Телефон доверия
8 (7182)650607
Адрес: г.Павлодар, ул. Майры, д. 41/1 8(7182)655540-руководитель
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда, пятница 16.00-18.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Ахметова Гүлнәр, тәрбиеші

 

Экологиялық білім мен тәрбие.

Егемендік  алып, дербес мемлекетке  айналған Қазақстан Республикасының білім мен тәрбие беру саласында тың өзгерістер енгізіліп,жаңа талап пен міндеттер қойылып отыр. Соның бірі-жеткіншек ұрпақтың болашақта экологиялық таным-түсініктерін,табиғатқа деген қамқорлық сезімдерін дамытып, мәдениетті азамат тәрбиелеу болады.

      Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында өскелең ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн  тәртібіндегі бірден-бір қажетті,кезек күттірмейтін мәселе екендігі айтылған. Ендеше,келешек ұрпақтың қоршаған ортаны қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалану жөніндегі іс-әрекеттері отбасынан және мектепке дейінгі ұйымдардан бастау алса,балаларды таным-түсініктерін дамыту мынандай қағидалардың негізінде жүргізілсе деп ойлаймын.

     Біріншіден:

          Балаларды өсімдіктер мен жануарларды күтіп-баптауға баулу,соған орай, бойларындағы қабілет пен икемділікті орнықтыру;

         Табиғаттың қызықты да құпия сырлары жөнінде эстетикалық және ұлтжандылық сезімдерін дамыту;

        Табиғаттағы барлық нәрселердің бір-бірімен өзара байланыста болатынын және оны күнделікті өмірде ескеріп отыру қажеттілігін түсіндіру;

        Табиғат жайындағы  қарапайым білім түрлерін меңгеріп, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөніндегі жалпылама ұғымдарды нақты түсініктермен ұғындыру.

Екіншіден:

    Экологиялық тәрбие беруде пайдаланылатын даналық ұғымдар,тыйым сөздер,аңыз әңгімелер-кейінгі ұрпаққа өнеге боларлық асыл мұралар. Мәселен , «Атаның мал қалғанша,тал қалсын», «Ағаш ексең аялап, басыңда болар сая бақ», «Бабалары еккен шынарды балалары саялайды.» деген өсиет сөздерді педагокткр күнделікті жұмыстарында пайдаланып , мағынасын балаларға қарапайым мысалдармен түсіндіріп отырулары тиіс.

    Экологиялық білім беру мектепке дейінгі педогогиканың қазіргі кезенде бөлінбес бір бөлшегі болып саналады. Сонықтан да тәрбиеші педагоктардың санасында көптеген сұрақтар туындайды. Балабақшада экологиялық білім берудің тиімді жүйесін қалай құруға болады? Оны интеграциялау негізіне қалай кірістіруге болады?

    Экологиялық білім берудің идеялары баланың әртүрлі іс-әрекеттерінде жүзеге асыруға болады. Мысалы,бақылау,еңбек,ойын,тәрбиелер,музыка,бейнелеу өнері және дене шынықтыру.

    Экологиялық тәрбиені жүзеге асырудың ең тиімді жолдарының бірі сабақ процесі арқылы болады.Мектепке дейінгі мекемелерде    Экологиялық білім беруді өз дәрежесінде жүргізу үшін мен сабақтарды арнайы экологиялық бөлмелерде ұйымдастыруды ұсынамын. Ол бөлмелер өзінің көлеміне қарай бірнеше атқарушы орталықтарға бөлінеді.

    І. Оқыту зонасы,мұнда бөлменің терезе тұсы,жарық жағы қамтылады. Оқыту зоналарында үстелдер мен орындықтар,тәрбиешінің үстелі орналастырылады.

    ІІ. Жинақтау зонасы,балаларды әр түрлі табиғи объектілермен (нүктелер) таныстыру үшін жинақталған құралдар көрнекі құрал жинақталған құралдар көрнекі құрал ретінде пайдаланады.

     Жинақтар  арнайы шкафтарда сақталады немесе сөрлерге қойылады. Олар баланың көзінен көру деңгейінде орналасуы қажет.

     Балабақша жинақтарын балалардың өздері және ата-аналары жинау мүмкіндіктері бар үлгілерді құрайды: тастар , әртүрлі өсімдіктердің тұқымдары,кепкен ағаш жапырақтары мен бұтақтары,қабығы, құм, саз, түрлі су тастары,т.б.

     Балаларды табиғаттан бөлмей,ағаштармен,өсімдіктермен,жануарлармен таныстырып алып,оны бекіту үшін слайд, бейнетаспалар,түрлі-түсті суреттер пайдалану керек.

ІІІ. Релаксация зонасы.Бұл зонада әр түрлі бөлме гүлдері,аквариум,фонтан болуы қажет. Осы зонада балалар демалып,өз беттерімен ойындар ұйымдастырып ,өсімдіктерге,гүлдерге күтім жасайды.

    ІV кітапқана зонасы.  Бұл зонада түрлі-түсті әдемі кітаптар, балаларға арналған энциклопедия, экологиялық  журналдар,глобус, атлас, ертегі кейіпкерлерінің қуыршақ үлгілері және мынандай техникалық жабдықтар: телевизор,үнтаспа,слайдтар,диапроектр,проектр,аудиотаспалар,пластикалар орналастырылады.

     Экологиялық бөлменің қабырғасына дүниежүзінің физико-географиялық  картасы ілінеді.

      Бөлмеде әртүрлі үлгілер,соның ішінде мектепке дейінгі мекеме аумағының үлгілі,көрнекілікті табиғат күн тізбесіне ілінеді, экологиялық бөлменің безендірілуі бөлмені қауыпсыз безендіру үлгісі  бола білуі қажет.

       Ол үлкендер мен балалардың тұрмыста салауатты экологиялық қимыл-әрекет жасай білу қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді. Осы мақсатпен тек қана табиғи таза нәрселерді пайдаланған жөн. Мүмкіндігінше , жасанды гүлдер, синтетикалық құрал жабдықтарды пайдаланбаған дұрыс.

  Балаларды туған өлеке табиғатынасүйіспеншілігін арттыра отырып, табиғатқа деген қамқорлық сезімдерін ояту,аяушылық қасиеттері мен қайырымдылыққа жол ашу  экологиялық тәрбиенің бөлінбес бөлігі деп есептеймін.

     Сондықтан айналамыздағы орман-тоғайларды,теңіз бен көлдерді, жан – жануарларды қорғап,аялай білуді үйретуді балабақшадан бастау керек.

  Елбасы Н. Ә. Назарбаев ұсынған «Жасыл ел бағдарламасының іске асуына көмектесе отырып, «Ағаш ек, гүл ек, туған жерді түлет!»»

Ұранын алға ұстап, Табиғат-анамызды қорғайық, аялайық,сүйеік!

      Ендеше, жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру-бұл баланың өмірге деген құрметін арттыру.

Тірі және өлі табиғат

Тапсырма : Суреттерді топтап,арасын сызықпен қостырыңыз. Мысалы,адамдарды көк сызықпен, жануарларды—қызыл, өсімдіктерді- жасыл сызықтармен қоссын.

      «Тіршіліктегі адам мен жануардың, жануар мен өсімдіктің,адам мен өсімдіктің арасында қандай байланыс бар? Ойлан !»дей отырып, осы туралы білімін жетілдіріңіз. Күнделікті өмірде кездесетін осы байланыстарды бақылаңыздар.

     Балаларынызға көмектесініз.

   Бұлардың бәрі де тірі табиғатқа енеді. Себебі, олар қоректенеді,өседі,тұқым таратады,өледі. Сондықтан олардыңтіршілігінде ұқсастық бар,айырмашылықтары да көп.

Сұрақ-жауап

Жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі туралы не білесің?

Өлең оқып берініз

Құлын.

Құлдырайды құлын,                 Дөнгелетіп жерде

Желбірейді тұлым.                  Айналады көлді.

Желігеді жүйрік,                      Секілді ұшқыр сұңқар,

Төгіледі құйрық.                      Болғалы тұр тұлпар.

                                                        Әбдірахман Асылбеков

Қызыл күлгін ақ сары              Көп ел егіп күтеді

Шешек атқан шақтағы            Сатады әр гүл дүкені

Хош иісі сүйсінткен                 Аларыңды абайла,

Ең әсем гүл бақтағы               Сабақта бар тікені.

 

Экология әліппесі

 

Үй гүлдерін күтуге көмектес. Суын құйып,топырағын қопсыт,шіріген жапырақтарыннан тазарт.

Балаңызбен әңгімелесесіңіз.

       Шөп тірі табиғатқа,тас өлі табиғатқа жатады. Ойлан , табиғатты неге тірі табиғат және өлі табиғат деп бөлеміз? Түсіндір

      Су ,тау, тас, құм , топырақ – өлі табиғат. Өйткені олар қоректенбейді,өспейді, көбеймейді және өлмейді.

Суреттен өлі табиғат заттарын тауып ата . тірі табиғатқа жататын заттар суретте барма? Тауып көр.

Олрдың неліктен өлі немесе тірі табиғатқа жататынын  түсіндіруге  тырыс.

 Көркем сөз : Қоршаған орта біздің ортақ үйіміз. Оны таза сақтау керек.

Тиым сөз: Кез келген жерге қоқыс тастама.

                                   

Жаңбыр

Әңгімелесу .

Жаңбыр қандай күндері жауады? Жаңбыр жаумас бұрын аспаннан қандай өзгерістерді байқауға болады? Жылдың кай мезгілінде жаңбыр көп жауады? Қай кезде жылы жаңбыр жауады? Жаңбырдың қандай түрлерін білесің ?

Тапсырма : жаңбырлы күннің суретін салдыру.

Сөздік жұмыс:

Нөсер, өткінші жаңбыр ақ жаңбыр, жылы жаңбыр, салқын жаңбыр.

Жұмбақты жаттау:

Көтеріліп теңізден аспанға биік барамын.

Биіктен қайта түскенде, өңі кірер даланың.

                              (жаңбыр)

Мақал-мәтелдерді айтып мағынасын түсіндіру.

«Жаңбыр жауса жер ырысы,батыр туса ел ырысы»

 «Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер»

«Сәуір болса ,күн күркірер, күн күркіресе көк дүркірер »

«Сәуірдегі жауын, сауып тұрған сауын»

 

Адамдар суды қалай пайдаланады?

Сөйлем құрастыру.

Сумен гүлді суарамыз. Суды ыдысқа құямыз. Сумен ас әзірлейміз.

Сумен жуынамыз. Өзендегі суға шомыламыз.

Орманшы орманға қалай қамқорлық жасайды?

Жабайы аңдар мөлшерден тыс көбейіп кетсе, атады.

Ормандағы тазалықты қадағалайды.

Жас ағаштар отырғызады№

Орманды өрттен қорғайды.

Енелерінен айырылған аңдардың балаларына көмек көрсетеді.

 Сөздік қорларын молайту.

Құстар қалай ұшады.

Ретсіз тізбекпен,түзу, тығыз тізбекпен, тырналар тізбегі.

Грамматикалық тұлғада дұрыс сөйлеуге үйрету.

Құстарды жіктеуге арналған сызба арқылы үйрету.

Мысалы: тұмсық басымен, денесі қауырсындармен жабылған.