздар арасында қатысып үшінші орынға ие болған. 2016 жылы Павлодар облысының «Аймақтық оқу тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының» мадақтамасымен марапатталған.

биржан

Әлімжанов Біржан Мегданиятұлы - дене шынықтыру мұғалімі

Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтын 2005 жылы «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген. Жұмыс өтілі - 10жыл. Санаты - 2. Санатын жоғарылату мақсатында қала аралық тәжірибе алмасу сабағын өткізді.Қала аралық мектептер арасында шағын футболдан 2 орынға ие болды. Мектеп командасын дайындаған үшін дене шынықтыру және спорт бөлімі бастығының мадақтамасымен марапатталды.

 

жұпар

Бастемиева Жұпар Жанболатқызы - дене шынықтыру мұғалімі

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтін 2015 жылы «Дене шынықтыру» мамандығы бойынша бітірген. Санаты жоқ. Жұмыс өтілі -1 жыл. 2016 жылы 25 қазандағы Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің №301 бұйрығына сәйкес белбеу күресінен «Қазақстан РЕспубликасының спорт шебері атағын» иеленген.

байзаков

Байзаков Азамат Сансызбайұлы- алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәні мұғалімі.

Павлодар Мемлекеттік Институтын 2007 жылы «Алғашқы әскери және дене шынықтыру дайындығы» мамандығы бойынша бітірген. Жұмыс өтілі – 3 жыл. Санаты жоқ. 2014-2015 жетістіктері жеңіл атлетика, үстел теннис, шағын-футбол түрлерден, оқушылар 2014 жылы 43- спартакиада бағдарламасы, 2014 жылы 44- спартакиада бағдарламасы бойынша жүлдегері.

Жапарханов Даулет Ешанұлы - дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Білімі жоғары, 1995 жылы Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтын "Дене тәрбиесі" мамандығы бойынша бітірген. Жұмыс өтілі - 14 жыл. Санаты жоқ.

Алпысов Даулет  Ерсаинұлы - дене шынықтыру мұғалімі

Павлодар Педагогикалық Институты 1996жылы «Дене шынықтыру» мамандығы бойынша бітірген. Жұмыс өтілі - 21 жылы. Санаты – бірінші. Интернационалист жауынгер Аскар  Абдраимовты қыздар  арасында волейболдан  еске  алу  турнирінде  I орын Көктөбе ЖОББМ  марапаталлды. Қыздарды  дайындаған үшін алғыс жарияланды.Қазақстан  Республикасының  Тәуелсіздігіне 25 жыл мерекесіне  арналған волейболдан қыздар арасында жүлдегерледі дайындаған  үшін  грамотамен марататталды.2015 жылы Май  ауданының білім  беру бөлімінің Алғыс хатпен марапатталған.  2016 жылы  «Нұр Отан» партиясы Май аудандық филиалы атынан Алғыс хатымен марапатталды. 2016 жылы   Май аудандық  мәслихатының   Алғыс хатымен марапатталды.