Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182)650607
Адрес: г.Павлодар, ул. Майры, д. 41/1 8(7182)655540-руководитель
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда, пятница 16.00-18.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Сафура Ермекқызы Оспантаева

 

Кішкентай тышқанның саяхаты    

Коррекциялық мақсат:Ш дыбысын буында және сөзде автоматизациялау.

 Коррекциялық міндеттер:

      1.Ш дыбысын артикуляциялық жаттығуларда жаттықтыру.

2.Ш дыбысын буында, сөзде дұрыс айтуға үйрету.

3.Зат есімді жекеше және көпше түрде  жаттықтыру.

     4.Балалардың ойлау, көру қабілеттерін , ұсақ моториканы дамыту.

Қолданылатын құралдар:

 Кішкентай тышқанның ойыншығы, саяхатқа баратын  тірек - картасы, жапырақтардың трафаретті суреттері, артында символдары бар заттық суреттер,  «Сатып алынған заттар»  жаттығуға  арналған заттық суреттер, қарындаштар, жеке дәптерлер,

 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Логопед. Бүгін сендер кішкентай тышқанмен кездесесіңдер.Сендердің адаспауларың және  ештеңені ұмытпауларың үшін  тірек - картасын қалдырыпты .Сендер  картаның  басында  нені көріп тұрсыңдар?

Балалар: Үйді.

2. Логопед.   Бұл үйде кішкентай тышқан тұрады.

Тышқан оянды, терезені ашты, сыртқа шықты  «Күрек» жаттығуын жасайды , «Тістерін тазалады»,  «тәтті тосап»жеді , бір,екі, үш  «кесе» шай ішті. Сонан ссң ойын ойнады «Мақтаға үрлеу» тыныс алу жаттығу.

3. Логопед қарандаршы балалар, үйдің жанында не жатыр? Тышқан құрғақ жапырақтың үстінен жүгірді:   

Балалар:  Ш-Ш-Ш дыбысын шығады.

Ойын: «Мен бастайын, сендер аяқтаңдар...»

                        ша....        қала...        аға ...       қарында....

4. Логопед.   Бұл жол қайда бара жатыр?

Әріптерге.  Бізде   осындай  әріптерді  құрастырып  көрейікші.Не шығады?

Балалар: Ша –шо- шу- ши

5. Логопед.  Тірек-картада келесі не?  Бұл қандай ағаш?  Шырша. Шыршада қандай құс отыр? (торғай). Ол қалай шиқылдайды?  ШЫҚ-ШЫҚ-ШЫҚ.

Тақпақ: Торғай,торғай тоқылдақ,

Жерден тары шоқып-ап.

Бөтегесі бұлтыйып,

Шық, шық, деп ол отырмақ.

6.  Тірек-картамыз нені көрсетеді? Алдымызда ағаштар жатыр ,жол салу үшін текқана  Ш  дыбысы бар суреттерді алу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

  Машина

 

 

 

 

 

   ілгіш

 

 

 

 

 

қарындаш

 

 

 

 

 

шырша

 

 

 

 

 

ойыншық

 

 

 

 

 

      шар

 

Балалар жолмен келе жатыр, ал суреттері  артында  аударылып жатады.

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7.Жолмен тышқан бізді дүкенге әкелді. Айтындаршы, ол дүкеннен нені сатып алды?

Бала: Тышқан көп ойыншықтар сатып алды.

Бала: Тышқан көп машиналар сатып алды.

Бала: Тышқан көп шарлар сатып алды.