Сенім телефоны
8 (7182)650607
email: yasli_sad_5@mail.ru
Мекенжайы: Майра көшесі, 41/1
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі, жұма 16.00-18.00
Бір жылда3012351
Бір айда218524
Бір аптада25471
Кеше2934
Тәулік246
Біздің сәбилер бақшасының негізгі бағыты

Павлодар қаласы №5 сәбилер бақшасының

оқу-тәрбиесін жүргізудің негізгі концепциясы

Мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиелеу мен оқыту мазмұны Қазақстан Республикасының жаңа білім беру стандарты(2009) негізінде жаңартылған. Мектепке дейінгі балалық шақ — баланың моральдық-адамгершілік бейнесін қалыптастырудағы маңызды кезең. Дәл осы кезеңде баланың жеке тұлғасының дамуын анықтайтын құнды бағыттар, алғашқы адамгершілік түсініктері, сезімдері, әдеттері, қарым-қатынасы қалыптасады. Мектепке дейінгі білім беру үздіксіз тәрбие берудің алғашқы сатысының және балаларды ерте шақтан әлеуметтендірудің әлемдік үлгісі болып қала береді, өйткені тәрбиелік үдерістің үздіксіздігі бала өмірінің мектепке дейінгі, мектептегі және кейінгі жылдарын байланыстырады. Сондықтан да мектепке дейінгі мекемедегі  баланы дамытушылық және жеке тұлға ретінде қарай отыра оның қызығушылықтары мен құқықтарын түсінуде және құрметтеуде қажет гуманитарлық жаңа жолына бағыттайтын жүйесін қалыптастыру. 

Бұл тұжырым Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасында 2010-2020 жылдарғы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына, Бала құқықтары туралы конвенцияға, Адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының халықаралық декларациясына, «Жалпыға білім беру» бағдарламасына, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандартына негізделген.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі қағидалары:

1. Дамыту қағидасы

2. Табиғатқа сәйкестілік қағидасы

3. Адамгершілікке бағытталғандық қағидасы

4. Мәдениетке сәйкестілік қағидасы

5. Вариативті қағидасы

6. Жеке тұлғаның құндылығы және бірегейлігі қағидасы

1. Дамыту қағидасы

Іс-әрекеттің әр түрінде баланың эмоцияналды, рухани-адамгершілік, ақыл-ойының дамуы мен өздігінен дамуын бағдарлайды, ынталандырады және қолдау көрсетеді, мектеп жасына дейінгі баланың дербестік, бастамашылық, шығармашылық қабілеттіліктерінің көрінуіне жағдай жасайды.

2. Табиғатқа сәйкестілік қағидасы

Балаларды тәрбиелеу мен оқыту табиғат пен әлеуметтік-мәдени үдерістердің өзара байланысын ғылыми түрде түсінуге және мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатқа сәйкестілік қасиеттерін, жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігіне негізделеді.

3. Адамгершілікке бағытталғандық қағидасы

Тәрбиелеу мен оқытуда шығармашылық қабілеттілікті дамытуды, өзіне деген сенімін нығайтуды және «мінсіз Мен» жетістігіне жету мүмкіндігін, ересектермен тең құқықты және серіктестік қатынасты орнатуды болжамдайды.

4. Мәдениетке сәйкестілік қағидасы

Тәрбиелеу мен оқытудың жалпы адамзаттық құндылыққа негізделуі қажеттігіне, ұлттық мәдениет пен аймақтық салт-дәстүрлермен және аймақтық ерекшеліктерге сәйкес құрылатынына көз жеткізеді.

5. Вариативті қағида

Баланың жеке басының траекториясын анықтауға бағытталған мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асатын алуан түрлі білім беру бағдарламаларымен ұсынылады.

6. Жеке тұлғаның құндылығы және бірегейлігі қағидасы

Әр баланың жеке құндылығы мен қайталан бастығынан көрінеді («Барлық бала сүйікті — барлық бала бірдей!»).

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту процессінің жүзеге асырудың негізгі тәсілдері:

  • Жүйелі тәсіл
  • Жеке - іс-әрекеттік тәсіл
  • Жеке - бағдарлық
  • Құзыреттілік тәсіл

 

Жүйелі тәсіл

тәрбие - білім беру үдерісі компоненттерінің өзара байланысын көрсететін мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламалары және Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының сабақтастығын білдіреді.

Жеке - іс-әрекеттік тәсіл

баланы алуан түрлі іс-әрекеттер түріне кірістіру үдерісінде өзін жеке тұлға ретінде сезінуге көмектесуді және өзін танытуға мүмкіндік туғызуды білдіреді.

Жеке - бағдарлық тәсіл

баланың тұлғалық қасиеттерін дамытуға және өздік дамытуға бағытталған ерекше түрдегі білім бері үдерісін (ерекше мақсатпен, мазмұнмен, түрлермен, әдістер және технологиялармен) құруға негізделген.

Құзыреттілік тәсіл

 мәселені анықтауға, жауапкершілікпен шешім қабылдауға, оларды жүзеге асырудың жолдарын анықтауға, жетістікке жетуді жоспарлау мен ұйымдастыру үдерісіне, өзінің іс-әрекетіне және нәтижесіне баға беруге және өздік бағалауды іске асыруға мүмкіндік береді.

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту

тұжырымдамасын іске асыру механизмдері

Нормативті-құқықтық базамен қамтамасыз ету: ҚР "Білім туралы" Заңы (2007 ж), ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты (2008 ж), Мектепалды білім беру тұжырымдамасы (1998 ж), «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қолдау жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 ақпандағы № 83 қаулысы мен Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасында 2010 жылға дейін білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына.

  • Жоғары білікті педагог кадрларды даярлау.
  • Мектепке дейінгі ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтау.
  • Бағдарламалық - әдістемелік қорды қамтамасыз ету.
  • Жаңа білім беру және ақпараттық технологияларды енгізу.
  • Педагогикалық үдеріске қатысушыларды материалдық және адамгершілік жағынан ынталандыру.

 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ МАЗМҰНЫ

  1. Баланың денсаулығын сақтау және денесін дамыту:

балалардың салауатты өмір салтына қызығушылығы мен ниетін тәрбиелеу;

мәдени - гигиеналық дағдыларды меңгерту;

балаларды өзінің денсаулығына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу;

балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін жетілдіру;

спорт түрлеріне қызығушылықтарын дамыту;

дене сапаларын дамыту (ерік, мақсатқа талпынушылық, төзімділік, батылдық).

2. Коммуникативтік - тілдік дамыту:

мектеп жасына дейінгі баланың тілін жетілдіру және байыту;

мемлекеттік тілге қызығушылығы мен оны оқып-үйренуге қажеттілігін тәрбиелеу;

қарым-қатынас пен өзара әрекеттестікті реттеуде ана тілінде және басқа да тілдерде ауызша қатынас құралдарының әр түрлерін қолдану;

көркемсөзге қызығушылығы мен кітапты құрметтей білуді тәрбиелеу;

мектеп жасына дейінгі балалардың ересектермен және құрбыларымен бірлескен әрекеті үдерісіндегі қарым-қатынас мәдениетін және өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету және қалыптастыру;

ана тілін меңгерген, мемлекеттік және басқа тілдерде айналасындағы адамдармен ауызша және ауызша емес құралдардың көмегімен қарым-қатынасқа дайын мектеп жасына дейінгі көп тілді тұлғаны тәрбиелеу;

3. Танымдық дамыту:

балаларда қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар туралы ақыл-ойды жетілдірудің шарты ретінде қарапайым білімдер жүйесін қалыптастыру;

танымдық қызмет біліктері мен дағдыларын дамыту;

ақыл-ой әрекетінің (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, жіктеу және т.б.) негізгі жүйесін қалыптастыру;

мектеп жасына дейінгі балалардың жаңа әсерлер алуда танымдылығын, бастамашылығын дербестігін, әрекеттің түрлі құралдарының баламаларын іздеуді және байқап көруді, сұрақтарға жауап таба білуді және проблемалық жағдаяттарды шеше білуді дамыту;

қоршаған орта, өзі және басқа адамдар туралы баланың жалпы түсініктерін кеңейту;

4. Әлеуметтік - тұлғалық дамыту:

қоршаған әлеуметтік және табиғи ортаға адамгершілік қарым-қатынасты тәрбиелеу;

Қазақстан Республикасының рәміздеріне (елтаңба, ту, әнұран) құрметпен қарауға тәрбиелеу;

мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік қасиеттерін (ұлттық мақтаныш сезімі, адамдарға адамгершілікпен қарау, адамгершілік мінез-құлық) қалыптастыру;

өз халқына, оның рухани мәдениетіне және Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың мәдениетіне сүйіспеншілігін тәрбиелеу;

бала ↔ бала, бала ↔ ересек адам, балабақша ↔ отбасы,                  отбасы ↔ бала ↔ балабақша ↔ әлеуметтік орта қарым-қатынастарын үйлестіру арқылы төзімді мінез-құлықты тәрбиелеу;

отбасына, өз халқына және Қазақстан Республикасына жауапкершілік қарым-қатынасты тәрбиелеу;

қазақ халқының және елімізде тұратын басқа да халықтардың мәдениеті мен тарихына балалардың қатысты болуын қамтамасыз ету;

еңбекке жағымды қарым-қатынасты, еңбек түрлеріне жауапкершілік пен шығармашылық қарым-қатынасты қалыптастыру;

ересектер мен түрлі мамандық иелерінің еңбектеріне ұқыптылықпен қарауға, өз еңбегінің басқалар үшін маңыздылығын түсінуге тәрбиелеу;

5. Шығармашылық тәрбие:

 

балалардың қоршаған ортаға көркем - эстетикалық қатынасын қалыптастыру;

балаларды өнер түрлерімен және жанрларымен, қазақ халқының шығармашылығымен таныстыру;

көркем - эстетикалық ұғымдарын, түсініктерін және пайымдауларын қалыптастыру;

балаларды белсенді көркем - эстетикалық қызметке баулу;

қазақ халқы мен республикамызда тұратын басқа да халықтардың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары мен тұрмысын тану арқылы көркем - эстетикалық қабылдауларын дамыту;

мектеп жасына дейінгі балаларда қоршаған ортадағы болмысты өзгерту қажеттілігін, жаңаны құруға қабілеттілігін ойынның көмегімен дамыту;

бала ойыншықтарының көмегімен әлем туралы түсініктерін қалыптастыру, талғамын және адамгершілік сезімдерін дамыту;

балалардың шығармашылық қабілеттерін ойынның әр түрінде дамыту.

Ата-аналармен жұмыс:

үш жақты субъектісі «бала + ата – ана + педагог» қарым-қатынастарында отбасымен өзара әрекеттестікті ұйымдастыру;

мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу әдістері мен технологияларын меңгеруде ата-аналарға көмек көрсету;

ата-аналарда тәрбиеші қасиеттерін қалыптастыру мақсатында педагогикалық білімдерді меңгеруге көмектесу;

  • ата-аналармен ашық және сенімді қарым-қатынастарды:
  • адал және ашық қатынас;
  • тәрбиелеуде өзара келісілген мақсаттар;
  • ашық екіжақты ынтымақтастық негізінде құру.