Болашақ ұрпақты тәрбиелеу жолдары
Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты, қарапайымдылық пен жаман қылық та адамға әуел бастан жаратылысынан дарымайды.
Әбу Насыр әл-Фараби
Ең басты себептердің бірі-ата-ананың балаға деген шексіз махаббаты
Сөзсіз,иә баланы сүю керек ,бірақ мәселе онда емес,ең маңыздысы сол сезімді басқара білу.Үнемі еркелете берсе балаға ол кері әсерін тигізеді
Кейбір ата-ана баланын ыңқыл –сынқылын әлдебір табиғи нәрсе ретінде
қабылдайды.
Кей кезде тіпті баланын жағымсыз әрекеттерінін өзі де оларды қуантып жатады Өзін ылғи мүдденің ортасы болып санаған бала нағыз дөрекі мінезді бола бастайды Баланың тыңдамауы –үлкеннің баланың алдында еш абыройы
жоқтығының белгісі.
Ең маңыздысы баланың түбетейлі қылықтарын тентектіктен айыра білу
керек.
Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын атқаруға кіріседі, яғни олар тәрбиеші бола бастайды. Болашақ ұрпақты күшті де рухты етіп тәрбиелеу жолында алуан түрлі қуаныш пен қиыншылықтарды бастарынан өткізеді, жан-жақты дамуға баулиды. Өмір жолында туындап жатқан жайттардың шешімдерін іздестіруге тура келеді.
Тәрбие туралы аз айтылып жүрген жоқ, бірақ балалар мен жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыс өршіп барады. Болашағымызды бағамдай алмай тұрмыз. Санамызға селкеу, ақылға ақау түсті. Сәулесінен әуресі көп. Қоғамдық сананы қалыптастыру үшін ұлттық идеология керек, жеке сананы жетілдірмей, ұлттық сана қалыптаспайды. Кеселдің ең қауіптісі – сана сырқаты, ауыру оңай, оңалу қиын.
Отбасы, мектеп ұжымы, қоғамдық ұйымдар бірлесе қимылдаса бала тәрбиесінде оң нәтижеге қол артарымыз анық.
Бала тәрбиесі тек мектеп мұғалімдерінің ісі емес. Абай атамыздың «Балаға көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі – ата-анадан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан. Солардың ішінде, бала қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады» деген дана сөзі бар. Сондықтан да, ата-ананың балаға берер тәрбиесінің рөлі жоғары. Бала жаман әдетті де, жақсы әдетті де ең алдымен отбасынан алады. Мысалы, жұмыстан келген әкесі «Бүйткен жұмысы құрысын. Жанның рахатын іздеу керек. Жұмысты ақымақтар істесін» деп жиі кіжінеді. Осыны естіген 5-сыныпта оқитын баласы «сабақ күннен күнге қиындап бара жатыр. Бас ауыртып, сабақ оқудың керегі не, бәрібір түсінбеймін» дейтінді шығарыпты. Сабаққа деген ынтасы болмапты.
Бала тәрбиесіне салғырт қараудың кесірінен сабақ үлгерімі тәуір балалардың тәртібі нашарлап, ішімдікке әуестігі, темекі шегуді үйренуі кездеседі. Көбіне баланың өтірік айтуына ата-анасы, ересектер үйретеді. Мысалы, «Мені үйде жоқ де», «Көрші сұраған затты жоқ де» деген сөздерді жастайынан үйреніп өскен бала есейгенде де осы әдетінен арыла алмай қалады.
Отбасында беделі бар ата-ана үшін балаға жасалынған ескерту, жай ғана реніш жетіп жатыр. Бала содан қорытынды шығаруға тырысады. Ата-ананың баласы алдында беделі болмайынша, балаға тілді алғызу, жөнге салу нәтижесіз болмақ. Баланың мәдениетті, кішіпейіл болуын қалайтын ата-ана өзі де отбасында мәдениетті, кішіпейіл болғаны жөн. Олай болса, баланы тәрбиелей жүріп бала тәрбиесіне тікелей қатысы бар ата-ана, мектеп мұғалімдер, қоршаған орта, өзіміз де тәрбиелі болсақ.