Мектепке дейінгі мекемедегіпсихологиялық қызмет жұмысының мазмұны:
Балаға тәрбие берудегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаттары оның жұмысының мазмұнына сәйкестігімен анықталады:
1. Баланың әр жас ерекшелік кезеңінде толық жеке және интеллектуалдық жетілуін, өз-өзін тәрбиелеу және өз-өзін жетілдіру қабілеттерін дамытуын қамтамасыз ету қажеттілігімен анықталады.
2. Әр балаға жекелей ықпал етуді және осыған сәйкес балалардың психологиялық - педагогикалық жағын зерттеу ерекшеліктерін қамтамасыз ету маңыздылығымен анықталады.
3. Алдын алу міндеттерімен және балалардың жеке және ақыл-ой дамуындағы ауытқуларын жеңе білуімен анықталады.
Психологиялық қызмет келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1. Психологиялық алдын-ала жұмыс
2. Психодиагностикалық жұмыс
3. Жетілдіру және психологиялық түзету жұмыстары
4. Психологиялық кеңес жұмыстары