Телефон доверия
8 (7182)650607
Адрес: г.Павлодар, ул. Майры, д. 41/1 8(7182)655540-руководитель
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда, пятница 16.00-18.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Қалалық семинар

Балабақшамызда бүгін  қаламыздың балабақшаларында жұмыс істеп жатқан әріптестердің қатысуымен "Жеке тұлғаны дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер"  тақырыбында семинар өтті. Семинар III кезеңнен тұрды. I-ші бөлімінде  балабақшамыздың  қонақтарына   біздің  педагогтарымыздың  ұйымдастырған ашық көріністеріне қатысуларына жағдай туғызылды. Ортаңғы "а" тобында Р.Касымованың "Сыйқырлы су" атты зерттеу әрекеті ұйымдастырылды. Сондай-ақ Р.Хожаеваның "Түлкі мен торғай" атты ұйымдастырылған әрекеті, тәрбиеші Бердешева Динараның "Түлкі мен қоян" ертегісі, "Қимылдайын, айтайын" атты Мұратханованың ағылшын тілін оқыту әрекеті, тәрбиеші Мыржинова Аминаның "Құм еліне" жасаған саяхаты,балабақшамыздың хореографы Талғат Айнагүлдің "Күлше қызда қонақта" атты би сабағы балалардың тіл құзіреттіліктерінің , танымдық дамуының, деңгейінің көрсеткіші болды. Семинарымыздың II-ші теориялық бөлімін биылғы оқу жылында өз біліктіліктерін арттыруға үміткер тәрбиешілеріміз: Касымова Рымбала "Жеке тұлғаны зерттеу әрекетінің тиімділігі" тақырыбындағы  және тәрбиеші Хожаева Рахия "Мектепке дейінгі балалардың тілдерін дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер"  тақырыбындағы баяндамаларымен ашты. Сонымен қатар, балабақшаның ағылшын тілі маманы "Оқытудың жоба әдісі" тақырыбында баяндама жасады. III- бөлімінде алдымызда келе жатқан барлық аналардың мерекесіне арналған балабақшамыздың кішкентай бұлбұлдары мен бишілері қойған шағын ән шашуы келген қонақтарға тартқан сый болды.