Қарапайым математикалықұғымдарды қалыптастыру кезінде пайдаланатын дидактикалықойындардың
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңүлгісі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңтақырыбы: «Осындай пішінді тап»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңмақсаты: Балалардыңгеометриялықпішіндер туралы алған білімдерін бекіту. Назар аударуын, ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер: Геометриялықпішіндер, ұшбұрыш, дөңгелек, шаршы, суреттер, ойыншықтар, геометриялықпішіндердіңсуреті бар жолдар.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңбарысы:
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізде «Ойнайықта ойлайық» вариатиптік сабағынан «Осындай пішінді тап» тақырыбында іс-әрекет өткіземіз. Біздіңбұл іс-әрекетімізге көп қонақтар келіп отыр екен, қане қонақтармен амандасып алайық.
Балалар: Сәлеметсіздер ме?
Қонақтар: Сәлеметсіңдер ме!
Тәрбиеші: іс-әрекетті бастамас бұрын геометриялықпішіндерді есімізге түсіріп алайықдеп, тәрбиеші төбеде ілініп тұрған пішіндерді көрсетіп сұрайды. Мынау қандай пішін?
Балалар: Мынау үшбұрыш.
Тәрбиеші: Ал, мынау қандай пішін?
Балалар: Бұл дөңгелек.
Тәрбиеші: Мынау ше?
Балалар: Мынау шаршы.
Осы кезде Дымбілмес келеді. Қолында геометриялықпішіндерден құралған мысықтыңсуреті бар.
Тәрбиеші: Бұл кім болды екен бізге қонаққа келген, балалар сендер білесіңдер ме?
Балалар: Ол–Дымбілмес қой.
Дымбілмес: Мен күн елінен келдім. Ойнап жүріп, мына суретті тауып алдым. Балалар сендер білесіңдер ме? Білсеңдер маған көмектесіңдерші. Мынау неніңсуреті екенін айтындаршы?
Балалар: Бұл геометриялықпішіндерден құрастырылған мысықтыңбейнесі.
Тәрбиеші: Мысықтыңбасы қандай геометриялықпішіннен жасалған?
Балалар: Дөңгелек.
Тәрбиеші: Тағы қандай мүшелері дөңгелектен жасалған?
Балалар: Көзі, аяғыныңбасы, құйрығы–шаршыдан жасалған.
Тәрбиеші: Ал құлағы ше?
Балалар: Құлағы-үшбұрыштан жасалған.
Тәрбиеші: Дұрыс балалар, ал Дымбілмес ұқтын ба?
Дымбілмес: Иә, үшбұрыштан, шаршыдан, дөңгелектерден жасалған мысықтыңсуреті
Тәрбиеші: Балалар мысыққайда тұрады?
Балалар: Үйде тұрады.
Тәрбиеші: Ендеше мына геометриялықпішіндерден үй құрастырайық. Дымбілмес сен де балалармен бірге болып білмегеніңді үйреніп ал.
Дымбілмес: Жарайды, осындай білгір балалармен болғаныма мен өте қуаныштымын.
Балалар: Құрастырады.
Тәрбиеші: Қандай геометриялықпішіндерден құрастырдыңдар?
Балалар: Үшбұрыш және шаршыдан құрастырдық.
Тәрбиеші: Балалар, кәне барлығымыз бірігіп «Өз үйіңді тап» деген ойынды ойнайықшы.
Ойын «Өз үйінді тап» Үш жерде үш түрлі геометриялықпішіндер қойылады. Балалардыңқолында әр түрлі пішіндер таратылып беріледі, әуен қосылады. Балалар әуен ырғағымен билейді, әуен тоқтаған кезде балалар қолдарындағы пішінге сәйкес пішінін тауып, қасына тұруы қажет. Осылай ойынды бірнеше рет қайталаймыз.
Тәрбиеші: Өте жақсы енді мына пішіндерге қарайықшы, сендер маған айтыңдаршы, мен көрсеткен пішіндердіңқандай түсті екенін.
Балалар: Шаршы түсі сары, дөңгелек түсі көк, үлкен шаршы түсі қызыл, үшбұрыш түсі сары, үлкен дөңгелек түсі жасыл,т.с.с.
Тәрбиеші: Жақсы. Енді маған мына ойыншықтардыңішінен дөңгелекке ұқсас ойыншықты атаңдаршы.
Балалар: Дөңгелекке ұқсас–доп, алма, сағат, тарелка.
Шаршыға ұқсас–кітап, сандық, машинаныңкузовы. Үшбұрышқа ұқсас–пирамида, шырша.
Тәрбиеші: Сендер балалар өте жақсы біледі екенсіңдер. Сендер геометриялықпішіндерден не құрастырдыңдар?
Балалар: Үй құрастырдық.
Тәрбиеші: Сол құрастырған үйлеріңніңесігінде құлып бар екен, соны ашайық. Ол үшін құлыптағы пішіндерге ұқсас пішінді тауып үстіне қоюымыз керек, сонда ғана ашылады. Әр баладан сұрау: қолдарында қандай кілттіңбарын. Енді сол кілттеріңді қолдарыңа алып, мына жердегі жолдармен жүрейік. Жолдар да сыйқырлы. Бір жолдыңүстінде дөңгелек пішін, екіншісінде шаршы, үшіншісінде үшбұрыш бейнеленген. Кімніңқолында қандай пішін болса, сол жолмен жүреді. Іс-әрекет соңында балаларды мақтап, мадақтап балаларға геометриялықпішіндерден бейнеленген медальдар тарату.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңтақырыбы: «Ойлау әлеміне саяхат»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңмақсаты: Білімділікке бейімдеу бағытында сандардыңқатарын ауызша санауға жаттықтыру оңға, солға, 1 таңбалы, 2 таңбалы сандарды ажыратуға, көршілес сандарды табуға жаттықтыру, жыл мезгілдерін, апта күндерін, ретімен атауға, тақпақтар айтуға үйрету. Геометриялықпішіндер мен денелерді табуға үлкен, кішіні салыстыруға бейімдеу. Жұмбақтар қисынды есептерді бере отырып ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер: Геометриялықфигуралар, сан тізбектері, ертегілер кейіпкерлері бейнеленген суреттер, карточкалар.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңтүрі: Түсіндіру, сұрақжауап, әңгімелесу.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңбарысы:
Бөлмеге Мадияр кіреді.
- Бұл қай жер? Мен оларға жедел хат жіберген едім. Енді не істедім, барып іздеп келейін.
Балалар кіреді.
Тәрбиеші: Сендер, Мадиярды көрдіңдер ме, ол биыл мектепке барғысы келіп, сендерден көмек сұрап, жедел хат жіберген еді. Енді өзі жоқ.
Осы кезде Мадияр кіреді.
- Қайда жүрсіңдер? Уақыт таяп қалды «ойлау әлемі» аралына біз енді баруға үлгермейміз. Сағат неше болды?
Тәрбиеші: Сәлеметсіңбе Мадияр? Неге барлығымен амандаспайсың? Сен асықпа, саған көмектеседі. «Ойлау әлемі» аралына неге барғыңкеледі?
Мадияр: Ол аралда сиқырлы кітап бар. Ол кітапсыз мектепке алмайды.
Тәрбиеші: Балалар көмектесеміз бе?
Мадияр: Әрине көмектесеміз?
Тәрбиеші: Ол аралға бару үшін көптеген тапсырмалар орындау керек. Сен абыржыма балалар көмектеседі.
1 тапсырма:
А) суреттерді сана, жанына сандарды қой.
Б) бір таңбалы сандарда ата.
В) геометриялықпішіндерден үй, машина құрастыр.
2 тапсырма:
Неге үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, шаршы дейміз?
Тәрбиеші: балалар, мына суреттерге қарап, қай ертегіден екенін айтып беріңдерші және кейіпкерлердіңқанша екенін санаңдар.
Балалар: 7 кейіпкер.
Тәрбиеші: 7 саныныңқасиеті туралы кім біледі?
7 ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
7 қазына: ержігіт, сұлу қыз, ақыл, білім, арғымақ, ат, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық.
7 жұт: құрғақшылық, жұт, оба, соғыс, жер сілкіну, сел жүру.
Тәрбиеші: Өте жақсы.
Сергіту сәті: Допты лақтырып сұраққою.
Сұрақ: бір жылда неше жыл мезгілі бар?
Балалар: бір жылда 4 жыл мезгілі бар.
Сұрақ: жыл мезгілдерін атап беріңдер.
Балалар: жаз, күз, қыс, көктем.
Сұрақ: қазір жылдыңқай мезгілі?
Балалар: көктем.
Сұрақ: көктем айларын айтып жіберіңдерші?
Балалар: наурыз, сәуір, мамыр.
Сұрақ: наурызда, мамырда қандай мерекелер болады?
Балалар: 8 наурыз аналар күні, 1 мамыр достықкүні, 9 мамыр жеңіс күні.
3 тапсырма:
Тәрбиеші: бір аптада неше күн бар?
Балалар: бір аптада 7 күн бар.
Тәрбиеші: енді осы 7 күнді атап беріңдер?
Балалар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Тәрбиеші: Өте тамаша. Бүгін қай күн?
Балалар: дүйсенбі, 1 ші күн.
4 тапсырма: Ойлау есептерін шешейік:
Аулада бес үйрек, Екі түйе, екі жылқы,
Қорада үш үйрек. Екі сиыр, екі ешкі
Бір үйрек тығылды, Бір қоян, бір түлкі
Бір үйрек жығылды Табалмасаңкүлкі (10)
Қалғаны нешеу? (6)
Қолымда үш алма Жанып тұрған төрт шамның
Табақта екі алма Екеуі сөніп қалды, нешеуі қалды?(2)
Қосқанда болады
Неше алма? (5)
5 тапсырма: батпаққа батпай мына іздерді басып шығуымыз керек, егер сандарды ретімен дұрыс бассаңдар, яғни балалар: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 сандарын ретімен басады.
Тәрбиеші: міне, балалар сендер «Ойлау әлемінеде» жеттіңдер.
Мадияр: балалар көмектескендеріңе көп рахмет.
Тәрбиеші: балалар бұл араға біз кітап іздеп келдік. Қане, іздейік. Ол үшін мына тастыңоңжағына қарай үш қадам, солға екі қадам жасау керек. Тастыңастын қара кітап жатыр. Кітапта жазулар бар екен.
Тәрбиеші: әріптер қандай түспен жазылған?
Балалар: қызыл, қара.
Тәрбиеші: неге?
Балалар: себебі, әріптер дауысты және дауыссыз деп екіге бөлінеді. Тәрбиеші: ендеше мына гүлді қараңдар. Қанекей алып оқиық.
Балалар оқиды: АР-А, А-УА, А-НА, А-ТА, А-ЛА, БАЛ-А.
6 тапсырма: мына сөздердің қарама қарсы мағынасын тап:
Аққара; үлкен кіші; ұзын қысқа; жылы суық; жақсы жаман; таза лас; қалыңжұқа; жуан жіңішке.
Тәрбиеші: мына сөздерді кім оқиды?
Балалар: ө-те жақ-сы
Сау бо-лың-дар.
Тәрбиеші: ендеше сандарды кері ретімен басып қайтайық. Сау болыңыздар қонақтар, деп іс-әрекетімізді аяқтаймыз.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңтақырыбы: «Кеңістікті бағдарлау»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңмақсаты: балаларды кеңістік қатынастарымен (оң-сол, астында, үстінде, арасында) таныстыру; балаларды заттыңкөлеміне қарай салыстыруға үйрету (жоғары-төмен, ұзын-қысқа). Логикалықойлауларын жетілдіру, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекіліктер: тақтаға ілінетін құралдар өзен, қоян, биік қарағай мен аласа шырша, тиін, кірпі, екі шымшық.
Үлестірмелі материалдар:
1. Жұмыс дәптерлері;
2. Түрлі-түсті қарындаш.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңбарысы:
Дәптермен жұмыс.
- Айша, Әлия, Әнел деген үш қыз өмір сүріпті. Айша-еңұзыны, Әлия- оңжақта тұр, Әнел-сол жақта тұр.
- Қыздардың қайсысыныңбойы қысқа? Еңұзын қыздыңаты кім? Айшадан қысқа қыздыңаты кім?
- Әр қыздыңқай үйде тұратындығын ойлап табыңдар да, олардыңүйіне қарындашпен жол салыңдар.
- Биік үй қай жақта? (сол жақта)
- Одан аласа үй қай жерде? (олардыңортасында)
Бір күні Айша, Әлия, Әнел орманға барады. Өзенге жақындап келіп, олар мынаны көрді: өзен жағасында екі ағаш өсіп тұр екен, оныңаласасы шырша да, одан биігі - ұшы әреңкөрінетін қарағай.
Суреті тақтаға ілінеді.
- Шырша қай жерде орналасқан? Қарағай ше?
- Орманда қыздардыңнені кездестіргенін жұмбақты шешу арқылы табыңдар.
Жұмбақтар:
Үсті толы ине,
Бірақта іс тігіп,
Қадамайды түйме.
(кірпі)
Бұтақтарға секіріп,
Әр жерден қылт етеді.
Кейде жаңғақкеміріп,
Жоғары өрлеп кетеді
(тиін)
Қорыққанда жел аяқ
Отырғанда томардай-ақ.
(қоян)
Тәрбиеші аңныңнемесе құстыңтұрған орнын айтады, ал балалар тақтаға оны қояды.
- Қоян шырша мен қарағайдыңарасында отыр.
- Тиін қарағайда отыр.
- Кірпі шыршаныңүстінде жүр.
- Қоян қызды көріп, қорқып кетті де шыршаныңартына жасырынды.
- Кірпі қарағайдыңтүбіне жорғалап кірді.
- Ақтиіндер төменге түсті.
Сергіту сәті: «Алыптар мен ергежейлер»
Бұл орманда алыптар (балалар қолдарын жоғары көтеріп, аяқтарыныңұшымен тұрады) және ергежейлілер (балалар жүрелеп отырады) өмір сүріпті. Содан соңбұл қимылды тәрбиешініңайтуымен жылдам орындайды.
Дәптермен жұмыс.
Қыздар орманда серуендеді және толы себетпен үйлеріне қайтты. Айша себетін биік түбірге, Әлия бір түбір төмен, ал Әнел аласа түбірге қойды. Қыздарды өзініңсебетімен сызықарқылы қос.
- Әр қыз не жинады?
Іс-әрекетті тәрбиеші қорытындылайды.
