Ертеңгілік гимнастика
« Қаздар»
I-бөлім (Балалардың бастарында қаздың маскасы тағылған)
Тәрб: Біз бүгін не боламыз? -Қаздар. Онда біз қаздар болып жаттығу жасайық.
-Қаздар, қаздар.
-Қаңқ- қаңқ-қаңқ!
Қаздар, қаздар қайтыңдар. (Ұшып тәрбиешінің қасына келеді)
Жүру түрлері.Қаздар шалғында жайылып жүр. Қаздар қанатын жоғары көтереді(аяқ ұшымен)
Қолды артына қойып, өкшемен жүру . Қаздар шалғында демалып жүр, бір аяғын көтеріп, екінші аяқпен алмастыру.
Жүгіру түрлері: Баяу жүгіру. Қаздар күнге қарап қуанады.
Қаздарша суға қарай секіріп жүгіреді.Қанатын жайып жүгіреді.
II-бөлім
1. «Қаздар қаңқылдайды»
А)Б.қ.:тұру, аяқтар иық деңгейінде қолдары жанында.
Қолдарды жанынан жоғары көтеріп, «қаңқ-қаңқ-қаңқ» - деу. – 3-4 рет
Ә)Б.қ. келу 5 рет қайталау, баяу үрдісте. Балаларға бұйрық :«Арқаларыңды тік ұстаңдар»
2. «Қаздар ысылдайды»
А)б.қ. аяқ иық деңгейінде, қолдары артта. Алдына еңкейіп 3 рет ыс-ыс-ыс деу.Ә)Б.қ. 6 рет қайталау балаларға бұйрық: «Бастарыңды түсірмеңдер», «қолдарыңды барынша артқа сермеңдер»
3. «Қаздар күнге ұмтылады»
А) Б.қ. Өкшені басып отыру, қолдары жанында. Тізерлеп тұру, қолдарын жоғары көтеру және саусақтарды айқастыра « құлып» жасап қысу.
Ә) Б.қ.5 рет қайталау,бір қалыпты үрдісте.
Балаларға бұйрық «арқаларыңды тіктеңдер»
4. «Қаздар жасырынып қалды»
А)Б.қ. Тұру, аяқтар иық деңгейінде, қолдары артта. Аласа отыру, басты бұрып тізеге қою, қолдарды түсіру.
Ә) Б.қ. 5 рет қайталау. Бір қалыпты үрдіс.Тәрбиешінің көрсетуі және түсіндіруі.
5. «Қаздар ұшады»
А) Б.қ. тұру, аяқтар иық деңгейінде ,қолдары жанында.Оң не сол аяқты алдыға созу, еңкею, екі қолды барынша артқа қарай созып ұшу.
Ә) Б.қ.5 рет қайталау.Бұйрық «Еңкейіп қолды барынша артқа созу»
6. «Қаздар қанат қағады»
А) Б.қ.Тұру, аяқтар иық деңгейінде.
Қолдарды жанына созып, қанат қағу.
Ә) Б.қ. келу 5 рет қайталау.
Балаларға бұйрық «Арқаны тік ұстаңдар»
7. «Қаздар қуанады»
А). Б.қ. тұру аяқ сәл ашық, қолдары артында.
Қолдарын алдына сермеп, 8 рет секіру, жүрумен алмастыру.3 рет қайталау, жылдам үрдісте.
Ә) Б.қ.
ІІІ кезең:
Тыныс алу жаттығуы.
«Қаздар шаршады»
Қанаттарын жоғары көтеру,
біртіндеп «қаңқ, қаңқ, қаңқ» - деп - қолды төмен түсіру – 3-4 рет
