Телефон доверия
8 (7182)650607
Мекенжайы: Павлодар қ., Майра көшесі, 41/1 үй 8(7182)655540-басшы 8(7182)650609-хатшы 8(7182)650611-есепші 8(7182)526096-вахта
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі, жұма күндері, сағ.16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
А.Солтангазинова, тәрбиеші

Сабақтың тақырыбы:«Математика еліне саяхат»

Сабақтың мақсаты:1. Көп, аз таңбаларын пайдаланып салыстыруға, дұрыс

 санауға үйрету;    

                                      2. Балалардың зейіндерін, логикалық ойлау  

                                           қабілеттерін дамыту;

3.     Балаларды қызықтыру, төзімді, шыдамды болуға баулу,

                                           бір- біріне жол беруге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, иллюстрация, әңімелесу, саяхат

Сабақтың түрі:саяхат сабақ

Көрнекіліктер:сандар, геометриялық пішіндер, карточкалар, үлгілер,

таяқшалар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

                                  1.Жарты шеңберге тұрып амандасу.

- Балалар, бүгін біз сендермен математика сабағында  «кемеге мініп»  математика еліне саяхатқа барамыз.

- Ендеше кемеге жайғасып отырайық.

-Балалар, біз самал желдің ескенін сезіп тұрмыз ба?

-Олай болса жерге де жақындап ұалған сияқтымыз.

-Иә, Жер-жер (балалар бірге айтып қуанады).

-Балалар, айналадан нелерді байқап тұрсыңдар?

-Алма ағашын, шырша ағашын байқап тұрмыз.

-Екі ағашты салыстырайықшы

-Алма ағашы биік, шырша ағашы аласа екен.

-Ағаштардың оң жағынан не байқадыңдар?

-Ағаштың оң жағында үш аю отыр.

-Аюларды салыстырайықшы

-Аюдың біреуі үлкен, екіншісі орташа, үшіншісі кіші.

-Ағаштың сол жағында не бар?

-Бір қоян отыр, одан төменірек екі тиін отыр.

-Тағы не байқадыңдар?

-Шырша ағашының жоғарғы жағында 4 торғай бар, томенгі бұтағында 4 торғай тонып отыр.

-Сонда торғайлардың саны нешеу болды?

-Барлығы 8 торғай, екі бұтақта тең торғай.

-Мына аюлардың жанында қағаз бар екен, мұнда не жазылды екен?

-Ой, балалар бұлар жыл мезгілдерін, ай аттарын, апта күндерін білмей бастары ауырып отыр екен.Көмектесейік пе?

Ойын: «Жыл мезгілі»

-Апта күндерін тағы қалай айтамыз?

-Бүгін, ертең, бүрсүгүні, арғы күні, қасиетті күн жұма.

-Ал, жеті саны киелі дейді, ол туралы не айта аласыңдар?

-7 ата, 7 жұрт, 7 шелпек, 7 қарақшы, 7 күн.

-Міне, қызық мына тышқандарға не болды екен?

-Бұлар ірімшікке таласып жатыр екен. Көмектесейік пе?

-Бірінші ыдыста неше  ірімшік болса, екіншісінде сонша (салыстыру)

-Балалар, мына жерде екі жол бар екен, бұларды салыстырып көріңдерші?

-Біреуі кең және жалпақ, екіншісі тар және жіңішке.

-Ал, мына жерге бір жазу іліп қойыпты, не жазу болды екен?

-«Мектеп» деген жазу

-Иә, мектепке келіп қалыппыз. Мектепке кірмес бұрын жаттығу жасап алайық.

-Жақсы, енді мектепке кірейік, балалар, бізге мында ақылды, тапқыр балалар келеді деп көптеген тапсырмалар дайындап қойыпты, шешіп көрейік пе?

1- тапсырма:«Орындықтарды орналастыр»

Бөлмедегі орындықтарды әр бұрышқа екі-екіден қойып орналастыруға бола ма?

 

       
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 


2-тапсырма:«Сан құрамын тап»

Сандарды тауып орналасты

 

8

*

*

8

8

*

1

3

*

 

*

5

8

 

 

-Балалар бұл тапсырманы өте жақсы орындадыңдар, келесісін орындап көріңдер.

-Енді, 4- тапсырма: «Қызықты пішіндер»

Геометриялық пішіндерден суреттер құрастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


-Жақсы, балалар, суреттерді тамаша құрастырдыңдар, енді келесі тапсырманы орындап көріңдер

5-тапсырма:«Логкалық сөз есеп»

   Логикалық сөз есепті табу

1. Қонжық екеу, табаны нешеу? (8)

2. Досым келе жатып 5 теңге тауып алды, екуміз келе жатсақ неше теңге тауып алар едік? (5)

3. Алма ағашының үстінде 5 балық отыр, оның 2 ұшып кетті, ағашты неше балық қалды?

-Балалар логикалық есепті де тамаша шығардыңдар.

-Балалар мектептегі тапсырмалар аяқталды, бұл мектепте істейтін ұстаздар сендерге мақтау қағазын беріп, келесі жылы сендерді осы мектепте оқуға шақырады. Олай болса, біз саяхатымызды аяқтап, бақшамызға оралайық, ал мектеп туралы тағы ойланып көресіңдер.