Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182)650607
Адрес: г.Павлодар, ул. Майры, д. 41/1 8(7182)655540-руководитель
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда, пятница 16.00-18.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Мыржинова Амина, тәрбиеші

Дамыта оқыту технологиясы- оқушының оқу, білім алу процесінде жан- жақты дамуын оқытудың басты мақсаты ретінде қабылдайды.

Дамыта оқыту идеясын әдіскер ғалым В:В Давыдов ұсынған. Даму дегенде ,баланың ойлауы, табандылығы, зейіні, оқу дағдысы мен іскерлігі тағы басқа да қабілеттерін дамытуды айтамыз.

Баланың ойлауы дамуының маңызды шарты– балада ойлау мәдениетінің болуы. Сондықтан оқу процесі балалардың анализдеу, синтездеу, себеп – салдар байланыстарын табу , жалпылау, қорытынды жасау, түрлерге бөлу, салыстыру – сияқты интеллектуалдық дағдыларын дамытуы тиіс.

Бұлардан басқа оқу процесінде балалардың көптеген ақыл – ой қабілеттері жұмыс істейді. Олар болжам жасауға қабілеттілік, ойлаудың шолғыштығы, жалпы қабылданған көзқарастарға сын көзімен қарау, ойдың икемділігі, құбылыстардың байқалуы қиын ұқсастықтарын аңғару, білуге құмарлық т.б.

Дамыта оқыту технологиясы сабақта проблема қою әдісін және балалардың зерттеу әдісін қолданып отыруды көздейді.

Дамыта оқыту технологиясында баланың барлық оқу әрекетіне мұғалім басшылық, бағыттау жасап отырады, Дамыта оқыту баланың ойлау қызметімен қатар олардың оқу білігін дамытуды көздейді.

        Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.

1.     Оқу мақсаттарының қойылуы.

2.     Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.

3.     Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.                            

         Бұл – үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Элконин – В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. (17.21.)

Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.

 

         Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған бала өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.

 

        Екіншіден – дамыта оқытуда бала жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр баланың өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. "Жақсы”, "Жаман” ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.

 

        Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері баланы белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.

 

        Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы бала мен оқытушының арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, бала – "орындаушы”, "оқытушының тасасындағы” объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы субьект.