"Балықтар" Тәрбиеші: С.Оспантаева
С/мақсаты:Балықтың суретін түрлі әдістермен қолданып салуды бекіту.
С/міндеттері:1)сурет салғанда дұрыс отыруға, қарым-қатынасқа, адамгершілікке, табиғат сүіспеншілікке, тазалыққа,шыдамдылыққа тәрбиелеу;
2) көру,ойлау, есту қабілеттерін, қиялдарын, ұсақ және жалпы моториканы дамыту;
3) балықтар туралы білімдерін бекіту.
Әдіс-тәсілдер: шашу, сулау, губкамен қолданып сурет салу.
Керекті құралдар: қарындаш, гуашь, фломастер, губка, щетка,тарақ, су,су құйғыш,сүлгі,акварель,политра,жуан,жіңішке қылқаламдар,суреттер, таратпалы сурет-балықтар,қағаз.
|
кезең |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық кезең |
Сәлеметсіңдерме, балалар,бүгін қандай тамаша күн, балық аулауға барамыз ба?Тұра тұрыңдар, ұмытып барамын,бір суретші сурет қалдырған еді,көрейікші.Бұл суретпен не айытқысы келген еді? Бала неге жылап тұр? Балалар,сендер мысыққа кінә тақпандар, өйткені ол да басын ұстап ойлап отыр. Қалай көмектесеміз? |
-балалар амандасады; -алақай,балық аулауға барамыз;
-мысық балықтарды жеп қойды, балықтар өліп қалды.
- досымызға көмектесейік, оған балық суретін салып берейік. |
|
с/барысы |
1.Балықтың құрылымын кім айталады? Балық киім кие ме? Мақсат:Ойлау қабілеттерін дамыту. Дұрыс, балалар.
2.Суретші мұнда құралдарын қалтырып кетіпті, олар не үшін керек деп ойлайсындар? Дұрыс, губкамен де сурет салуға болады,тағы нелер қалды?
Жуан және жіңішке қылқаламдар, фломастерлер не үшін керек?
Тамаша, балалар, сендер барлығын білесіңдер екен. 3.Енді мына суретке қараңдаршы,бұл не? Аквариумның пішіні, оның ішінде не бар? Жақсы балалар, енді үш топқа бөлініп, досымызға әдемі, таза сурет салып берейік. 4.Балалардың өз беттерінше жұмысы.
5. Сергіту сәті: «Балық»мақсаты:Балалардың тілдерін, қимыл-қозғалыстарын дамыту. Балық суда жүзеді, ойыннан ол көңілді. Балық, балық тоқташы, біз сені ұстайықшы. Балық аузын кең ашып, нан қоқымын алады, құйрығымен бұлғаңдап, әрі қарай жүзеді. 6. Дайын суреттерін ортаға салып бағалайды.
Әдістерді дұрыс қолданып және таза сурет салған балалар сары түсті балықты, ал толық әдісті қолдана алмадым және тазалық жағынан кемшілігім бар бала жасыл түсті балықты алады.
|
-Әділ:басы, денесі сопақша пішінмен салыстыруға болады; -Анеля: құйрығы үшбұрышқа ұқсайды. -жоқ, оның қабыршығы бар. -Адина: щетка және тарақ арқылы бояуды шашуға болады. -губкамен бояуға малып қағазға бастырып сурет салуға болады; - жуан қылқаламмен суға малып қағазды сулап, содан соң боялар жағып,кепкен соң фломастармен сурет салуға болады. - аквариум;аквариумның пішіні тікбұрыш және дөңгелек; шөп, тастар бар. -балалар үш үстелге отырады.
Өз беттерінше іс-әрекет жасайды.
Балалар тақпақты айтыпбалықтың қимыл-қозғалыстарын келтіреді.
Балалар суреттерін ортаға қояды, және өз жұмыстарын қорғап балықтарын алады. |
|
Қорытынды |
Аквариумдағы балықтарымен алғашқы аквариумды салыстарады, сол кезде тақтаға қарағанда бала көңілді және мысық күлімсіреп отырған суретті көреді.
Қалай ойлайсыңдар, сендер достарыңа көмектесе алдыңдар ма?Қалай көмектестіңдер? Балалар,сендер достарыңа көмектескендерің үшін рахмет. |
-бала көңілді,өйткені аквариум толы балық. -мысық күлісіреп отыр, өйткені ол балықтарды жеген жоқ. |
