Телефон доверия
8 (7182)650607
Адрес: г.Павлодар, ул. Майры, д. 41/1 8(7182)655540-руководитель
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда, пятница 16.00-18.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
"Асық ату"

Асық ойыны

 

Асық төрт түлік малдардың буындарына біткен шымыр сүйегінен алынады.Асық ойыны қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Ұсақ малдың (қой, ешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек - асықтай ойналады. Иіргенде түскен алпына қарай асық - алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арналған арнайы қорғасын құйылып жасалғаны- сақа, оң қолмен атуға ыңғайлысы - оңқы асық аталады.Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар, тәйке, омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, Салмақты қолға қолайлы және ойнағанда мерейің жоғары болып жүреді. Тиген асықтар быт-шыт болып жан-жаққа бытырай ұшады. Кемі екі баладан бастап қанша бала ойнасаң да болады. Үлкен мен кіші бір-біріне қамқор болып келісіп ойнасаң да, құрдас пен құрдас бір-біріңе бәсекелесіп ойнасаң да, үлкен мен кіші бір-біріңді сынай ойнасаң да әбден болады. Жүгіресің, секіресің, көздейсің, тигізесің, ерегесесің, жеңесің, жеңілесің, ұтасың, ұтылысың, асыққа бай боласың, жоқ боласың. Таза бәсеке, таза тәрбие. Өтірігі, арамдығы, жалғандығы жоқ. Болмайды да. Ұлттық тәрбие. Ұлттық ойын. Спорт ойыны, спорттық бәсеке. Шеберлікке, мергендікке, батылдыққа, шешімдікке, ырымға, ырысқа тәрбиелейді. Міне асық ойынының кереметі деп осыны айт!

Ойын:  «Ханталапай»

Шарты:  
           Бұл ойынға 5 немесе 10 бала қатыса алады. Көп асықтың ең ірісін қызыл түске бояп қояды. Бұл асық «хан» асығы.
Асықтар тізіліп қойылады да бастаушы хан асығымен оларды көздеп құлатады. Құлаған асықтарды жинап алады. Егер хан асығы бүк, шік, тайқы - қалыптарымен түссе, бастаушы жақын құлаған асықтарды ата береді.
Егер бастаушы асықтарды қолымен құлатып алса немесе басқа асықтарымен атса, онда ойынды келесі бала жалғастырады. Ең соңында хан асығы кімнің қасында қалса, сол бала жеңіске жетеді. Келесі ойынды жеңіске жеткен бала жалғастырады.