Тақырыбы: «Ертегілер елінде»
1. Білім беру саласы: қатынас, шығармашылық.
Бөлімі: көркем әдебиет – жапсыру.
Мақсаты: ертегі терапиясы арқылы ертегілерге деген қызығушылықтарын артыру
1. Ертегілерді қайталау;
2. Шығармашылықтарын дамыту;
3. Өзара дұрыс қарым-қатынастарын тәрбиелеу.
Құралдар: ертегі көріністерін бейнелеу, сурет, көлеңке театры, жылы көрпе.
|
Кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
|
Ұйымдастыру кезеңі
Проблемалық кезең |
«Шаттық шеңбер» Балалардың назарын қонақтарға аударады. Ойын: «Кейіпкерлер» М: ертегі кейіпкерлеріне айналып амандасу. «Боранда адасқандар» М: ертегі кейіпкерлерін бір-бірімен табыстыру. 2 орталыққа бөліну -Балалар бүгінгі жұмысымызды 2 орталықта жүргіземіз. «Әдебиет» және «Өнер» орталығында. Әдебиет орталығындағы балалар кейіпкерлерге көмектеседі. Ал «Өнер» орталығына барғандар қыстың тынық борансыз күнін түрлі түсті қағаз арқылы қысқы көрініс жасайды. Ол үшін көк түсті қағазды умаздап, сосын тегістейсіңдер, одан кейін ақ түсті бояу пайдаланып бояйсыңдар. Одан үрлеп кептіріп, үш бұрыштап қиып аласыңдар. Шыққан пішінді ақ қағазға жапсырасыңдар. Д/ойын: «Түлкі қандай ертегілерде кездеседі?»
Ойын: «Қай кейіпкердің сөзі?» М: үнтаспадан естіп, кейіпкерді танып айту.
4. Жұмбақ шешу Емес тәсілімен Аң емес құс, Бойы аласа емес, биік, Аяғы қысқа емес, ұзын, Ол не? (Тырна) Құс емес, аң, Қорегі сәбіз емес, балапан, Ұшады емес, жүреді, Аңқау емес қу (Түлкі) Олай болса балалар осы «Түлкі мен тырна» ертегісін сахыналап берейік. Енді демалып, сергіп алайық. «Жылы көрпе» Балаларды татуластыру. Қазір мен сендерді бір көрпенің астына жинаймын, біз бәріміз бір отбасы секілді бір шаңырақтың астындамыз. Келесі тапсырма Деңгейлік 3 топқа бөлініп 1. Тапсырма «күйме» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
2. Тапсырма Сөйлем құрастыру
3. Тапсырма «Жасырылған сөз» Ребус шешу «Күлше қыз» |
Балалар шеңберге тұрады, қонақтармен амандасады.
Балалар ертегі кейіпкерлерге айналып амандасады.
Балалар адасқан кейіпкерлерге назар аударады.
Балалар 2 орталыққа өз еріктерімен бөлінеді.
Балалар тыңдап, көріп қию, жапсыру тәсілдерін меңгереді.
Балалар түлкіні қай ертегіде кездесетінін тауып айтады. Балалар үнтаспадан шыққан дауысты тыңдап кейіпкерді табады.
Балалар көлеңке театры арқылы сахыналайды.
Балалар 3 топқа топтасып тапсырмаларды орындайды.
Балаларсызбаарқылы сөйлем құрастырады.
Сөздердің бірінші дыбыстарынан жаңа сөз құрастырады. «Күлше қыз» деген сөз шығады.
|
