Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182)650607
Мекенжайы: Павлодар қ., Майра көшесі, 41/1 үй 8(7182)655540-басшы 8(7182)650609-хатшы 8(7182)650611-есепші 8(7182)526096-вахта
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі, жұма күндері, сағ.16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Білім сайысы

 

 

«Білім ағашы»

Мақсаты:Сауат ашу сабағынан  алған білімдерін қорытындылау, сөздік  

                 қорларын арттыру, жүйелі сөйлеуге қалыптастыру

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгіме, иллюстрация

Көрнекіліктер:оқу құралдары, қуыршақ, карточкалар, «Білім ағашының»

                          суретің колькулятор суреті

Сабақтың барысы:  І Ұйымдастыру кезеңі

 Жарты шеңберге тұрып: Сары ақпыз қарамыз

Бәріміз де баламыз

Бір қалада тұрамыз

Бір мектепке барамыз

-Балалар, сендер күзде қайда барасыңдар?

-Мектепке барамыз

-Мектепте не істейсіңдер?

- Білім аламыз

-Қандай оқушы боласыңдар?

-Білімді, ақылды, озат оқушы боламыз

-Міне, балалар Аружан деген қыз да мектепке дайындалып жүр екен. Бірақ Аружанның көңі-күйі жоқ сияқты, өйткені мектепке дайындап қойған құралдарын жоғалтып алыпты. Сендер оған көмектесіңдерші.

-Құрал-жабдықтарды қайдан байқап тұрсыңдар?

-Ағаштан

-Балалар, бұл жай ағаш емес қой, «Білім ағашы» ғой. Білім ағашы Аружанды сынамақ болу үшін алған ғой. Аружан жалғыз күшім келмейді, сендер көмектесіңдерші дейді.

- Көмектесесіңдер ме?

-Ендеше, Аружанның күнделігін алуға көмектесейік.

-Ол үшін мына колькулятордағы «буындарды қосып» сөздер шығарып көріңдер.

-Кітап, күнделік, әліппе сөздері шықты.

-Жақсы бұл заттарды жалпы қалай атаймыз?

-Оқу құралдары деп атаймыз. Енді осы сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрайық.

-Жақсы балалар күнделікті сөмкеге салып қояйық.

-Енді Аружанның «Әліппе» кітабын алып беру үшін кітап, қалам, дәптер, күнделік сөздеріне дыбыстық талдау жасайық.

- Жақсы, Аружан сендерге өте риза болып тұр.Келесі тапсырманы жасап көрелік.

-Жазу құралы қалай аталады?

-Қалам. Дұрыс, ендеше, Аружанның қаламын қайтарып беру үшін сөйлемдер құрап көрелік.

                                                                                                   ?

 

 

 

 


 

                                                                                                   .

-Жақсы, кім тақтада орындап береді?

 

-Жақсы, сөйлемді тамаша орындадыңдар.

-Енді Аружанның қылқаламын алыпберу үшін «Сөзжұмбақ шешіп» көрейік.

20.15.26.24.37.11-3.38.16.38.17.       10.20.15,

3.38.16.38.17.24.38.11-14.28.18.38.19.        10.20.15.

 

-Қандай мақал шықты?

-Оқусыз - білім жоқ,

  Білімсіз – күнің жоқ.

-Тамаша орындадыңдар , балалар.

-Енді Аружанның қаламын алу үшін ойын ойнап көрелік.

1. Аружан бірінші сыныпқа барды. Оған қандай тілектер айтылды?

2. Аружан мектеп асханасынан балмұздақ алғысы келді. Ол қандай сыйқырлы сөздер айтады?

3. Аружан мектепке автобуспен  келе жатқанда, аялдамадан кәрі ата жақындады.  Ол қандай сыйқырлы сөздер айтты?

 

Қорытындылау:Жақсы, балалар  сендер көп сыйқырлы сқздер біледі екенсіңдер. Аружанның мектептегі өмірі қалай болады деп ойлайсыңдар?

Сендер Аружанға көп көмек көрсеттіңдер. Ол көп рахмет айтады. Ол да сендер сияқты мектепте білімді, ақылды боламын деп тырысамын дейд.

Ал, сендер қалай ойлайсыңдар, сендер мектепке дайынсыңдар ма?