
Самал Сүйіндікқызы 1991-1993 ж.ж. Павлодар қаласынының В.Воровский атындағы педагогикалық училищесін мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі мамандығы бойынша оқыды. 2017-2020 ж. аралығында Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің "Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы білім беру бағдарламасы бойынша БАКАЛАВР дәрежесі берілді. Жалпы педагогикалық еңбек өтілі 23 жыл. Әдіскер мамандығы бойынша санаты: педагог-сарапшы.
Еңбек жолын 1996 жылы Павлодар ауданының Ольгинка ауылында бастауыш сыныптарда қазақ тілі мұғалімі болып жұмысын бастады. 2002 жылдан бастап Павлодар қаласының №122 мектепке дейінгі гимназияда тәрбиеші қызметі бойынша жұмыс істеп, 2011 жылдан әдіскер қызметіне ауыстырылып жұмысын жалғастырды. 2016-2021 ж.ж. Павлодар қаласының №8 сәбилер бақшасында әдіскер болды. 2021 жылғы 27 қазаннан бастап Павлодар қаласының №5 сәбилер бақшасының басшысы болып тағайындалды.