Бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру
аралас (орыс / қазақ) тілде оқытатын дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы.
- Білім беру ұйымының атауы: Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қ. № 40 ЖОМ" КММ, Павлодар облысы білім беру басқармасы.
Мекен - жайы: Павлодар қаласы, Павлодар ауылы, Береговая көшесі 60/1, тел: 318-416.
E-mail: sosh40@goo.edu.kz
Бос лауазымның атауы:спорт нұсқаушысы-1 мөлшерлеме.
Функционалдық міндеттері:
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында дене тәрбиесі (дене шынықтыру) бойынша оқу, факультативтік және сабақтан тыс сабақтар өткізуді жоспарлайды және ұйымдастырады.
Білім алушылардың дене тәрбиесінің неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын енгізеді, оқытудың бүкіл кезеңі ішінде олардың денсаулық жағдайы мен дене дамуын, кәсіптік-қолданбалы дене даярлығының жүргізілуін бақылауды қамтамасыз етеді
Сабақтан тыс және каникул уақытында сауықтыру дене шынықтыру іс-шараларын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді, спорттық-сауықтыру лагерлерінің жұмысын ұйымдастырады.
Белгіленген нысан бойынша, оның ішінде құжаттаманы жүргізудің электрондық нысандарын пайдалана отырып есептілік жасайды.
Білім алушылардың танымдық белсенділігін, дербестігін, бастамашылдығын, шығармашылық қабілеттерін дамытады, азаматтық ұстанымын, қазіргі заманғы әлем жағдайында еңбек және өмір сүру қабілетін қалыптастырады, білім алушыларда салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастырады.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі», Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары және білім беру, дене шынықтыру және спорт, оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілер;
педагогика, психология негіздері;
жас ерекшелік физиологиясы, анатомия, мектеп гигиенасы;
дене тәрбиесі әдістемесі.методику.
Ақы төлеу:
-бір жылға дейінгі жұмыс өтілі бар арнайы орта білім: 110252 теңге;
- бір жылға дейінгі жұмыс өтілі бар жоғары білім: 136090 теңге
Біліктілік талаптары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығына сәйкес.
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім жұмыс стажына талап қойылмайды немесе техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта) жұмыс стажына талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер мамандығы бойынша жұмыс өтілі-3 жыл;
және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші үшін кемінде 3 жыл.
Кәсіби құзыреттерді айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) педагог:
- білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі керек;
- білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;
- білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;
- білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;
- кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру;
- сандық білім беру ресурстарын қолдану
2) педагог-модератор:
- "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
- оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қол
- дану;
- білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау;
- білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
3) педагог-сарапшы:
- "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
- ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеру;
- тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын сындарлы айқындау;
- аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау;
- аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
4) педагог-зерттеуші:
- "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
- Сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру;
- білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;
- тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын сындарлы түрде айқындау • ;
- облыс/республикалық маңызы бар қалалар және Астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтау (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
- облыс/республикалық маңызы бар қалалар және Астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
5) педагог-шебер:
- "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
- облыстық оқу-әдістемелік кеңесте немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған, жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) немесе авторлық бағдарламасы болуы тиіс;
- ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;
- тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау;
- республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындау.
- Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2022 жылғы 17 қаңтардан 2022 жылғы 24 қаңтарға дейін.
- Құжаттар тізімі:
- 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш ; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 24 қарашада № 25349 болып тіркелді;
- жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты жері мен байланыс телефондары көрсетіледі;
- педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамалары бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № КЖД – 175/2020 бұйрығымен ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;;
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік( болған жағдайда).
- 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 24 қарашада № 25349 болып тіркелді
