Сенім телефоны
8 (7182)650607
email: sad5@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Майра көшесі, 41/1 үй 8(7182)655540-басшы 8(7182)650609-хатшы 8(7182)650611-есепші 8(7182)526096-вахта
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі, жұма күндері, сағ.16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУДА ЕРТЕГІ ТЕРАПИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

Түсінік хат

 Ертегі мен терапияның арасында қандай жалпы ортақ  қасиет бар?

 Ертегі баланы тәрбиелеп қана қоймай,онымен қоса қиын мәселелерін шешуге де көмектеседі екен.

Тақырыптың өзектілігі:Ертегі  кейіпкерлерімен бірге бала мейірімді,батыл,шынайы болуға,қойған мақсаттарына жетуге және жақындарын сүйуге үйренеді. -Кей кезде үлкендерге,тіпті балаларға да өмірде кездесін қиындықтарды,қарама қайшылықтарды шешу мәселе болып табылады

Мақсаты:Ертегі терапиясының ойындары мен ертегілерін қолдану арқылы балалардың психолгиялық қиындықтарын шешу.

 Ертегітерапиясы балалық қиындықтарды шешудің жұмсақ жолы

Адами қасиеттерге тәрбиелеу

Күштемей жұмсақ оқыту.

Эмоциялар өткізу

Өмірлік құндылықтарды қалыптастыру

Айналасындағы әлемді   және адами өз-ара қарымқатынастарды түсіну

Баланың мінезін жұмсақ түрде түзету

Ішкі дүниені емдеу

Мектеп жасына дейінгі жастағы балаға ертегі терапиясы қалай  әсер етеді?

 Мысалы:  есейіп кеткен баланы кеудеден айыруға арналған ертегі.

«Қалай қонжық бал жеуді үйренді?»

Айға ұшу.

Бұл ертегі өз-ара тіл табыса алмай,бір бірін ренжітетін балаларға арналған.

4-7 жастағы балаларға арналған ертегі және ойын терапиясы бойынша                        бағдарлама

Мақсаты:Балаларды бір топқа біріктіру,тәрбиешіге деген сенімін қалыптастыру.

І кезең:Дайындық

ІІ.Негізгі: мақсаты:арнайы жинақталған ертегі кейіпкерлерінің көмегімен, психология және арт терапия жаттығулары арқылы балалардың санасезіміндегі қайшылықтарды шешу;

ІІІ.Қорытынды:мақсаты:балаларды дербес әрекетттенуге үйрету.

Кіріспе:

І.1. Танысу.Балалар өз аттарын атап,өзі туралы:-Менің ең жақсы және жаман қасиеттерім,нені ұнатамын,нені ұнатпаймын.

2.Доппен ойын.Бір бірінін атын есінде сақтау үшін ойынға допты қолданамыз.Балалар шеңберде тұрып,бір біріне допты лақтырады,допты лақтырған бала кімге лақтырған баланың атын атайды.Доп әр баланың қолында болы керек.

3.Топтық жұмыстың ережесі.Тәрбиеші балаларға:-Топта,өмірдегідей бір белгілі ережелер бар,және оны сақтауымыз керек.

Ереже:1: «3 болмайды»-төбелесуге

                                          -тістеуге

                                          -мазақтауға

2. «Тоқта»-әр бала өзіне ұнамаған және жағымсыз жағдайларда,әрекеттерді орындаудан,талдаудан бас тартуға құқылы.

3. «Құпия»Топтық ойын-жаттығулар кезінде алынған мәлімет, ақпараттарды таратуға тиым салынады.

4.Ойын немесе жаттығулар.1,2 сабақтарда балалардың қысылуларын шешу үшін,өз-ара қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік тудыру үшін ойындарды қолдануға болады:

 «Алақандар»

Балалар,көздерін жұмып,қолдарын алға созып,топ ішінде жүре бастайды,қолдарын бір біріне тигізеді.

Мақсаты:-Өзіне ұнайтын жағымды қолды табу (үнсіз ойын)3-4 мин көздерін ашып,кімнің қолын ұстағанын атайды.

Ойын:«Таңдау»Барлық балалар 2 топқа бөлінеді.1 топ ішкі шеңберді құрайды,сыртқа қарап тұрады,екінші топтың балалары сыртқы шеңберді құрайды,ішке қарап жұптасып тұрады.Тапсырма:1,2,3-санына саусақ арқылы нақты әрекетке дайын екенін көрсетеді.

1.саусақ- «мырс етіп,теріс айналу

2. саусақ-  «қарсыласының қолын қысу»

3. саусақ «бала құшақтасуға дайын»

аз саусақ көрсеткен баланың әрекеті қайталанады.Мысалы:Егер біреу бір саусақ көрсетсе,екіншісі үш саусақ көрсетсе,екеу де «мырс етіп,теріс айналады»

Ары қарай,ішкі шеңбердің балалары орнында қалады,ал сыртқы шеңбердің балалары сағат бойымен келесі балаға ауысады.Ойын әр бала өзінің бастапқы орнына келмегенше жалғаса береді.

5.Тәрбиеші балаларға әр сабақта ертегілер,айтатынын ескертеді.Балалар ұнаған орындарға орналасады.

1. «Танысу»немесе «кіріспе»ертегісі.

Күндердің бір жылы көктемгі күнінде,бір үлкен үігірдің ішіне....адамдар жиналыпты.Олардың ішінде.....ұлдар,.....қыздар болыпты.Тіпті арасында бір үлкен ересек адам да бар екен.Ол өзін бала сияқты ұстаған кездері де болыпты.Жиналған адамдар бір бірлерінен ерекше және әр түрлі екен.Олардың әрқайсысының өз қуанышы мен уайымы,қиындығы мен өнері,өз құпиясы,жалпы барлығы қарапайым адамдар сияқты болыпты. Тек оларға бұл үнгірде бірге бақандай 10 күн өмір сүрулеріне тура келеді.Тату-тәтті,ұрыспай өмір сүру үшін оларға бірін бірі білу өте маңызды.Сөйтіп кімнің кім екенін біле бастайды.

Менің атым.....

Ал мен ......

Барлығы кезекпен өз аттарын атайды.

-Әр қайсымыз нені бәрінен де жақсы істей аламыз? Бұл бізге осы үңгірде аман қалу үшін маңызды.Әр қайсысы кезек кезек жауап береді.

-Әр қайсымыз нені ешқашан істемегенбіз және істей алмағанбыз? (Ол туралы сұрамау үшін немесе соны істеуге үйрету үшін)Бізге бір бірімізбен тіл табысу өте маңызды.Сондықтан бір біріміздің ерекшелігімізді  көбірек білу өте маңызды.Әр қайсымыз өзіміздің 3 жақсы қасиеттерімізді айтайықшы.(Әр қайсысы жауап береді.) Әр адамда өзінің кемшілігі мен артықшылығы болады.Сондықтан өздеріңе ұнамайтын қылықтарыңды айтыңдар(жауап)Не сенің ызаңды келтіреді?Осы сәтте айналаң саған қалай көмектесе алады?

6.Өмірдегі ең үлкен қиындық? (жауап)

-Ең үлкен арманың? (жауап)

Енді олар бір бірі туралы көбірек біліп,кемшіліктері мен артықшылықтарын білді.Бір бірін қандай пәлеге ұшырағандықтарын білгендіктен,олар бір біріне қиянат жасамайтын болды.Бір біріне әбден көңілдері толып,тірек болды.

«Тамшы туралы ертегі»

6.Ертегіні тыңдап болған соң,психолог балаларға ертегі желісі бойынша сурет салуды ұсынады. Сурет салып болған соң,суреттер ортаға қойылады.Әр бала өз суреті бойынша әңгімелейді

-Суретте не салынған?

-Бұл суретте қандай көңіл-күй?

-Не болды және не болады?(балаға сұрақ қойылады)

Балалардың жиі өзінің суретіне көңілдері толмайды.Осы жағдайда балаға қайта салуға мүмкіншілік беріліп,көмек көрсету қажет.

Сабақтың аяқталуы:сонында қысқаша талдап,бүгінгі  ойын бөлмесінде не өткенін,не ұнаганын,қандай жаңалықтармен танысқанын анықтау.Соңында дәстүрлі жаттығуды немесе ойынды қолданады.Мысалы: «Бағалар»ойыны,

1,2,3 дегенде әр қатысушы бүгінгі сабаққа қойған бағасын көрсетеді.

ІІ кезең

Баланың эмоциялық қиыншылықтарына бағытталған.Сабақтын құрылымы өзгермейді,тек ұсынылған жаттығулар мен ойындар,ертегілер өзгереді.

ІІІ сабақ.

1.Ұжымдық сезімді қолдауды қалыптастыруға бағытталған.Ақырғы кездесуден бері әр бір  баламен қандай өзгерістер болғанын талдау.

Балаға өзі қуанышымен,реніштерімен,жетістіктерімен бөлісу ұсынылады.Жиі баланың өмірдегі қиыншылықтарды тиімді жолмен шешу жөнінде пікір-талас өтеді.

2.Ойын: «Сәлеметсіз бе»

Балалар шеңберге тұрады.Әр бала сәлеметсіз бе! Мен...(.өз атын атайды).Бұл сөзді бала сол кездегі көңіл-күйімен,дауыс ырғағымен айтады.Барлық топ солай қайталайды.Ойын жалғаса береді.Сонымен топ,әр бір ойыншыны кемшіліктер мен   артықшықтарымен қабылдайды.

Ойын: «Майшаммен»

Психолог алдын ала бұл жауапкершілікті талап ететін ойын екенін айтып өтеді.Себебі ойын тек бір-біріне жан ашитын,қамқор  болатын балалар ғана ойнайды.Ойында өте тыныш және тиянақты болу керек.балалар шеңбер бойымен тұрып,үнсіз бір біріне жанып тұрған майшамды береді.Келесі балаға майшамды алу оңай және жеңіл болу үшін.Ойын қызықты өту үшін бөлмедегі жарықты өшіріп қою керек.Бұл жерде ойынды өзгертуге де болады.....

«Тірек» ойыны

Екі адам бір-бірінің арқасына сүйеніп тұрады.Бірге отырып,бірге тұрады.Бұл жаттығу сенімділікті және бір бірін қолдау сезімін қалыптастырады.

«Бұтақ» ертегісі.

Ертегі соңында,балаларға жұптасып сурет салу ұсынылады.Суреттер дайындалып,сабаққа қорытынды жасалады,қоштасу дәстүрі өткізіледі.

ІV.Балалардың күші мен әлсіздігіне,агрессия мәселесіне арналған.

Әдетте 4 сабаққа қарай ойын бөлмесіндегі балалардың агрессиясы күшейеді.Бұл қалыпты жағдай.Психологтың міндеті: балаға өз агресссиясын әлеуметке қолайлы түрде,айналасы зардап шекпейтіндей білдіруге мүмкіндік беру.Баланың агрессивті болуынын себептерін анықтау маңызды.

-Баланың өзін жоғары санауы.

-Ішкі жан дүниесінің сенімсіздігі,айналасына бірінші болып шабуыл жасайды.Ойын және жаттығулар арқылы өз агресссиясын шығаруға мүмкіншілік беру.

І.Қатты қағаз,үрленген шарлар,қатты әуенмен,айғайлап билеуді ұсыну.

Бұл жеткіліксіз болса қағазды ұсақтап жыртуды,қатты қағазбен жерді ұруды ұсыну.

ІІ.Жаттығудан соң балаларға кілемге жатып,көздерін жұмып, демалуды ұсынады.Осы кезде баяу музыка қосуға болады 10-15 мин.

ІІІ.Осыдан кейін психолог балаларды шеңберге тұрғызып,өз әсерлерімен,сезімдерімен,уайымдарымен бөлісуді ұсынады.

Төбелесқор адам күшті ме?  Кім әлді? Кім әлсіз?

«Күш»  туралы  ертегі

V.Балалардың арасында бір біріне ренжитін,өз режігендерін айта алмай жүрген балалар жиі кездеседі.Осы сабақта өз реніштерін вербалды түрде,сурет арқылы,т.б көрсетуге жағдай жасалады.

1.Өткен кездесуден бүгінгі күнге дейін балалар өздерінде   болған сәтсіздіктері мен жетістіктері туралы айтады.

2.Психолог :-Бүгін біз реніштер туралы сөйлесеміз,деп хабарлайды.Балаларға бұл сезімнің пайдасы мен зияны жайлы айтып,бірге талдайды.Балаларға ренжіп тұрған адамды мимика,ым-ишара арқылы көрсетуді ұсынады.Әр бір қатысушы өзінің ұмыта алмай жүрген қатты реніші туралы айтады.

«Ренжу» туралы ертегі.

5.-Ал енді,балалар өздеріңнін реніштеріңді,суреттерді талдау.

6. «Шарлар»ойыны

Балаларға шарларды беріп,ол өз реніштерін сыртқа шығарамын дегендерге арналған шарлар екені айтылады.Әрбір бала өзін мазалап жүрген ең үлкен реніші туралы айтып,шарды үрлеп,сонын ішіне шығарып жібереді.Шар жарылғанда барлық реніштер жойылады.Кейбір бала шардың өз бетімен жарылғанын күтсе,кейбіреуі шарды инемен теседі.

7.Сабақты қорытындылау.Қоштасу рәсімі.

VІ сабақ.Өзін төмен бағалау мен,өзіне сенімсіз болу балалық мәселесіне арналған.

-ұялшақтық,қысылу,агрессивті тәртіп.

1. Сабақ ақырғы кезде әрбір баламен не жаңалық болғанын білуден басталады.

2.«Мен» ойыны(өз-өзіне сенімсіздікке арналған)

Барлық бала шеңберге отырады.Бір бала ортаға шығып,біреуге қарама-қарсы тұрып,дауысын шығарып, Мен дейді,ал қарсы отырған бала оның ең жақсы қасиетін айтады.Мысалы: Мен мейірімдімін,Мен батылмын т.б.Мақтау алып,бастаушы келесі балаға қарап: Мен дейді,ақырңы балаға жеткесін,келесі бала ортаға шығады.

3. «Батыл құрбақа»

4.Сурет.Бұл сабақтабарлық балалар « Өзім туралы» кітап жасауды бастайды.Ол үшін әрбір балада өзінің фотосы,таза альбом,фломастерлар,желім болу керек.Ол кітаптың бірінші бетінде өзінің фотосы,ары қарай өзі әшекейлеуіне болады.Өзі туралы жақсы сөздер,өзінің атын.Басқа беттері баланың өз қалауы бойынша толықтырылады.Нені ұнатады?Нені ұнатпайды? Сүйікті достары,жақын туыстары. Өз кітабына салған суреттерімен  басқа балалармен бөліскісі келсе,әр бір сабақтың соңында психолог5-7 мин уақыт береді.

5.Кітаптарындағы суреттеді топпен талдау.

VІІ.Әр түрлі сезімдер мен эмоциялар.

1.Бұл сабақта балалар,өз сезімдерімен бірге өзгелердің де сезімдерін бақылап,танысады,ажыратады.Адамдар өз сезімдерін сөзсіз қимылмен,ыммен,ишарамен жеткізе алады.Талдау.Оң және теріс эмоциялардың болуы,және адамға қалай көмектесетіні туралы айту.

2.Ойындар мен жаттығулар.1)Балалар жұптарға бөлінеді.Біреу сезімді қимылмен көрсетсе,екіншісі оны тауып айтуы керек.

2) «Билер»-барлық балалар 2 топқа бөлінеді,бір топ сезімдерін бимен көрсетеді,екінші топ табады.

3.Сезімдер туралы ертегі.

VІІІ сабақ  ұялшақтыққа арналған .

«Ұялшақ»туралы ертегі.

3.Бейнелеу

Бұл сабақта үлекен ақ қағазғасаусақпен  сурет салу тиімді,өйткені бұл тәсіл баланың ашылуына,босаңсуына пайдасы зор.

4.Суретті талдау.Сабақты қорытындылау,қоштасу.

 

 

 

 

 

 

 

 

ІX-X сабақ.Толығымен мазмұнды ойын ретінде өткізуге болады. алады.Бұл кез келген ойын болуы мүмкін. Сабақтың сонында балалар не үйренгенін,не білгендерін ортаға салады.Ол үшін топта мерекелік үстел жайюға болады.Осы мерекеге ата-аналарды шақыруға болады.Және олар мен бірге ойнауға болады.Мерекені «арман шарларын»үрлеу арқылы аяқтауға болады.Арманың шар жарылса және ұшып кетсе орындалады.Балалардың психологиялық  мәселелерін емдеуге арналған ертегілер.

    

   Психологиялық   мәселе

 

        

  Тиімді емдік ертегі

 

Отбасылық мәселелер (жанжал,

ата-анасының айырылысуы,қатал көзғарас)

 

 

 Күйзеліс, балалық байбалам салу,дағдарыс

 

 

Қорқынышты жеңу

 

 

 

Өзінің киімдерін,ойыншықтарын жинауға,таза ұстауға құлықсыз

 

Сараңдық,біреуге көмектесуге,бөлісуге құлықсыз

 

Егуден бас тарту,қорқу

 

 Жуынудан,тісті  тазалаудан бас тарту

 

«Аяз», «Кішкентай Хаврошка», «Ағайынды Аленушка мен  Иванушка», «Ақшақар», «Қызғылт гүл», «Күлше қыз»

 

«Ұйқыдағы ару», «Қар бүршік ханымы», «Ханшайым бақа», «Сұр мойын»

 

«Қызыл телпек», «Аққу-қаздар», «Қасқыр мен жеті лақ», «Жалмауыз кемпір»

 

«Пұшайт Федора»

 

 

«Бір қап алма»

 

 

«Егуден қорқатын бегемот»

 

«Мойдодыр»ертегісі

 

«Основы сказкотерапии»атты кітабында психология докторы Т.Д.Зинкевич-Евстигнеева белгілі  «Бауырсақ» ертегісін қалай ертегі терапиясында қолдануға болатынын көрсеткен.

Бауырсақ  уақиғасында біз үшін көптеген жолдаулар бар. Тауып көрейик. Есіңде ме ертегі қалай басталады? Ертеде бір шал мен кемпір болыпты. Шал кемпірден бауырсақ пісіруді сұрапты. Неден  пісіретіні белгісіз,себебі өздері кедей тұрған екен.Бірақ кемпір қойма түбін қырнап,қырнап,екі уыс ұн табады. Бұнымен бізге ертегі не айтқысы келді? Иә,ертегі бізге қор жинауды үйретеді. Өмірде әр түрлі жағдайлар болады,сондықтан қорың болу керек.Сонымен,  ертегілік бірінші сабақ-аш болмау үшін –алдын ала қор жина.Есімізге сақтайық!

Ары қарай ертегіде не болды?Кемпір Қаймаққа шылап,бауырсақты пісіріп,терезе алдына суытқалы қояды.Неге  кемпір терезе алдына бауырсақты  қойды? Мүмкін өте ыстық тамақ біз үшін зиян болғандықтан?Сондықтан екінші ертегі сабағы-аса ыстық тамақты ішпе,дәмін татқың келсе де асықпа.

Ары қарай біздің ертегідегі  бауырсақ жанданады!Терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі.Бұнын астарында не жасырылған?Мүмкін бауырсақты жалғыз қалтырмау деген ақыл? Кім дәл бауырсақтай жасайды?Әрине,бала! Мүмкін,үшінші ертегі сабағын барлық ата аналар түсініп алу керек? Балаларды қараусыз қалтырмауды үйретеді ертегі.

Орман жолында  бауырсақ  кімдерді кездестіреді?Алдымен Қоянды,сосын Қасқырды және Аюды.Барлығы оны жегісі келеді,обауырсақ  болса оларға һз әнін салады. «Атадан да құтылдым,әжейден де құтылдым....» Ертегі бізге нені үйретеді? Әрине,біріншіден шошымау,егер де біреу қауіп төндірсе. Қиындықтан шығу үшін бауырсақ ертегіде  қандай әдісті таңдайды ?Иә,ол әндетіп,қашып кетеді. Бірақ не туралы ол ән салады? «Қояннан да сытылдым,қасқыр сенен құтылу қиын емес бұл маған...»

Бауырсақ ән айтып не істейді?Әрине,ол мақтанады,сосын қашады.Бауырсақ бізге қиын жағдайда сасқалақтамай,шошымай,керісінше,қиындықтан шығу әдісін ойлап табуды үйретеді. Бауырсақтың әнінен мақтанғанын түсіндік.Және ары қарай ертегіден  бауырсақтың ол ісі неге әкелгенін білдік.Қу түлкі бауысақты жеп қойды.Ойланып көреійікші,бұл жағдайда ертегі бізге не үйретеді?Мақтаншақ әндер бұрын көмектескен мен ,жақсылыққа әкелмейді.Сондықтан,бесінші ертегі сабағы- орманда болып,қиын жағлһдайға түскенде,абай бол,себебі,қауіпті адамдар,аңдар,өз ниеттерін  тура айта бермейді  ( «Мен сені жеймін»,деп ).Бұл өте маңызды өмірлік сабақ.

         

 

 

 

 

 

 

 

 Ертегі терапиясы бойынша 4-7 жастағы балаларға арналған бір жылдық перспективтік жоспары.

Р/с

Ай

Таырыбы

Мақсаты

1.

Қыркүйек

1. «Алақандар»     «Таңдау»

  ойындары

 «Танысу»немесе «кіріспе»ертегісі.

 

Мақсаты:Балаларды бір топқа біріктіру,тәрбиешіге деген сенімін қалыптастыру.

 

2.

Қазан

«Тамшы туралы ертегі»

 

Баланың эмоциялық қиыншылықтарына бағытталған.Сабақтын құрылымы өзгермейді,тек ұсынылған жаттығулар мен ойындар,ертегілер өзгереді.

 

3.

Қараша

2.Ойын: «Сәлеметсіз бе» Ойын: «Майшаммен»

«Бұтақ»ертегісі

 

 

1.Ұжымдық сезімді қолдауды қалыптастыруға бағытталған

4.

Желтоқсан

«Күш»  туралы  ертегі

 

ІV.Балалардың күші мен әлсіздігіне,агрессия мәселесіне арналған.

 

5.

Қаңтар

 «Ренжу» туралы ертегі.

 «Шарлар»ойыны

бұл сезімнің пайдасы мен зияны жайлы айтып,бірге талдайды

6.

Ақпан

«Мен» ойыны«Батыл құрбақа»ертегісі

 

Өзін төмен бағалау мен,өзіне сенімсіз болу балалық мәселесіне арналған.

-ұялшақтық,қысылу,агрессивті тәртіп.

 

7.

Наурыз

 «Билер»жаттығуы

.Сезімдер туралы ертегі.

 

1.Бұл сабақта балалар,өз сезімдерімен бірге өзгелердің де сезімдерін бақылап,танысады,ажыратады.Адамдар өз сезімдерін сөзсіз қимылмен,ыммен,ишарамен жеткізе алады

8.

Сәуір

«Ұялшақ»туралы ертегі.

 

Ұялшақтықты жеңу

 

9.

Мамыр

«Үйді қалау» ойыны

Алған білімдерін бекіту

 

 

Ата-аналармен ертегі терапиясы бойынша  кеңестер  жоспары

Р/с

Айы

Тақырыбы

Мақсаты

1.

Қыркүек

«Қалай қонжық бал жеуді үйренді?»

 

есейіп кеткен баланы кеудеден айыруға арналған ертегі.

 

2.

Қазан

Айға ұшу.

 

Бұл ертегі өз-ара тіл табыса алмай,бір бірін ренжітетін балаларға арналған.

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

 

Ертегі терапиясы арқылы

ертегі кейіпкерлерімен бірге бала:

-мейірімді  болуды  үйренеді

-батыл  болуды  үйренеді

-шынайы  болуды  үіренеді

-қойған  мақсаттарына жетуге үйренеді

-жақындарын  сүйуге  үйренеді

-қиын мәселелерді  шешу жолдарымен танысады

–өз өзіне сенімді болуды үйренеді

-айналасындағы әлемді және адами өзара қарым-қатынасты түсінеді

-өз мінезін жұмсақ түрде түзетеді.