Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182)650607
Мекенжайы: Павлодар қ., Майра көшесі, 41/1 үй 8(7182)655540-басшы 8(7182)650609-хатшы 8(7182)650611-есепші 8(7182)526096-вахта
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі, жұма күндері, сағ.16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Рахима Басымбекқызы Тұрабековна

 

Тақырыбы:«Ғарышқа саяхат»(Эстафеталық ойын)

Мақсаты:Балалардың қимыл-қозғалысын жетілдіру,топқа бөлініп ойнаудың сапасын арттыру,Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,балаларға қуаныш сыйлау.

Көрнекіліктер:құрсаулар,таяқтар,модулдар,залды ғарыштағыдай безендіру.

Сабақтың барысы.

Тәрбиеші:

-Балалар бірнеше жылдар алдын немесе 1961 жылы ғарышқа ең алғаш болып  кім ұшты?

Балалардың жауабы.

-Осы күнге дейін сол күн мереке болып тойланып жүр.Ол қай мереке?

Балалардың жауабы.

-Балалар сендердің әр қайсыларың сол ғарышқа ұшқыларың келеді ,дұрыс па?

Балалардың жауабы.

-Ал ғарышқа ұшу үшін қандай болу керек?

Балалардың жауабы.

-Дұрыс,ғарышқа ұшу үшін мықты,күшті, болу керек.Бір- бірімізге көмектесе алатын, бір-бірімізді қолдай алатын болуымыз керек.Спортпен көп шұғылдану қажет.Ал бүгін біз

ғарышқа ұшуға дайындаламыз.Алдымен зымыран ұшыратын жерге барамыз.Ол жерді  қалай атаушы еді?

-Ғарыш айлағы.

-Ол үшін біз ғарыш айлағын көз алдымызға келтіруіміз керек.Көздеріңді жұмыңдар.Зымыранның ұшуын елестетіңдер.Оның тырылдаған дауысын елестетіңдер.Ғарыш айлағы және бір зымыранды ұшырды.Көздеріңді ашыңдар!

Енді аздап жаттығу жасап алайық.

Біз ұшамыз ғарышқа,

 Қолды көтер жалықпа

Түсіреміз жан-жаққа,

Зымыран күтіп қалмап па.

Ұшуға аз уақытымыз,

Қатарға біз тұрамы.

Иілеміз оңға бір ,

Иілеміз солға бір.

Жүріңдер зымыран жаққа,

Күтіп тұр ол айлақта.

Тұрмасын бізге қарап,

Босайды енді айлақ.

Біз бәріміз күштіміз

Жерден ұзақ ұштық біз

Амандасып бәрімен

Иіліп сәлем береміз. (Балалар қымылдармен көрсетеді)

Ал енді балалар екі командаға бөлініп, күшімізді  сынасамыз.

Бірінші команда«ғарышкерлер » командасы.Капитаны:

Ұраны:«Біз ғарышкер боламыз,ғарышқа ұшып,самғаймыз».

Екінші команда:«Жұлдыздар».Команда ұраны:Жұлдыздардай жарқыраймыз.Капитаны:

Бірінші ойын:

             

1.«Ғарышкерлер командасы » деп аталатын ойында,ойыншылар өз командаларымен қол ұстасып шеңберге тұрады.Белгі берілгенде қолдарын жіберіп, ойнауға шығады.2-ші рет белгі  берілгенде шеңберге қайта тұра қалу керек.Өйткені ғарышкерлер командасы алдымен бір-бірімен тату –тәтті болу керек.Қай команда бірінші болып шеңберге тұрады,сол жеңіске жетеді.

2.«Зымыран құрастырамыз».

Әр командада зымыранның кескіні болады.Соған қарап таяқтардан зымыран құрастырады.Әр бала бір бөлшегін ғана қоя алады.

3.«Айға ту тігеміз»

Зымыран құрастырдық.Енді онымен айға ұшып,туымызды тігеміз.

Қолда ту.Бірінші бала кегли арасымен жүгіріп өтіп,туды құрсау ішіне қойып келеді, екінші бала барып алып келеді.Ойын солай жалғасады.

 

 

4.«Ғарышкерлер ойыны»

Кілем үстіне құрсаулар қойылады.Ол зымырандар.Әрбір зымыран екі ғарышкерге арналған.Балалар музыканың әуенімен билейді ,музыка тоқтағанда екі-екіден бір-біріне арқасын беріп, құрсаудың ішіне кіріп оны жоғары көтереді.

5.«Ғарыш айлағы»

Енді біз ашық космосқа шығамыз.Ол үшін алдымен зымыраннан еңбектеп шығып алуымыз қажет.Доғал астынан допты еңбектеп тұрып домалатып барып, қайтуда допты қолға ұстап жүгіріп келіп, екінші балаға береміз.

6.«Айға қонамыз»

Гимнастикалық орындық үстімен қолды жан-жаққа созып,аяқ ұшымен жүріп, құрсау ішіне секіріп түсу.

Балалар сендер өте мықты ,күшті,жылдам, ұйымшыл екендеріңді көрсеттіңдер.Ғарышкер болуға ,оған саяқатқа шығуға дайын екендеріңе куә болдық.Ал енді қай команда жүйрік болғанын тыңдайық.

Балаларға медальдар беріледі.