Баланы зерттеушілік әрекетке үйрету барысында өзіндік жұмыс жасау икемін дамыту, өзіндік жоспарларға мәселе қозғауға, нәтижесін бағалауға үйрету
Зерттеушілік мінез баланың қоршаған орта туралы түсінік алуының маңызды шарттарының бірі, ал зерттеушілікке оқыту баланың қоршаған ортаны өз бетінше танып білуіне деген табиғи құштарлығы негізінде құрылады. Зертеушілікке оқытудың басты мақсаты- адамзаттық мәдениеттің кез-келген саласында жаңа тәсілдерді өздігінен және шығармашылықпен қолдануды қалыптастыру. Білім беруде оқытудың зерттеушілік әдісі бұрыннан-ақ қарастырылған, бірақ практикада кең көлемде қолданылмады. Шығармашылық, зерттеушілік мүмкіндік адам өмірінің үшінші ондығында емес, ата-ана баланы балабақшаға әкелгеннен қалыптаса бастайтындығын көпшілікке ескере бермейді. Шығармашылық пен зерттеушілік ізденістің қазіргі заман талабы деп зерттеушілік әдісті жоғары қойюы оқытудың басқа әдістерін төмендету емес, оның артықшылығын көрсету. Зерттеушілік әдіс- жеке шығармашылық ізденіс арқылы білімге жету жолы. Оның құрамына: мәселені анықтап қоя білу, болжау жасау, бақылау, тәжірибе. Эксперимент, соның негізінде ой жүгірту және қорытынды шығару жатады.
|
Мәселені анықтап, қоя білу |
|
Болжал, жорамал жасау |
|
Бақылау |
|
Ой тұжырымдау |
|
Қорытындылау |
|
Эксеримент |
Зерттеушілік әдістің құрамының бірі мәселені көріп қоя білуге үйретуге тоқталғым келеді
Мәселе – зерттеуді, шешуді қажет ететін қиындық, белгісіздік. Көптеген ғалымдар мәселені көріп қоя білу оны шешуден маңызды және қиын деп есептейді. Балабақшада баланың қоршаған ортадағы заттармен немесе материалдармен қарым-қатынас болуы, қарапайым тәжірибелер жасауы, олардың құрамы, сапасы жөнінде біліп, көп білуге құштарлығын, қызығушылығын оятып, қоршаған әлемнің бейнесі туралы түсінігін молайтады. Тәжірибе үстінде бала бақылауға, пайымдауға, салыстыруға, сұраққа жауап табуға, шешімге келуге, себеп-салдардың байланысын анықтауға, қауіпсізідік ережесін сақтауға үйренеді.
Мәселені көріп білу- ойлаудың бір қасиеті. Ол ұзақ уақыт бойы және түрлі әрекет үстінде дамиды, яғни балабақшада күнделікті өмірде, сабақта және сабақтан тыс балалардың түрлі әрекетінде ұйымдастырылуы қажет. Мысалы: «Әлемге бөгде көзбен қарау» жаттығуын қолдануда балаларға аяқталмаған әңгіме оқылады. «Қыс. Ертеңгілік аспанды қара бұлт торлап, қар жапалақтай бастады. Ұлпа қар үйге, ағашқа, жолға түсіп жатыр.... Ормандағы қоян болсаң осы қарға қалай қарайсың?»
Балаға әңгімені аяқтау тапсырылады.Бала алдына қойған мәселені шешуге ұмтылыс жасап, оның ойлауы, қиялдау, зейін қоюы дамиды, ойын тұжырымдап, дәлелдеп айтуға үйренеді. Бұл тапсырма кезінде балалар жауабы сыналмайды, керісінше қызықты, соңғы ойлар аталып бағалануы тиіс.
Тағы мына жаттығуды да алуға болады. «Заттың қаншалықты мәні бар?» жаттығуында балаларға ерте таныс зат беріліп, соны іс-жүзінде қолданудың жаңаша жолдарын табу ұсынылады. Мысалы : қарындаш кірпіш. Бұл тапсырманы орындауда бала ойын, зейінін бір затқа шоғырлануға үйретеді. Баланың эмоциясын, ойын, сезімін тез өзгертуге мына ойынды ойнауға болады. «Карусель» ойыны: педагог балаларға ойша каруселге отыруды ұсынады, олар шеңберге тұрып лентаның ұшын ұстайды. Ленталардың ұшы балалардың үстінде обручке байлаулы болады, осы лентаны ұстап шеңбер бойымен айналып, толық бір шеңбер жасап түрлі аялдамаларға тоқтайды мысалы «Әлемдерде», «Су әлемінде», «От әлемінде», «Ауа әлемінде». Бұл балаларға жан-жағында болып жатқан өзгерістерді үйретеді.
Балаларға осындай мәселе қоя білуге үйреткеннен кейін балаға осы мәселе барысында нені білгісі келетіні, не оған қызық болғаны туралы білу үшін балаға сұрақ қоя білуді үйреткен де дұрыс. Егер бала өзінің неге қызыққанын педагогкқа сұрақтар қою арқылы білдіре алса жұмыс арқы қарай тиімді жалғаса береді, бала білгісі келген мәлеметін біліп, білімін толықтырады.
Педагог ғалым Капустина Н.И балалармен сұрақ қоя білу сабақтарын өткізуді ұсынады. Бұндай сабақтың шарты : балалардың тілідік қорларын, тілдік жаттығуларды, балаға түсінікті тапсырмалар, зейіндерін тұрақтауға, бір-бірлеріне жүйелі, нақты сұрақтар қоя білуді көздейді.
Өйткені,мектепке дейінгі жастағы балалар зерттеу жұмыстарын жасау барысында күрделенген жолдар, тәсілдерді тез таңдап алады да, зерттеудің соңына дейін шыдамдары жетпей, жалығып, қызығушылықтары басылып қалады, осындай мәселе болмас үшін мынадай жұмысты жасауға болады. Мысалы: балаға ішінде алма, қарандаш, қол орамал, немесе қалам салынған жәшікті ұсынуға болады. Осыдан кейін балаға сұрақ қойылады: «Сен мына жәшіктің ішінде не бар екенін білгің келе ме?» « Бірақ, сен не бар екенін білу үшін сұрақтар қоюың керек, мен сол сұрақтарға жауап беремін» деп ұсынсақ, бірақ бала өз ойымен дұрыс тәсілге жүгінбей,қателесіп жатса- балаға сұрақтар қоюды ұсыну керек.Тәрбиеші: «Менен жәшіктегі затты не үшін керектігін сұрашы? Онымен не істейтіндігін, Ол неден жасалғанын, Пішіні қандай?, Өлшемі ше? Түсі қандай» .Мысалы: Мына жәшіктегі зат үйлерді жылытуға қажет.Бұл затпен жол жасауға пайдалануға болады. Бұл заттың табиғи пішіні үлкен, түстері әр түрлі болады. Осындай жүйелі сұрақтардың барысында балалар, дұрыс жауапты тез тауып алуға тырысады.Мысалы бұл заттың аты-Тас деп тез табады. Осындай мәселені шешіп, сұрақтардың жауаптарын білгеннен соң болжам жасауға үйретеміз.
Болжам- шамамен болуы ықтимал, әлі қисындылығы дәлелденбеген және бекітілмеген түсінік. Болжам- мәселені шешудің жаңа нұсқасын табуға теориялық талдауда және эксперимент кезінде жасалады. Болжам жасағанда бала мәселеге басқа қырынан қарап мүмкін, шамамен, болуы мүмкін, бәлкім, ықтимал, егер де сөздерін қолдану арқылы пікірін жеткізуге дағдыланады. Мысалы: «Құстар неге жылы жаққа ұшады?», «Қыста қар, жазда жаңбыр жаууының себебі неде?» Осы мәселелерді шешу үшін бақылау, эксперимент жасалынады. Осы жұмыстар орындалғанда ой тұжырымдалынады, қорытынды жасалынады. Осындай жұмыстар жасалынып біткеннен соң бала өзіне үлкен жаңалық алады, өз жұмысын өзі бағалап, өзіне деген баға қою қабілеті артып, келесі жұмысты қорықпай қызығушылықпен жасауға тырысады.
Мектепке дейінгі балалардың мәселені қозғауға үйрету тәсілдері төменгі кестеде:
|
Сұрақ қоюға үйрету |
|
Ойындар ойнау |
|
Шығармашылық тапсырмалар |
|
Тренингтер жүргізу |
|
Арнайы жаттығулар жасау |
|
Баяндау,әңгімелеу,дәлелдеуге үйрету |
|
ТРИЗ әдістерін |
|
Басқа көзбен қарап сипаттау |
|
Қиялын әңгімелеуге үйрету |
|
Арнайы тіркестерді қолдану |
|
Не үйренгім келеді? |
|
Не үйрендім? |
|
Не білдім? |
|
Зерттеудің мақсатын көре білуге үйрету |
Қорыта айтқанда, көне Қытай мақалындағыдай: «Аш адамға балық берме, қармақ бер, ол өзіне қанша балық қажет болса, сонша аулап алады» демекші, өмірді жаңа тани бастаған мектеп жасына дейінгі баланың зерттеушілік әрекетін жүйелі де дұрыс ұйымдастыру- алғыр ойлы, зерек, қағілез, ширақ, батыл балдырғанды тәрбиелеудің алғы шарт.
