Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182)650607
Мекенжайы: Павлодар қ., Майра көшесі, 41/1 үй 8(7182)655540-басшы 8(7182)650609-хатшы 8(7182)650611-есепші 8(7182)526096-вахта
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі, жұма күндері, сағ.16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Талғат Айнагүл, хореограф

Мектепке дейінгі  бүлдіршіндердің ырғақты  би қимылы  арқылы денсаулықтарын нығайтып дамытудың маңызы.

 

Мектепке дейінгі жас адам өміріндегі өте жауапкершілікті  кезеңдердің бірі, яғни осы жас шамалық кезеңде баланың денсаулығының негізі, ақыл ойы, психо-физикалық дамуы қаланып, оның жеке тұлғасы қалыптасады. Дәлірек айтар болсақ, бала өсіп дамиды сонымен қатар әуенге сай  ырғақты би қозғалыстарына деген қажеттіліктері ұлғаяды. Ал музыка әуеніне қозғалу бұл би. Ырғақты би - бала үшін қозғалыс арқылы өз - өздерін көрсетудің тәсілі болып табылады. Себебі мектепке дейінгі жастағы баланың  сөздік қоры бай емес, сондықтан да бала өз сезімін, эмоциясын ырғақты би арқылы бейнелеп, қоршаған ортаға жеткізеді. Ал қазіргі заманғы музыка әуені кең қозғалыстығымен  көңілді динамикасымен балаларға жақын. Қазіргі заманғы балалар биін балабақшада қолданудың тиімділігі ол,   балаларды музыкалық, психо-физикалық және  эстетикалық тәрбие жағынан әр - түрлі әсерлі формаларды қолдана отырып  ырғақты би қозғалыстарын дамыту болып табылады. Ырғақты би қимылы арқылы бала тәрбиелік және білімділік  қасиеттерді бойына сіңіреді. Ол баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып, оның рухани бейнесін қалыптастырады. Ырғақты би қимылы тек ептілік әдемілік, шығармашылық мүсін ғана емес, баланы  жігерлендіреді. Хореография сабағында тек қана би үйретіліп қана қоймай денсаулықтары нығайып, ой-өрістері дамиды. Бұлшық ет күштері жақсарып, икемділік, төзімділік қабілеттері дамиды және дене бітімдері түзеліп, сымбаттылыққа тәрбиеленеді, әдемілікке деген құштарлықтары артады, яғни ырғақты би қимылы баланың ішкі барлық ағзаларына әсер етеді. Мысалы ішкі рухани жағдайы өзгеріп, мазасыздықты басып, қандағы кортизоль деңгейін жақсартып, жалпақ табандылық,  омыртқа қисаю ауыруларын алдын алады сонымен қоса балалардың зияткерлік деңгейінің артуына, оның ойлау жылдамдығына ықпалын тигізе отыра есте сақтау қабілеттерін жақсартады. Ырғақты би балаларды эстетикалық құндылыққа тәрбиелейді, эмоцияналдық көңіл-күйін жақсартады. Өздеріңіз білетіндей біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің мінез-құлықтары әр түрлі ашық, шапшаң, белсенді болса ал кейбіеулері ұялшақ, қорқақ, ұяң балалар да болады дәл осындай балалармен  ырғақты би сабағында балалардың тұйық мінезін ашып, көңіл-күйлерін жақсартып, өз-өздеріне  «МЕН» деген сенімдерін арттыруға болады. Біздің бүлдіршіндеріміз көптеген билерді үйреніп қана қоймай ұлттық салт дәстүрлерді тез қабылдайды. Тәрбиеленушілердің арасында ерекше, биді жоғары орындау шеберлігі мен көзге түсіп жүргендері қалалық, облыс, республика деңгейіндегі сайыс – байқауларына қатысып жүр. Атап айтар болсақ бақшаның мақтаныштары  Ә.Айнұр, М.Аружан, А.Анель, К.Мадина, Асанәлі, Б.Әлишер. Олар өздерінің табиғи қабілеттерін жетілдіруде. Қазақ халқы  би өнері арқылы қайғы-мұңдары мен қуанышытарын би арқылы жеткізе білген. Әсем әуенді естігенде бойы елітіп би билегісі келмейтін жан болмас. Ырғақты би қимылын қабылдау ерекшелігін белгілі бір деңгейде, дайындық кезеңінде жас ерекшеліктеріне қарай анықтайды.

Заманымыздың болашағы - жас ұрпақтың ой-өрісін, рухани байлығын, ырғақты би арқылы бүлдіршіндеріміздің денсаулығын нығайтып әсемдікке және де би қозғалыстарын көркем мәнерлі орындауы мен эстетикалық құндылыққа тәрбиелеу, жылдан-жылға жандандыру-би жетекшілерінің  абройлы міндеті деп ойлаймын.