Ойыншық аналогтармен ойындық оқыту жағдайлары
1) Балықтар тірі және ойыншық: сыртқы түрінің салыстырылуы ООЖ сәбилер және естияр топтарында қолданылуына болады.
Дидактикалық мақсат:балаларға балықтық құрылысы,оның денесінің негізгі бөлшектері туралы түсінігін қалыптастыру.
Балалар балықтарды акварюмнан бақылайды,тәрбиеші сұрақ қояды: балықтың денесі қандай? Басы қайда? Құйрығы қайда?Ол қандай? Балықтың басында не бар? Олардың арқасы қайда, ал қарны қайда? Балықта не бар?
Тәрбиеші барлық балаларға ойыншық балықтарды таратады, оларды барлық жағынан қарап шығуларына ұсыныс жасайды. Кезек бойынша барлық дене бөлшектерін айналдырып көрсету.Тәрбиеші нақтылайды:Басы алдында құйрығы артында, жүзгіштер арқасында ,құйрығында, қарнында. Арқасы үстінде қарны астында .Басында ауыз көз желбезек қақпақтары бар: ойыншық балықтар мен акварюмдағы балықтардың айырмашылығы неде екендігін сұрайды.Балаларға өздерінше балықтармен ойнауды ұсынады.
2. «Ойыншық және тірі балықтардың қимылдарын салыстыру» ойыншық аналог жағдайлары сәбилер, ересек топтарына арналған.
Мақсаты: Балалармен негізгі айырмашылықтарын табу:Тірі балықтар суда өмір сүреді,өздері жүзеді және тамақтанады; Ойыншық балықтар өмір сүрмейді,олар сөреде немесе шкафта тұрады, өз еркімен суда жүзалмайды.
«Тірі және ойыншық балықтардың қарым-қатынас тәсілдерін анықтау»Ойыншықты қолға алуға болады, олармен әр түрлі ойнауға (өтірік тамақтандыруға, ұйықтатуға, олар үшін сөйлеуге) ал тірі балықты судан шығаруға болмайды-себебі олар өліп қалады. Оларды тамақтандыру қажет, олар үшін акварюмда тазалау қажет, олардың артынан бақылауға болады. Тәрбиеші акварюмдағы балықтардын артынан бақылауды өтінеді, және өзі сұрақ қояды, олар қайда өмір сүреді (суда акварюмда) Тәрбиеші балалар мен акварюмдағы балықтарды бақылауда, тәрбиеші балықтардың не істеп жатқандарын айтып беруін сұрайды?
Сұрақтар қояды: ойыншық балықтар суда жүзе ала ма?(Ыдысқа су құйып,оған ойыншық балықтарды салады да акварюмдағы балықпен ойыншық балықты салыстырып бақылайды) не себепті ойыншық балықтар жүзе алмайды?Тәрбиеші балалармен бірге акварюмдағы балықтарды тамақтандырады, олардың қалай тамақтанып жатқанын бақылайды, балалрғада тамақ берулерін ұсынады, педагог нақтылайды: ойыншық балықтар олар тамақ жемейді, олар-тірі емес, олармен ойнауға болады. Ал акварюмдағы балықтар мен ойнауға болмайды оларға қарауға болады, оларға тамақ шашып беруге болады, бірақ судан шығармау керек, акварюмдағы суын ауыстырып отыру керек себебі олар тірі жануарлар-өліп қалулары ықтимал.
3. «Тірі және завоттық балықтарды салыстыру»-оож даярлық топтарына арналған
Мақсаты: Балалар мен тірі балықтар туралы мағлұмат беру, олар жануарлар, тірі ағзалар екендігін нақтылау, түсіндіру.
Олар тамақтануға, ауаға мұқтаж суда өмір сүруге бейімделген- тегіс, сүйір, денесі созылған, чешуямен қапталған; Басы алдында үшкірленген, мойыны жоқ денесінде жүзгіштер көп,жүзгіштер оларға суда қозғалып жүзуге көмектеседі, балықтар желбезектері арқылы суда бар ауамен дем алады.Олар малюск туу немесе уылдырық жинау арқылы көбейеді. Балықтар сезе көре ести алады,Балықтар өздерін әр түрлі ұстайды тамақ іздейді, тез немесе ақырын жүзеді, тығылады дем алады, кейде төбелеседі. Тәрбиеші басында аквариумдағы балықтарды және ыдыстағы ойыншық балықтарды жүздіруге ұсынады. Балықтарды салыстыруларын сұрайды: бірінші олардың айырмашылық тарын, сосын ұқсастықтарын айтуларын сұрайды. Әр дұрыс айтылған жауапқа фишкалар беріледі.Балалар білім алып біткенсоң тәрбиеші қорытындылайды. Жәнеде осы тірі балықтармен ойыншық балықтардың ұқсастықтарын айтып салыстыра отырып 5-жолды өлең шығаруға болады, жаңылпаштар ойтып шығаруға да болады мысалы
көк балық қызыл балық
жүзді міне ақ балық
алтын балық ,жай балық
қайда кетті ақ балық .
суда жүзіп келеді
қараңдаршы көп балық
ақ балық-көк балық
қайда кетті көп балық
өлі емес тірі
ақ емес сұры
алтын емес жай балық
Ұқсастық табу барысынан кейін тәрбиеші нақтылайды: Тірі және завоттық балықтардың түрлері ғана ұқсас( формасы, құрылымы және жүзі ғана ұқсайды)қортындылай келе балаларда фишка мүлдем қалмауы керек (мысалы қызыл ол ұқсайды, көк ұқсамайды көтереді.)
