Телефон доверия
8 (7182)650607
Адрес: г.Павлодар, ул. Майры, д. 41/1 8(7182)655540-руководитель
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда, пятница 16.00-18.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Талғат Айнагүл, хореограф

Балалар мен сауықтыру жұмысында хореография сабағында дұрыс дем алу жаттығуларын қолдану.

Соңғы он жылда денсаулықтың нашарлауы мен балалардың физикалық дамуына беталыстар соны мен қатар??№?

Осыған байланысты денсаулық мәселесінің.мектепке дейінгі білім беру мекеме міндеттерінің қатарына қосылуы оның теориялық дамуының өзектілігіне, балалық шақтан бастап денсаулық сақтау жолдарын өндіру қажеттілігіне себепші болады.

Қазіргі уақытта көп факторлы сыртқы әсерлердің талдауына,әр баланың денсаулығының маниторингіне, оның ағзасының ерекшеліктерінің есебіне негізделген балалармен тәрбие сауықтыру жұмысына жаңа әдістемелер іздеу, белсенді түрде жүріп жатыр.Балалармен сауықтыру жұмысында балалардың дұрыс тыныс алуына үйренуі маңызды факторлардың бірі болып табылады.

Дұрыс тыныс алу-Бұл көптеген аурулардың алдын алады;адамның денсаулығы,физикалық және ақыл-ой қызметі оның тыныс алу қызметіне байланысты сонымен қатар, дұрыс тынысалуы әр түрлі емдік әсер береді.Ырғақты демнің екпінімен  шығуы-шаршаудан арылудың бір де бір құралы.Баяу ырғақта демалу,тыныс алу кезінде кідіріс жасауға да болады.Қан айналымын белсенді ететін көміртегінің мөлшерін,артылған мөлшерінің жиналып қалуына әсер етуі жүрек қан тамырларының және де мидың жақсаруына себепші болады яғни қан айналымын күшейтеді. Демалу бұлшық еттерінің шынығуы физикалық жұмыс қабілеттілігін және шыдамдылықты арттырады.

    Біздің балабақшамыздың бүлдіршіндерінің ішінде денсаулықтары әлсіз, тез ауырып қалатын балалар да бар, олармен сауықтыру жұмысын жүргізу керек

Атап айтсақ:

1Дұрыс тыныс алу машықтарының қалыптасуы.

2.Сыртқы демалу жүйесінде көрсетілген ауытқулардың түзелуі және өкпедегі ауа шығаруды ұлғайтуын,бұлшық еттерін нығайту жолдарымен газ  алмасудың жоғарлауына сонымен қоса кеуде жасушасымен омыртқаның қисаюына, дұрыс мүсінің  қалыптасу машықтарының толтыру механизмдерінің дамуы;

3.Дұрыс демалу мен үйлесімділігімен  матор қызметінің дамуы.

4.Балалардың барлық ағзасына  жәнеде жүйке жүйесінің қызметінде жақсарта отырып денсаулықтың нығаюының жалпы физикалық деңгейінін жоғарлатады.

 Би сабағында балалардың дұрыс демалу  машықтарының қалыптасуы үшін мен өз жұмысымда дұрыс тынысалу   жүйесінің қызметін қалыптастыратын түрлі тынысалу жаттығуларын қолдануға және де сіздергеде қолдануды ұсынамын.Би сабағында балалардың арнайы демалу жаттығуларын үйренуінен бастаймын.Қай жаттығуда қандай машықтар қалыптастыратынын есепке ала отырып түрлі жаттығулардың  жүзеге асуы мен  жатталу құбылысында  дұрыс демалу машықтарына үйретемін.

-Ауа ағынымен басқару( ауыз бен мұрын арқылы демалуды меңгеру.)

-Өкпеден ауа шығаруды бақылау (дұрыс тынысалу ырғағының тереңділігімен жиілігінің өзгеруі.)

-Тынысалудың  әр түрлі түрлерін меңгеру (кеуде мен толық)

-Тынысалу және қозғалыс үйлесімділігінің дамуы.Мектепке дейінгі  жастағы балалармен  жұмыста жалпы дидактикалық  білім алу принципі-оңайдан күрделіге дейін бақылану керек.Сондықтан  дұрыс тынысалуды меңгеру  машықтарының  жүзеге асуы үшін мен қосымша тыныс алу жаттығуларынан бастаймын.Мысалы: «Кірпі жаттығуы»(Кірпі мейірімді түйремейтін, жан-жағыңа жақсылап қара.)

1.Басты оңға бұрып, мұрынмен қысқа шулы тыныс алу;

2.Басты солға бұрып,жартылай ашық ауызбен дем шығару. 4-5 рет қайталау.

Содан кейін орын ауыстырасыз динамикалық  тыныс алу жаттығуларын үйренуге көшеміз: «Сағаттар»Сағаттар алға жылжиды,өзімен бізді де ертеді;

1.Қолды алға сілтеу «тик»-демді ішке тарту;

2. қолды артқа сілтеу «так» дем шығару. 10-12 рет қайталау.

Соңында жүру барысында тыныс алу жаттығулары: «Паравоз»кезекпен қол қимылдарын жасап және  «чух,чух,чих,чих,»-деп  айта отырып шеңбер бойымен жүре тыныс алу.

Көптеген жаттығулар орындау барысында қарапайым йога жаттығуында жасауға болады.Сонымен қатар тыныс алу жаттығуларында демді кедергімен  алу жаттығуларын қолдануға болады, кедергімен тыныс алу жаттығуы  ферментті жүйеге, ми мен жүректің  қан айналымына жақсы  әсер ететін, оттегі аздығына  ағзаның шыдамдылығын арттырады.

Демалу ағзалары ауруға шалдыққан балалар үшін демалудың ұзақ, еркін кідірістерін тудыратын жаттығулар тыйым салынған. Мұндай дәрежедегі балалармен , сонымен қатар сөйлеуінде келешегі бап оқушылармен жұмыста екпінмен ұзақ дем шығаратын, толық демалу жаттығуларына себеп болатын жаттығуларға көп көңіл бөлемін. Ауыз арқылы бір уақытта а, у, е, и, о дауыстылары мен р,ж,ш,щ,з,е немесе олардың үйлесуі (мысалы, бре, бры,бру..) шығарда орындлатын жаттығулар, дыбыстық жаттығулар дем шығарудың ұзаруына көмектеседі.

   «Ұшақ»: қолды екі жаққа, алақандарынды жоғары қою. Басты жоғары көтеру- дем алу. «Жжж...» (дем шығару)  деп айта отырып, жан- жаққа бұрылыс жасау, тік тұру, қолды жіберу, пауза. Мұрынмен дем алу, ауызда «түтікшелеп» дыбыспен бір уақытта ұзақ дем шығару. 2-4 рет қайталау.

    Жетекші: Ұшақ жайды қанатын:

Ұшуға дайындалып.

Он жаққа мен қараймын:

Жу-жу-жу...

Сол жаққа мен қараймын:

Жу-жу-жу...

Балалардың сабақа деген қызығушылығын сақтап қалу үшін мен ойындармен ойын сипатты жаттығулар қолданамын.

Дем шығаруында түрлі дыбыс, өлең жолдарын, жүріп «қаздар ұшып барады» атты (жүріп) ән саламыз. Жоғары қаздар ұшады, балаларға қарайды. Н.т. 1. бір қолдары екі жаққа көтеруі (дем тарту); 2. қолдары «г-у-у» (дем шығару) дыбысымен төмен түсіру; (6-8 рет)

Сонымен қатар бұл тәсілдер арнайы міндеттердің шешілуіне көмектеседі.Баланың ой- өрісін кенейтеді.парасаттылығын ынталандырады, қызығушылығмен жақсы эмоцияналдық  фонның құрылуына себепші болады.

      Демалу гимнастикасы сабағына балалардың дұрыс демалу маңыздылығын, ауызбен дем алудын кері әсерін түсінуі негіз болуы керек.Сондықтан мен өз сабағымда түрлі сұрақтар, жұмбақтар, дұрыс және қате демалумен ойындар қолданамын. Мысалы: «Өмірде не маңызды, керегі ауа, ас пен су?» қалай дұрыс дем алу керек «мұрын немесе ауыз арқылы ?» «Адамға ауыз бен мұрын не үшін керек?» «қалай демалған жақсы: жилі шулы, тыныш, білдіртпей?» Дұрыс мүсіннің түсіндірілуі: «Көрсетіңдер қайда өсіп барасындар?» «жоғары», «тура?», «Көрсетіңдер, қалай тік әдемі болып өсу керек?Сондықтан тік, дұрыс отырамыз».

  Мүсіннің кемістігінде дем алу қызыметінің өзгеруі жие кездеседі. Сабақ барысында мен дұрыс мүсіннің қалыптасуына бағытталған жаттығуларға да ерекше көңіл бөлемін. Бұл өзгерістер мүсіні бұзылған балаларды және ауызбен демалуда тек ұлғайтып қоймай, жаман жағдайлар туғызады. Кеуде жасушалары, арқа бұлшық еттерінің нығайуы мен дамуы сыртқы дем алудың қызыметін ынталандыратындықтан мен жатыр, (аяқ) тізелеп отырып жасайтын түрлі жаттығуларды кеңінен қолданамын.

     Ағзаның қалпына келуі үшін кез келген физикалық шаршаудан кейін мынадай жаттығулар қолданамын: Тыныш отырып және баяу дем аламыз.

  Мысалы: Балаларды физикалық шаршаудан кейін ағзаларын дем алдырып, қалыптастыруға үйрету.Дем алу құбылысын бақылау.

   Тұрып, отырып, жатып жасау (бұл алдынғы физикалық ауыртпашылыққа байланысты)

       Егер отырса, арқа тік, көзді жұму.

Мұрынмен баяу дем тарту. Кеуде жасушасы кенейе бастаған кезде, демді тоқтатып, кім қанша істей алса, пауза жасау. Содан мұрын арқылы баяу дем шығару керек. 5-10 рет қайталау.

    Дем алу жаттығуларын нығайту және дұрыс мүсінді бақылауды мен әрбір ойын және жалпы дамыту жаттығулары,ғ тапсырмалар арасындағы үзілісте жасатамын.

    Дене шынықтыру сабақтарында дем алу гимнастикасын өткізуде мен кейбір гигиеналық ережелерді орындаймын.Сабақ алдында балалар мұрындарын тазартады, демінің еркіншығуы үшін.Балалар жаттығуын уақытында орынды желдетіп, тазарту өте қажет.