Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182)650607
Мекенжайы: Павлодар қ., Майра көшесі, 41/1 үй 8(7182)655540-басшы 8(7182)650609-хатшы 8(7182)650611-есепші 8(7182)526096-вахта
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі, жұма күндері, сағ.16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Ахметова Гүлнәр, тәрбиеші

 

Отбасы мен балабақша арсындағы ынтымақтастық

 Балабақша мен отбасындағы тәрбиеде  бірінші  орында баланың  жан-жақты  дамуы, денсаулығы, тәрбиесі, жетістігі  тұрады.  Тәрбиеші  баланы  балабақшаға  қабылдағанда  әрдайым  жылылық бере білуі керек. Баланың  қандай  көңіл  күймен  келгенін  білу,  оны алып  қайтуға  келген  ата-анасына  жетістігін  айтып,  қуанышты  сәттерін  баяндап отыру  қажет.  Отбасында  және  балабақшада  кішкене  сәби айнала  қоршаған  дүние  жөніндегі  бастапқы  ұғымдарды меңгереді, өнегелі  тәрбие  алады. Ата- анамен бірлесе жұмыс жасау тәрбиеші жұмысынжеңілдетіп, баламен  қарымқатынасы жақсарып, оң нәтижелер  береді.

            Ата-анамен  бірігіп  жұмыс  жасауда  тәрбиеші жұмысты әр түрлі  бағытта  жүргізіп, түрлі әдіс-тәсілдерді  пайдаланғаны жөн.  Ынтымақты  жұмыс  жасауда  біздің  балабақшада  ата-аналармен  байқаулар, көрме, тренингтер, жиналыстар,  кездесулер  ұйымдастырады.  Кең   тараған  жұмыстың  түрі ашық  есік  күндері. «Ұрпағың  ұлағатты  болсын десең », «Біздің  сабақтар» атты  тақырыптарда  тәрбиелеу , оқыту  жұмыстарының  ерекшеліктерімен  таныстырылып, ата-аналардың  пікірлерін  де  тыңдаймыз.  Отбасылық  тәрбиедегі  тәжірибемен  бөлісу  мақсатында  педагогикалық- психологиялық  сайыс, үлгілі  отбасымен  кездесу  кешін  өткізіп,  отбасылық  газет шығардық. Газетте  отбасының   қуанышты сәттері, игі  істерінің  нәтижелері жазылады. Сондай-ақ, балабақшада  «Әже мен немере», «Дәрумендер  жанұя», «Әке-шаңырақтың  тірегі» атты отбасылық  байқаулар, «Жарасымды бауырлар», «Толағай», «Намыс дода» атты спорттық  ойындар  ұйымдастырылды. «Шебер  қолдар»  тақырыбында ата-аналар  және  бүлдіршіндер  арасында  қолөнер, сурет  байқаулары  өткізіліп  тұрады. Мерекелік  ойын-сауықтарда  бүлдіршіндер  әннен, биден, жырдан шашу шашып,  ертегілерден  көрініс  сомдап, өз  қаблеттерін  ортаға  салады. Өйткені, кез-келген  ата-ананың  балабақшада  өз  баласының  қимыл-әрекетін  көргісі  келетіні  жасырын емес.

«Басында  бұлағы  бар өзен, ұзақ  ағады» демекші қазақ  халқы  өз ұрпағының  өнегелі, өнері, еңбек сүйгіш, абзал  азамат болып  өсуін  армандаған, шығармашылықтың  алуан  түрлеріне  баулыған.  Отбасы  тіршіліктің  шағын  ұясы, жаңа адам  сол  ұяда  дүниеге келіп,  қамқорлыққа  бөлініп, өмір  мектебінен  өтеді.  Отбасының  жылылығы мен махабаты баланың  өзіне  деген  сенімін  арттырып, болашағына нық  қадам  жасауына зор ықпал   етеді. Балалардың  балабақшаға көтеріңкі  көңіл-күймен  келуі тәрбиешінің  еңбегінің  көрінісі. Ата- анамен балабақшаның өзара ынтымақтастықта  болуы, әсерлі  ойын-сауықтар, байқаулар   балаларды  сенімдік  пен  белсенділікке  шақырды және жақсылыққа баулыйды.