«Білім еске сақтаумен емес, өзіңнің ойлау күшіңді
жұмсап алған кезде ғана білімге айналады»
Л. Н. Толстой
Ағылшын тілін үйретуде жоба әдісінің алатын орыны
Жоба әдісі – бұл дидактикалық мақсатқа мәселені жан-жақты ашу арқылы жету;
бұл алдыға қойған мақсатқа жету барысындағы балалардың әрекеттері мен қолданатын әдіс-тәсілдерінің бірізділік байланысы.
Жоба әдісі– оқу үрдісін жеке- дараландыратын кешенді оқыту әдісі. Балаға өз әрекетін ұйымдастыруға, басқаруға және жоспарлауда дербес әрекет жасауына мүмкіндік береді.
" It's Delicious!” – “Өте дәмді!” жобасы
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Алғашқы кезеңде жобаның тақырыбы және оның соңғы мақсатын анықтап қана қоймай , жобаны жүзеге асыруға қажет факторларды да айқындап алған дұрыс:
- Балалардың тез жалығатындығын ескере отыру, олардың бағдарлама бойынша таңдалынып алынған тақырыпқа сай лексикалық бірліктерінің болуы;
- нәтижелерді ұсынудың тиімді түрлерін таңдау;
- балалармен бірге жұмыстың жобалы жоспарын құрастыру және талқылау.
2. Жобаны жүзеге асыру
Жобаның ең көлемді кезеңі- ақпарат жинау кезі, өздері білетін білімді қолдану, түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасау, жаңа білім жинақтау.
Барлық бала бірден және оңайлықпен жоба жұмысына кірісіп кете қоймайтындығын айтып өткен дұрыс.Бала орындай алмайтын тапсырманы беруге болмайды. Тапсырмалар жобаға қатысып отырған әр баланың жеке білім және дағды деңгейлеріне сай болуы керек.
Мұғалім жобаның осы кезеңінде балалардың тілдік бірлікті үйренуіне көп күш жұмсайды.Себебі осы кезеңде қолданылған грамматикалық құрылымдар және лексикалық біріктер бала есінде берік сақталып қалады. "It's Delicious – ”Өте дәмді!” жобасымен жұмыс жүргізудің алғашқы кезеңінде балалар тағам тақырыбына лексико-грамматикалық құрылымдарды меңгереді.Төмендегі кестеде балаларға берілетін құрылым түрлері көрсетілген
1-ші кесте
|
Words on topic "Food" |
Grammar |
Structures for dialogues |
|
Apple sweet ice-cream cup tea milk juice glass coffee drink egg porridge meat soup potato tasty buy fruit vegetable carrot food
|
some There is There are |
Pass me the salt please Would you like а cup of …? I’m hungry I’m thirsty
|
1. Балалар қысқа диалог құрастырады. Бұл жұмыс жұптық немесе үштікпен жүргізіледі.
2. Кейін топ екі топқа бөлінеді. Топтың әр қатысушысы өзінің жеке юобасы бойынша жұмыс бастайды. Балалар кафесіне арнап өзінің жеке тағам түрін ойлап табады.Оған қосылатын заттардың тізімін жазады, өз ойынан шыққан ас түріне өзінше ат ойластырады.Өз жобасын балалар сурет түрінде немесе жапсыру арқылы безендіреді.
3.Әр топ өздерінің балаларға арналған дәмханаларына ат қояды және ас мәзірі ұсынылған кітапшаны әрлендіреді.Балаларға әртүрлі ас мәзірі кітапшаларының үлгілері ұсынылады. Дәл осы кезеңде ата-аналардың көмегі де қажет болады. Олар суреттерді өз балаларына сканерлеуге және жапсыру жұмысын жасауға қолғабыс тигізеді. (2кесте)
2 кесте. Компьютерден алынған суреттер
|
|
|
|
4. Әр топ «Дәмханада» тақырыбына өздері жасаған ас мәзірін қолданып өздерінің диалогтарын құрастырады.
Осы кезеңде мұғалім мен бала арасындағы жеке жұмыс жүреді.Бұл кезеңде негізгі тілдік және грамматикалық бірліктер бекиді және жақсарады.
"It's Delicious – ”Өте дәмді!”жобасынан күтілетін «Ас мәзірі» тақырыбына жобалы иллюстрациялар мен диалогтар (3,4-ші кестелер.).
3-ші кесте
|
|
|
|
|
- Hello! Welcome to our cafe “Sweet tooth” -Hello! Can I have a menu please? -Here you are … -Are you ready to order? -Yes, I’d like salad “Karabas” and ice-cream “Sweet berry” -Vanilla, raspberries or strawberries ice-cream? -Strawberries, please. -Would you like marmalade or jam? -Orange marmalade, please -Here you are -Thank you -You are welcome. |
- Hello! Welcome to our cafe “Winnie-the-pooh” -Hello! Can I have a menu please? -Here you are -Are you ready to order? -Yes, I’d like fried eggs “Smile face” and milkshake “Little sun” -We have vanilla, chocolate, orange, strawberries, raspberries. What ice-cream would you like? -Orange, please -Orange milk shake with ice? -No ice - With cherries, bananas or blackberries? -With cherries, please. -Here you are -Thank you -You are welcome
|
3. Презентация.
Жобаның үшінші қортынды кезеңінде балалар «Ас мәзірі» кітапшасын өз қолдарымен жасайды. Сурет салуға арналған барлық құрал жабдықтар кеңінен пайдаланылады. Қарындаштан бастап акварель және гуашь бояулар.Сонымен қатар қағазбен жұмыс жасағанда қолданылатын желімнен басқа да темір қысқыш сияқты құралдармен жұмыс жасаған балаларға үлкен шабыт береді, жаңа құралдармен жұмыс жасап үйренеді.






