Сабақтың тақырыбы: Тауық пен балапандар.
Түзету мақсаты:Ш дыбысын буында,сөзде, сөйлемде машықтандыру.
Түзету міндеттері:1.Ш дыбыстың орнын сөзде анықтау, лексико-грамматикалық түсініктерін қалыптастыру, антоним сөздерін дұрыс айту, тірек-сызба арқылы сөйлем құрастыру, «емес» әдісін қолданып балапан туралы тақпақ құрасытыру,дыбыстық,буындық талдау жасау.
2.Ойлау,көру,есту қабілеттерін және ұсақ қол моториканы дамыту.
3.Адамгершілікке, қарым-қатынастыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Керекті заттар:Артикуляциялық жаттығуларға керекті сурет-символдар, тауық ойыншығы мен балапандардың картонды суреттері,үйрек балапанының жұмсақ ойыншығы, заттық суреттер, киндер сюрприздің жұмыртқалары, тірек-сызбалар, текше.
Қолданылған әдіс-тәсілдер: «текше» әдісі, «емес» әдісі, қайталау, салыстыру, тірек-сызба, тірек- суреттер.
|
Ұйымдастыру кезендері |
Логопедтің іс-әрекеттері |
Баланың іс-әрекеттері |
|
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10 |
Тауық балаларға қонаққа келеді.Балалар, мен өзімнің балапандарымды тәртіпті болуға, Ш дыбысына көптеген тапсырмаларды үйреттім,ал сендер осы тапсырмаларды жасай аласыңдар ма? Тауық бірінші жұмыртқасын береді. Жаттығу: «Тілді жаттықтырайық»,мақсаты: Артикуляциялық аппаратты дамыту. Жаттығу: «Ыстық шайға үрле»,мақсат:Тыныс алуды жаттықтыру. Бізге қандай дыбыс көмектеседі?
Ойын: «Үй»,мақсаты: Ш дыбысын буында машықтандыру. Тауық жұмырқасында жасырын тапсырма береді. Ойын: «Суреттерді тап», мақсаты: Буындық талдау жасауға үйрету. Сергіту сәті: «Тауық»,мақсаты: жалпы балалардың қимыл-қозғалысы мен саусақ моторикасын дамыту. Ойын: «Ш дыбыстың орнын тап»,мақсаты: Баланың есту қабілетін дамыту.
«Тірек-сызба бойынша сөйлем құрастыр»,мақсаты: Ш дыбысын сөйлемде машықтандыру.
«Балапанды сипатта»,мақсаты: «емес» әдісін қолдануды үйрету Тапсырма«Балапан»,мақсаты: Баланың жіңішке қол моториканы дамыту. |
-Иә, тауық жасай аламыз.
«Парус», «Кесе», «Күрек» «Сиқыршы»айна алдында жасайды..
- Қабыстырған ерін арқылы үрлейді;
- Ш-Ш-Ш дыбысы
Мысалы: Ша,Шо,Шу,Ши ш дыбысын анық шығарады.
Мысалы: ШАНА деген сөзде екі буыннан тұрады; Музыка әуtнімен бірге қимыл –қозғалыс жасайды;
Мысалы: шар –Ш дыбысы сөздің басында, ағаш –Ш дыбысы сөздің аяғында, т.б. -ұшақ аспанда ұшады; -балалар көже жеді; Раушан гүлі жерде өседі, т.б. Балапанның түсі қызыл емес, сары,т.б. -балалар балапан суретіyбояйды. |
|
11Қорытынды: |
Тауықтың балапандары ұяға оралады. Балалар, сендерге жол бойы қандай дыбыс көмектесті? Тауық балаларға ең үлкен жұмыртқасын береді,оның ішінде сыйлыққа-наклейкалар болады. |
Ш-Ш-ш дыбысы көмектесті.
Балалар рахметін айтып, топтарына барады. |
