Телефон доверия
8 (7182)650607
Адрес: г.Павлодар, ул. Майры, д. 41/1 8(7182)655540-руководитель
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда, пятница 16.00-18.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Гулмира Айгужинова

 

«Көңілді мәре» спорттық ойыны

 

Өтілетін жарыс орны:  №5  балабақшасының спорт аланы.

Өтілетін жарыстың мақсаты:

1) Балалардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдылықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.

2) Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

3) Салаутты өмір салтын насихаттау.

Қолданылатын құралдар:эстафеталық кедергілер, доп (үлкен,кіші), қасық, гимнастикалық төсеніштер, таяқшалар және т.б.

Сайыстың барысы:бала бақшаның спорт аланда балаларды сапқа тұрғызылады.

Шара басталмас бұрын Қазақстан Республикасның мемлекеттік Әнұраны шырқалады. Ортаға екі жүргізуші шығады.

1 Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті спорт сүйер қауым! №5 бала бақшада «Көңілді мәре» спорттық ойыны өткізілетін себептен бүгінгі шараны алғаш болып бастауға рұқсат етіңіздер.

2 Жүргізуші :Армысыздар спорт жанашырлары! Салауатты өмір салтын ұстанған барша №5 бала бақшаінің балалары мен тәрбіешелер! Бүгінгі салтанатты сайсымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

1 Жүргізуші :«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі»  Т. Карлейль

Таза ауа, спорт болсын дәріміз,

Еңбек етіп келгенінше әліміз.

«Алға!»,- деген бір-ақ мақсат ұстанып,

Сайысқа аттанайық бәріміз!

1 Жүргізуші :Ал енді, спорт заңы бойынша әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:

1.      ____________________________________________________________

2.      ____________________________________________________________

3.      ____________________________________________________________

4.      ____________________________________________________________

2 Жүргізуші:

Балалар отыр сынға түскелі,

Сыналмақшы ептілік пен күштері.

Әрбірінің жігер күші жалындап,

Жеңіс сәтін тағат таппай күткелі.

«Спорт» десе таза біздің арымыз.

Сайысатын бүгінгі,

Қарсы алайық, қошеметпен бәріміз!

І топ - __________________________

II топ - _________________________

III топ - _________________________

Үш топ жүріп өтіп, ойын алаңына барып орналасады.

1 Жүргізуші :«Көңілді мәре» спорттық ойынымыз 10 турдан тұрады. Өз бақтарын сынағалы тұрған әр топ дөңгелене тұрып , сергіту жаттығуларын бастайды. Олар өздерінің топ аттарымен, төсбелгілерімен  және ұрандарымен таныстырылып өтеді.

2 Жүргізуші :құрметті жарысқа түскелі тұрған бәсекелестер,  балалар  және сайысымыздың қонақтары! Сайысымыздың әр бөлімімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Олар:

1.Эстафеталық жарыс (доппен  кедергілер арасынан жүгіріп өту).

2. Повар ойыны (шарикті екі қасықпен қазанға тасу).

3. Баскетбол торына доп лақтыру(баскетбол добын кедергілер арқылы бір қолмен алып жүріп, себетке салу).

4. Калькулятор ойыны (эстафета берілген есепті шығару)

5. Кенгуру (Қаппен кедергілер арқылы секіріп жүру)

6. Капитандар сайысы(әр  топтың капитандары шығып жарысқа түседі).

7. Кім шапшаң (әр командада екі адам қолтықтасып үшінші адамды мінгізіп мәреге жету керек)

8. Ойлан тап, сиқырлы сандық (бір сандық қойылады, соның ішіндегі сұрақтың жауабын табу керек)

9. Қол күрес (әр командадан  бір адам ортаға шығады, кезекпен бірі-бірімен қол күреседі)

10. Сен маған,мен саған(әр команда өздері дайындап келген сөзжұмбақты қарсылас команда алдына іледі. Команданың әр мүшесі кезекпен шешім жазады. Бірінші болып аяқтаған команда жеңіске жетеді)

2 Жүргізуші : 

Құрметті балалар!

Бір тілек айтарымыз!

Берекелі заман болсын,

Барымысаман болсын!

Жиырма бірінші ғасырда ,

Ашық аспан астында,

Денсаулықтарыңыз мықты болсын!

Жанұяларыңыз қуанышқа толсын!

Бүгінгі көңілді мәре жарысын ,

Осымен аяқтаймыз!

Рахмет, сау болыңыздар!