Телефон доверия
8 (7182)650607
Мекенжайы: Павлодар қ., Майра көшесі, 41/1 үй 8(7182)655540-басшы 8(7182)650609-хатшы 8(7182)650611-есепші 8(7182)526096-вахта
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі, жұма күндері, сағ.16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Эльмира Утешова

 

Жол жүру ережесі.

 

Мақсаты: Оқушыларды көшеде жүруге тәрбиелеу.Жол ережесімен таныстыру,көшені қалай қиып өтуге,бағдаршамның қай түсіне өтуге болатынын түсіндіру. Оқушыларды байқампаздыққа,зейінділікке тәрбиелеу.

Безендіру:  шарлар,  ленталар, далаға шығарылатын заттар, 

 көше сияқты безендірілген  аланда өткізу.

Кейіпкерлер: Бағдаршам , қоян.                   

                         Біз тұратын қаланы

                         Байқар болсаң егерде-

                         Оны әбден болады

                         Әліппемен теңеуге

                         Құтты боп әр қадамың

                         Күлсін десең әр- күнің

                         Мыйға шабуыл.

Балалар,сендер жолда қалай жүру керек екенін білесіңдер ме? Жол тәртібін сақтай отырып,балабақшаға жету үшін қандай қауіпсіз  жолмен жүресіңдер? 

Мақсаты:Балалардың көшеде жүру ережесіне байланысты білім деңгейін тексеру.

Плакаттағы суретпен жұмыс жүргізу.

Балаларды жол ережесімен таныстыру

Ойын ойнату.

Жол үстінде байқаған-аман болар апаттан-демекші, жол үстінде ойнауға болмайды.Жолдан өткенде алдымен солға, одан кейін оңға қарауды ұмытпаңдар.

Тұрған машина артынан қауіп төнуі мүмкін,жол үстіне жүгіріп шығушы болмаңдар.

Топты үш топқа бөліп,плакаттағы сурет бойынша әңгіме  құрастырту.

Қоян:мен  сендермен  ойнағым  келеді.

Д\ ойын:  «Жолдармен,  көліктер»

Мақсаты:Жолдар, көліктердің түрлері  тұралы  түсініктерін  бекіту  қарандаршы  не көріп тұрсындар? Асфальтта  жолдар  салынған, көлік   түрлері    тұрады , балалардың    назарын соларға аудару.

(Балалар жауабы) 

Ал  ақ  жолақ   сызықтармен  белгіленген – ол  жаяу  жүруге  арналған  жолдар.

Қанша машина?  (Көп-аз)

Қандай машина  ? (Женіл жүк  машина)

Жүк  машина  не  тасиды? Женіл машина  ше?

Машинада не бар?

Машинаның өленін айтайық. (Бип-бип)

Ән: «Бал балалық балғын шақ»

Жолда жүру ережесі:

1.Машина жүретін жолда ойнауға болмайды.

2.Көлік жүретін жолмен жүруге болмайды.

3.Көшенің қиылысындағы бағдаршамның қызылы жанғанда жолдан өтуге болмайды.

4.Көшенің кез келген жерінен өтуге болмайды.

5.Көлік жүретін көшені бойлап жүруге болмайды.

              Бағдаршам қонаққа келеді.

                      

                       Бағдаршам аты

                       Көп көзі бар батыр

                       Тоқ болғанмен заты

                       Өзінде көп ақыл

                       Тұрады ол дәйім

                       Бұрышында жолдың

                       Қиып өткен сайын

                       Қарайтұғын балғын

(Ойын ойнатады)

«ТРАМВАЙ» ойыны

Шарты:Ойнаушылар қос-қостан ұстасып тұрады,ал бос қолдарымен ортадағы ұзын жіптен ұстайды.Бастаушы қолына жасыл,сары,қызыл дөңгелектер ұстап он-он екі метр жерде тұрады.Егер бастаушы жасыл дөңгелекті көтерсе «трамвай» алға жүреді, келесі жолы балалар айналып келгенде,қызыл не сары дөңгелек болса,онда тоқтап тұрады.Жасыл дөңгелек көргенде алға жылжиды. Алдын-ала  белгіленген  аялдамаларға  тоқтап  жолаушылар алуға да болады.

Жолда жүру ережелерін үйренуге жалықпаңдар.

Қорытынды.

Балалар бүгінгі ойын сауықта сендер нені естеріңе сақтадыңдар?

Жолдан қалай өту керек екен?

Бағдаршамның қандай пайдасы бар?

Қандай ескерту белгілерін білесіңдер?

(Жаяу жүргіншілер өтетін жол,велосипед жолымен қиылысу,трамвай жолымен қиылысу, жол жұмыстары, тастар түсуі,шлагбаумы жоқ темір жол өткелі,балалар, тайғақ жол.)

Ал бүлдіршіндер, жол бойындағы алғашқы сапарларың сәтті болсын,кездейсоқ оқиғалардан сақ бола алатындай сенімді болыңдар.Олай болса көшеде жүру ережелерін ұмытпай естеріңде сақтаңдар.