«Мектепке дейінгі жастағы балаларға ертегілерді
тірек-сызбалар арқылы үйрету»
Көркем әдебиет тақырыптарындағы ертегілерді өткізуде бірінші сол өтілетін ертегіге қызықтыру, яғни қызығушылығын арттыру керек және алдын - ала дайындықтан басталады.
- Балалар бүгін біз қызықты ертегімен танысамыз. Ол үшін сендер мұқият зер салуларың керек.
Сол ертегіге байланысты суреттер, атрибуттар, ең маңыздысы тірек сурет сызбалар дайындау қажет. Ол үшін сол ертегі мазмұнына сәйкес болған уақиғалардың сурет сызбасын толық көзбен көретіндей сызылу немесе салыну керек. Уақиға желісі, іс - әрекеттері рет-ретімен толық салынады.
Ертегі оқығанда және мағынасын әңгімелегенде сол суреттерді көре отырып, естеріне тез сақтайды. Кейіпкерлердің сол мезеттегі әрекеттерінің мағынасын балалар тез ұғады. Өз пікірлері туындап, ары қарай талқылайды. Кейіпкерлердің мінез – құлқына сипаттама береді.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіндегі ертегі тақырыбы былай жоспарланады.
1) Өтілген ертегіні еске түсіру, сол ертегідегі әрекеттерімен болған уақиғалар қысқаша айтылады.
2) Жаңа ертегі тақырыбын оқып шығып, мазмұны әңгімеленеді. Мағынасын ашады. Ертегі не туралы? Қай кейіпкерлердің мінез – құлықтары туралы айтылғанын түсіндіріледі.
3) Дауыс ырғағын айнытпай салып, қандай көңіл күйде болғанын, жағымды – жағымсыз іс - әрекеттерін сұрақ – жауап арқылы талқылайды.
4) Мысалы: «Торғай мен түлкі» ертегісін алсақ -
- Түлкі не істеді?
- Оның жасаған іс - әрекеті қандай?
- Ал торғайдың іс - әрекетіне не айтар едіңдер?
- Досына солай етуге болама?
- Ит қалай көмектесті?
- Қайсы кейіпкерге аяушылық білдіресіңдер?
5) Балалар өз ойларын ортаға салады, содан Пропп картасы белгілері арқылы талқыланады. Пропп картасының бірнеше белгілерін қолдану өте тиімді.
6) Ертегіге байланысты еңбек, достық туралы мақал – мәтелдер, жаңылтпаштар үйренеді.
7) Соңында балалар ертегі кейіпкерлеріне «Бес жол - өлең» өз ойларынан құрастырады.
Ертегі арқылы бала тілін дамыту – ауызша сөйлеуге үйренеді. Ақыл ойлары жетіледі. Пікірлерін толық жеткізе алады. Тілдік қорлары көбейіп, белсенділігі артады.
Кейіпкерлер сөздерін дауыс ырғағымен жатқа айта отырып, іс - әрекеттерін көрсетіп, тілдерін дамытады. Үйренген сөздерін күнделікті өмірде қолдана алатын болады. Ертегіні толық меңгерген баланың қиялдары шарықтап, өз бетіншеде ертегі құрастырып айта алады.
Тәрбиелік мәні: Ертегіні талдау арқылы адамгершілікті, адал достықты, мейірімділікті, қайрымдылықты, еңбек – сүйгіштікті, жақсылық жасауды үйренеді.
