Тақырыбы:« Төрт түлік және төлдер»
Мақсаты:Үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейте отырып, олар туралы тақпақ, ән, ойын ойнау. Үй жануарларына қамқор болуға, оларды баптап күтуге үйрету.
Әдіс-тәсілдері:үй жануарлары туралы түсінік беру, тақпақ, мақал-мәтел, жұмбақ, тиым сөздер айта білуге салыстырмалы ойын, Д/о ойын.
Көрнекілігі:Төрт түлік суреттері төлдерімен, жайлау көрінісі, керекті құралдар, қуыршақтар.
Үнтаспадан төот түлік малдың, төлдерінің дауыстары жамырап естіледі.
-Нелердің дауыстары? Төрт түлік пен төлдері.
- Балалар, «Ботақан» әнін айтайықшы?
Ботақан үстінде жабуы бар келеді.
Ботақан:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мені таныдыңдар ма? – ИӘ!
Мен жайлаудан сендермен кездесуге келдім.
Тәрбиеші: Қане, балалар, төрт түлік туралы бізге тапсырма әкеліпті. Орындаймыз ба?!
Д/о:«Ненің төлі?»
Мақсаты:Балалар ойын шарты бойынша төлдерді енелеріне тауып қосуы қажет.
Тәрбиеші: Жақсы орындадыңдар. Төрт түлікті атап беріңдерші? Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі?
Балалар:Түйенің төлі – ботақан,
Сиырдың төлі – бұзау.
Қойдың төлі – қозы,
Ешкінің төлі – лақ.
- Кім тақпақ айтады?
Мансур:Кіп-кішкене мамақан,
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді анам «қозым» деп,
Ботақаным зің деп.
М.Аружан:Айналайын торпақ,
Бола берме қорқақ.
Әукешім-ау күнде,
Ойнайықшы бірге.
Ғанибек: Жалт-жұлт етіп лақ,
Жағалайсың бұлақ.
Секірем деп бірақ,
Қала көрме құлап.
Толғанай: Құлын-құлын, құлыншақ,
Желкілдейді тұлымшақ.
Маңдайымда жұлдызы,
Құйрығында құндызы.
- Балалар, төрт түліктің адамға пайдасы қандай?
- Сүт, ет, жүн береді.
Түйенің, жылқының сүтімен не жасайды?
- шұбат, қымыз.
- Қойдың, ешкінің сиырдың сүтінен ше?
- Май, құрт, айран, ірімшік.
Д/о:«Қалай дыбыстайды?»
Мақсаты:дыбыстарын сала білу, ажырата білу.
Сұлтан:
Сиыр –ма-ма, жылқы – е-е-е
Бұзау – ма-ма, құлын – е-и-е-и
Жансая:
Түйе – бе-бе, бота – бө –бө
Қой – мә-мә, қозы – мә-мә.
Алуа:Жұмбақ
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
(Қой)
Жандос:Жаңылтпаш
Ақ тай ақ па?
Қара тай ақ па?
Ән: «Қошақан»- әнін айтап, жалғастырамыз.
Ботақанды шығарып саламыз. Ал, біз төлдерге су береміз.
