Тақырып:Ысқырық дыбыстарға қонаққа
Түзету мақсаты:С дыбысын буында, сөзде машықтандыру.
Түзету міндеттері: 1) С дыбысына арнайы артикуляциялық жаттығуларды жасау, жеке С дыбысын шығару; ұзақ тыныс алуды жаттықтыру, дыбысты, буында, сөзде машықтандыру,сөзде дыбыстың орнын анықтау,фонетикалық талдау жасау, лексикалық грамматикалық түсініктерін қалыптастыру;
2)Баланың зейінің, көру, ойлау қабілеттерін және ұсақ моториканы дамыту.
Керекті құралдар:үлкен конверт, ұсақ түрлі – түсті конверттер,артикуляциялық жаттығулардың суреттері жапсырылған текше, С дыбысын шығаруға арналған тірек-сызба, «Суретті аяқта» жаттығуына карточкалар,қиылған суреттер.
|
Ұйым
|
1.Сәлеметсіңдер ме,балалар.Маған бүгін біреу үлкен конверт әкелді, оны сабақта ашыңыз,-деді.Бұл конвертте не бары екенің білгілерін келе ме?
|
Иә,білгіміз келеді.
|
|
|
2.Конвертті ашамыз, бұның ішінде көп конверттер бар. 1-ші конверт көк түсті Жаттығу:Тілді жаттықтырайық. М: Артикуляциялық аппаратты дамыту.
3.2-ші конверт сары түсті.. Жаттығу: «С дыбысы» М: Тірек-сурет бойынша С дыбысын шығаруға үйрету.
4.3-ші конверт тоқ сары түсті. «Қыстырғыштар» М: Фонетикалық талдау жасау.
5.4-ші конверт көгілдер түсті. Ойын: «Бұл не?» Мақсаты: Буындық талдау жасау, ұсақ моториканы дамыту.
6. 5-ші конверт қызыл түсті. «Суретті аяқта» М: Ойлау қабілетін дамыту.
7. 6-ші конверт жасыл түсті. Ойын: «Бір және көп» М: Зат есімдерді жекеше, көпше түрде айту.
8. Үлкен конверттің іші бос. Тапсырмаларды кім бізге жіберді екен? Жұмбақты шешейік.
Ақ сақалды, үлкен денелі, Шапаны қызыл түсті, Сыйлыққа толы қалтасы. Ол кім? |
Айна алдында «тісті тазалайық», «шарбақ», «ат шауып келеді», «күрекше» жаттығуларын жасайды.
Шарбақ жаттығуын жасап, тілді төсекке салайық (тіл төменгі тістерге тіреледі),тілді төбешек секілді қойып, ысқырық дыбысын келтірейік,-деп жаттығу жасайды.
Дауыссыз - көк түсті, дауыстылар қызыл түсті қыстырғыштармен белгілейді.Са,со,су,си,се,сы буындарын атайды.
Алған суретті атап береді, неше буыннан тұрғанын шапалақпен бөліп айтады.
Екі бөліктегі суретті қосады, шыққан затты атайды, С дыбысын анық айтады.
Доп-доптар, кесе –кеселер т.б.
Аяз Ата. |
|
Қорытынды. |
Аяз ата бізді тексергісі келген екен. Саған қай дыбыс көмектесті? |
С-с-с. |
