Телефон доверия
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Адрес: ул.Береговая, 60/1
318415, 318416, 318408
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
среда с 17.00 до 19.00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Казахский язык

«Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер»бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

Мәтінді оқиды.   Тақырыбын, көтерілген мәселені  анықтайды. 

 

Биосфера  — Жер бетіндегі тіршілік кабаты.    Биоалуантүрлілік биосфераның тіршілік етуін шарты болып табылады. Рио-де-Жанейрода өткен (1992ж) БҰҰ конференциясында биологиялық ресурстар мен биологиялық алуантүрлілікті сақтаусыз тұрақты даму мүмкін емес екенін көрсетті. Биоалуантүрлілік – адамзатты ұзақ уақыт энергетикалық, техникалық және басқа ресурстармен қамтамасыз етудің негізгі көзі.  Жалпы алғанда, жердің геологиялық тарихында бір түрлер жойылып, басқалар олардың орнын басып отырады. Биосфераның жасы ұлғайған сайын түрлердің саны да артады. Адамның геологиялық күшке айналуынан бастап жеке түрлердің жойылу жылдамдығы экологиялық табиғи құбылыспен салыстыруға келмейтін жылдамдықпен өсе бастады. Табиғатта бір жануар не өсімдіктің жойылуы табиғи апат әкелуі мүмкін.  

Егер ертеректе бір түр орташа алғанда 2000 жылда жойылып отырды. Соңғы 300 жылда әр 10 жыл сайын жойылып отыр. 1600 жылдан бастап омыртқалы жануарлардың 173 түрі (109 құс, 64 сүтқоректілер) және өсімдіктердің 20 түрі жойылып кетті. Адамның барлық ірі ауқымды іс-әрекеті биологиялық алуантүрліліктің кемуіне әкеледі. Адам рельефті, өзен арнасын өзгертеді, батпақтарды құрғатады, ағаштарды кеседі. Экологиялық мәселелерді және биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы – Қызыл кітап. Қызыл кітап – қауіптің жаршысы. Қалпына келтірілген түрлер тізімнен шығарылады, нашарланған түрлермен толықтырылады.