Тақырыптық сабақ.
Қазақстан Республикасының рәміздері.
Мақсаты:Балалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы түсінігін толықтыру, елін , жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі:Отан туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер,көрме,суреттер. Қазақстан Республикасының Әнұраны.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.
Шаттық шенбері.
Көк аспанда күн күлсин,
Бірге күлсін бүлдіршін.
Ұл қолында ту жүрсін!
Қыз қолында гүл жүрсін!
Бірге күлсін бүлдіршін.
-Балалар, бүгінгі сабағымызды Е.Өтетілеуовтың «Отан» өлеңімен бастаймыз.Қане кім айтады, Отан дегеніміз не?
-Отан дегеніміз, адамның туып-өскен жері,халқы.
Сұрақ- жауап.
-Біз кай елде тұрамыз?
-Қазақстан Республикасында тұрамыз.
-Қазақстанның Елордасы қай қала?
-Елордамыз –Астана.
-Елбасымыз кім?
-Елбасымыз Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев.
Кәзір біз көрмеге саяхатқа шығамыз.Бұл көрмеде Астана қаласының әдемі ғимараттары қойылған. Олар: Ақорда, «Думан» ойын-сауық орталығы, Астана қаласының бой тұмары-Бәйтерек.
Қазақстан Республикасының рәміздерін кім атап берреді ?
-Елтаңба,Ту,Әнұран.
Шығармашылық жұмыс. «Мен-Қазақстанның болашағымыз» атты құрастыру ойын ойнаймыз. Мұнда балалар екі топ болып сынға түседі. Олар алдарындағы Қазақстан- деп жазылған жазуды тауып, еліміздің қартасын құрайды. Қазақстан Республикасы үлкен мемлекет. Біздің елімізде көптеген қалалар,ормандар,далалар, таулар, өзен көлдер, пайдалы қазбалар бар. Қазақстан картасынан қарап еліміздің байлықтар туралы әңгімелейк.
Маңғыстаудан – мұнай.
Қарағандыдан – көмір.
Жезқазғаннан- мыс.
Қызылордадан-ақ маржан (күріш)
Қостанай Астана-ас атасы нан
Арқалықтан –алюминий
Таиырмен Даянаның тақпақтарын тыңдайық.
Бейне көрініс . Бейне таспадан Қазақстанның қалаларының суреттерін тамашалау. Астана қаласының әдемі көрікті жерлерін, ғимараттарын көрсету. Шеңбер жасау арқылы сабақты қортындылау.
