«Не деу керек?»
Мақсаты:Сыпайлықа,мейірімділікке, қарапайымдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Кірпілердің суреті ,тірек сызба сурет,шемішке,саз балшық.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, тірек сызба арқылы.
|
Кезеңдер |
Тәрбиешінің іс әрекеті |
Баланың әрекеті |
Есеп |
|
|
+ |
- |
|||
|
Ой қозғайтын –себептер (Кіріспе) |
Балалар сендерге мен жұмбақ жасырғым келеді. Үсті толы ине Бірақта, іс тігіп Қадамайды түйме. Ол не деп ойлайсындар? Иә,балалар бұл кірпі- деп суретін ілу. Кірпі туралы не білесіндер? Естулерің бар ма? Көргендерің ше? Қайда көрдіңдер? Балалар, мына суретке қарандаршы. Не көріп тұрсыңдар? (1 сурет) Иә, кірпілер.Дұрыс айтасыңдар. Ал бұл кірпілер жайында не айтуға болады? Қандай? Қарандаршы мынау енесі. Ал мынау баласы. Енесі мен баласы екенін қайдан байқадыңдар? Олар неліктен екі жаққа қарап тұр деп ойлайсындар? Енді осы екі кірпіні қалай татуластыруға болады екен? Олар неліктен ренжісіп қалды деп ойлайсындар? Мүмкін үлкен кірпінің көнілін көтеру үшін оған достар жасап берсек қалай қарайсындар? Олай болса екі топқа бөлінейік. |
Кірпі
Оның үстінде инесі бар.Ол далада тіршілік етеді.Ол алманы жейді.
Көрдім;ауылда;теледидардан; мультфилимдерде; ертегілерде. Кірпілерді
Үлкен кішкентай кірпілер. Мамасы мен баласы.
Өйткені біреуі үлкен, екіншісі кішкентай; Келіспей қалды, ренжісіп қалды .Өйткені баласы енесін тыңдамай қойды. |
|
|
|
Ұжымдық - ізденіс (негізгі) Ұйымдастыру кезені.
Сергіту сәті:
|
Ал кім кірпіге досын жасағысы келсе онда алмаларды алсын. Ал кім кішкентай кірпіге «Не деу керек?» екенін түсіндіргісі келген балалар саңырауқұлақты алсын. 1 топ. Алмалар Өнер орталығында кірпіні мүсіндейді. 2 топ.Саңырауқұлақтар Әдебиет орталығына барып «Не деу керек?» тақпағын оқып беремін. 1. Тақпақты мәнерлеп оқу. 2. Тірек сызба арқылы мағынасын түсіндіру. Апан сенің базардан . Алма сатып әкелді, Ең үлкенін жақсысын. Саған таңдап әперді. (2 сурет) Тақпақтың әр жолын трек сызба арқылы мағынасын түсіндіру. Мұндай да не деу керек? Дұрыс айтасындар. Балаларға бірнеше рет қайталату. Сылдыр сылдыр сылдырмақ Сылдыр сылдыр етеді Аяғыммен қолдарым Өзі билеп кетеді. 1.Д/о «Алманы сипаттау» (3 сурет) Мақсаты: Алманың пішінін, дәмін, иісін, сапасын анықтауға үйрету. 2.Д/о «Алма қайдан пайда болды?» (4 сурет) Мақсаты: Алманың өсу жолдары мен оған қажеттті заттар туралы түсініктерін тереңдету. 3.Д/о «Жақсы-жаман»-мазмұнды сурет (5 сурет) Мақсаты: Аамгершілікке тәрбиелеу |
Балалар екіге бөлінеді.
Рахмет
Балалар сергіту сәтін орындайды.
Балалар ойынды дұрыс орындайды. |
|
|
|
Ой жүгірту (қортынды)
|
Сонымен балалар қарандаршы (сурет көрсету). (6 сурет) Екі кірпі немесе енесі мен баласы не болды? Біз оларды татуластыру үшін не істедік? Балаларды мадақтау. |
Бір-біріне қарап тұр.Екеуі татуласыпты. Кірпі мүсіндедік, тақпақ жаттадық,ойын ойнадық. |
|
|
